Мысырдан шығу Chapter 5

For English

Read Мысырдан шығу Chapter 5 Online

Read Мысырдан шығу Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Мысырдан шығу 5

Тарау 5

1. Бұдан кейін Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, оған былай деді: — Исраилдің сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мынаны айтады: «Менің халқымды жібер! Олар айдалаға барып, Маған арнап мейрам өткізсін». —

2. Алайда перғауын: — Мен айтқанына құлақ асып, исраилдіктерді жіберетіндей «Жаратқан Ие» деген кім? Мен «Жаратқан Иені» білмеймін де, Исраил халқын жібермеймін де, — деп жауап қатты.

3. Бірақ екеуі: — Бізге исраилдіктердің Құдайы аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға рұқсат етіңіз. Әйтпесе Ол бізді індетпен не соғыспен жазалайды, — деп нық айтты.

4. Ал Мысырдың патшасы: — Ей, Мұса, Һарон, неге халықты арандатып, міндеттерінен алаңдатасыңдар? Өз жұмыстарыңа қайтып барыңдар! — деп бұйырды.

5. Ол: — Елдеріңнің халқы тым көп, ал сендер оларды жұмыстарынан қалдырып демалдырып тұрсыңдар, — деп те наразылығын білдірді.

6. Сол күні перғауын елдегі құл айдаушылар мен бақылаушыларына арнап мынадай әмір берді:

7. «Бұдан былай исраилдіктерге кірпіш құю үшін бұрынғыдай сабан бермеңдер! Өздері барып, жинап әкелетін болсын!

8. Алайда олардың бұрынғы мөлшердегідей кірпіш құюларын талап етіп, қажетті кірпіш санын еш кемітпеңдер! Олар жалқау, сондықтан да: «Біз барып, Құдайымызға арнап құрбандық шалайық!» деп айқай салып жүр.

9. Жұмыстарын қиындатыңдар! Олар құр сөздерге ден қоймай, жұмыс істесін!»

10. Құл айдаушылар мен бақылаушылар барып, халыққа жар салып: «Перғауынның әмірі мынау: Бұдан былай сендерге сабан берілмейді.

11. Қайдан тапсаңдар одан табыңдар, сабанды өздерің барып жинаңдар! Алайда құятын кірпіштеріңнің саны кемітілмей, сол күйінде қалады!» — деді.

12. Сонда халық Мысырдың түкпір-түкпіріне тарап, сабан орнына орылған егістіктерде қалған сабақтарды жинаумен айналысты.

13. Құл айдаушылар халықты: «Күнделікті атқарған жұмыс көлемдерің сабанмен қамтамасыз етілген кездегідей болсын!» — деп қыспақтай берді.

14. Олар өздері тағайындаған исраилдік бақылаушыларды: «Неге сендер кеше де, бүгін де кірпіш мөлшерін бұрынғыдай етіп өткізбедіңдер?» — деп, соққының астына алды.

15. Сонда исраилдік бақылаушылар перғауынның алдына барып: — Тақсыр, құлдарыңызға неге бұлай істейсіз?

16. Бізге сабан берілмейді, алайда кірпіш құю талап етіледі. Міне, құлдарыңызды ұрып-соғады, бірақ бәріне кінәлі өз халқыңыз, — деп жалбарынды.

17. Бірақ перғауын: — Жоқ, сендер еріншек, жалқаусыңдар! Сондықтан да «Біз барып, Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалайық!» дей бересіңдер.

18. Барыңдар, жұмыс істеңдер! Сабан берілмейді, ал кірпіштің тиісті санын бәрібір дайындап өткізуге міндеттісіңдер! — деп кесіп айтты.

19. «Күнделікті дайындалуға тиісті кірпіш санын еш кемітпейсіңдер!» деген үзілді-кесілді сөздерден исраилдік бақылаушылар халдерінің мүшкілдігін ұқты.

20. Олар перғауыннан шығып келе жатқанда өздерін күтіп тұрған Мұса мен Һаронға жолығып:

21. «Жаратқан Ие сендерге назар салып, үкімін шығарсын! Өйткені сендер бізді перғауын мен оның нөкерлерінің алдында сасық нәрседей жиренішті еттіңдер! Көзімізді құрту үшін олардың қолдарына қару ұстатып қойдыңдар!» — деп бұларға кінә артты.

22. Содан Мұса қайтадан Жаратқан Иеге сиынып: — Уа, Ием, бұл халықты осыншама азапқа неліктен душар еттің? Мені не үшін жібердің?

23. Мен перғауынға барып, Сенің хабарыңды жеткізгеннен бері ол халықты бұрынғыдан бетер азапқа салып келеді. Ал Өзің халқыңды құтқарамын дегенмен, құтқармадың! — деп налыды.

About Мысырдан шығу Chapter 5

Read Мысырдан шығу Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Мысырдан шығу
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Мысырдан шығу Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Мысырдан шығу Chapter 5?

Мысырдан шығу Chapter 5 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from мысырдан шығу

  1. Мысырдан шығу Chapter 18
  2. Мысырдан шығу Chapter 24
  3. Мысырдан шығу Chapter 25
  4. Мысырдан шығу Chapter 4
  5. Мысырдан шығу Chapter 30
  6. Мысырдан шығу Chapter 19
  7. Мысырдан шығу Chapter 39

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 8
  2. Нақыл сөздер Chapter 2
  3. Нақыл сөздер Chapter 19
  4. Патшалықтар 2-ж Chapter 18
  5. Еремия Chapter 16
  6. Забур жырлары Chapter 68
  7. Ишая Chapter 9
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *