Заңды қайталау Chapter 21

For English

Read Заңды қайталау Chapter 21 Online

Read Заңды қайталау Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Заңды қайталау 21

Тарау 21

1. Құдайларың Жаратқан Ие сендерге иемденуге табыстап отырған елдегі ашық далада өлген кісінің сүйегі табылса және оны кім өлтіргені беймәлім болса,

2. онда былай істеулерің керек: сендердің ақсақалдарың мен төрешілерің сүйек табылған жерге барып, оның маңайындағы жақын орналасқан елді мекендерге дейінгі қашықтықты өлшесін.

3. Мұнан кейін сүйекке ең жақын жатқан елді мекеннің ақсақалдары ешқашан жұмысқа жегілмеген жас сиырды таңдап алсын.

4. Малды топырағы жыртылып, тұқым себілмеген, суы тоқтаусыз ағып жатқан бір сайға алып барсын. Олар сайдың ішінде сиырдың мойнын үзсін.

5. Сонда леуілік діни қызметкерлер алға шықсын. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие Өзіне қызмет етіп, өз атынан бата беріп, әрбір дау мен шабуыл жайлы үкім шығаруға оларды таңдап алған.

6. Өлген адамның сүйегі табылған жерге ең жақын орналасқан елді мекеннің барлық ақсақалдары сол сайда мойны үзілген сиырдың үстінде қолдарын жуып, былай десін:

7. «Осы кісінің қанын төккен біздің қолдарымыз емес, сол қылмысты кім істегенін де көздеріміз көрген жоқ!

8. Уа, Жаратқан Ие, Өзің құтқарған халқың Исраилден осы құрбандықты қабылдап, кешірім бере гөр! Жазықсыз өлтірілген осы кісінің қанын халқыңның мойнына жүктей көрме». Сонда олар сол төгілген қанның кінәсінен тазарады.

9. Бұлай істегендеріңді Жаратқан Ие құптап, жазықсыз өлтірілген кісінің қанының кінәсі сендерден алынып тасталады.

10. Сендер жауларыңа қарсы соғысқа шығып, Құдайларың Жаратқан Ие оларды қолдарыңа табыстап, тұтқынға алғанда,

11. араларынан бір көрікті әйел затын көріп, ұнатып қалсаң, оған үйленуіңе болады.

12. Сол әйелді үйіңе әкеліп, шаш-тырнағын алғызып,

13. қолға түскенде киіп жүрген киімдерін ауыстырғызуың керек. Әйел сенің үйіңде толық бір ай бойы тұрып, әке-шешесін жоқтасын. Содан кейін онымен жақындасып, сен оған күйеу, ол саған әйел боласыңдар.

14. Ал егер кейінірек ұнатпай қалсаң, оны қалаған жағына қоя беруің керек. Оны сатуға немесе өзіңе күң етіп алуыңа болмайды, себебі оның абыройын төктің.

15. Бір адамның екі әйелі болып, ол біріншісін сүйіп, екіншісін жаратпаса, әрі екі әйелі де оған ұл туып берсе, ал тұңғыш ұлын жаратпайтын әйелінен көрген болса,

16. сол адамның мал-мүлкін балаларына мұра етіп үлестіргенде, тұңғыш ұлға тиісті мұраны өзінің нағыз тұңғышына емес, сүйетін әйелінен туған ұлына беруге қақы жоқ.

17. Ол жақтырмайтын әйелінен туған шын тұңғышын танып, оған тиісті екі есе үлкен үлесті беруі керек. Тұңғыш ұл — әкесінің қайратының тұңғышы, сондықтан тұңғыштың мұрасы онікі.

18. Егер біреудің баласы әке-шешесіне мойынсұнбайтын қиқар болып, жөнге салғанмен оларды мүлдем тыңдамайтын болса,

19. онда әке-шешесі оны ұстап, ақсақалдардың алдына алып келсін.

20. Оларға былай десін: «Мына баламыз бізге мойынсұнбайтын қиқар, былапыттап ішіп-жеп, айтқанымызды тыңдамайды».

21. Сонда қаланың барлық адамдары оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Бүкіл Исраил халқы мұны естіп, (жамандық істеуден) қорқатын болады.

22. Егер ауыр қылмысы үшін өлімге кесілген бір кісінің мәйітін ағашқа іліп қоятын болсаңдар,

23. оны түні бойы ағашта қалдырмай, сол күні жерлеңдер. Себебі ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады. Осылайша Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге табыстап отырған елді арамданып кетуден сақтаңдар!

About Заңды қайталау Chapter 21

Read Заңды қайталау Chapter 21 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Заңды қайталау
Chapter: 21
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Заңды қайталау Chapter 21 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Заңды қайталау Chapter 21?

Заңды қайталау Chapter 21 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 21 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from заңды қайталау

  1. Заңды қайталау Chapter 13
  2. Заңды қайталау Chapter 10
  3. Заңды қайталау Chapter 31
  4. Заңды қайталау Chapter 2
  5. Заңды қайталау Chapter 12
  6. Заңды қайталау Chapter 9
  7. Заңды қайталау Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Аян Chapter 11
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 11
  3. Еремия Chapter 46
  4. Забур жырлары Chapter 33
  5. Марқа Chapter 1
  6. Римдіктерге Chapter 11
  7. Ишая Chapter 51
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *