Руларды санау Chapter 34

For English

Read Руларды санау Chapter 34 Online

Read Руларды санау Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Руларды санау 34

Тарау 34

1. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:

2. «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Сендер Қанахан еліне кіргенде, мұралық меншіктерің болатын Қанахан елі мен оның шекаралары мынау болады:

3. Елдеріңнің оңтүстік бөлігі Сін даласынан басталып, Едомның шекарасын бойлай орналасатын болады. Сендердің оңтүстік шекараларың шығыстағы Өлі (Тұзды) теңіздің шетінен басталады.

4. Содан соң шекара оңтүстікке бұрылып, Шаяндар асуынан өтіп, Сін (даласы) арқылы Қадеш-Барнидің оңтүстік жағына дейін жетеді. Содан шекара Хасар-Адарға, одан әрі Асмонға қарай ұласып,

5. Асмоннан Мысырмен шекарадағы өзенге қарай бұрылып, сол арқылы үлкен теңізге дейін жетіп аяқталады.

6. Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы.

7. Солтүстік шекараларың үшін Жерорта теңізінен (солтүстіктегі) Һор тауына дейін,

8. ал Һор тауынан Лебо-Хаматқа дейін шек белгілеңдер. Сол жерден шекара Седадқа дейін жететін болады.

9. Одан әрі шекара Сифронға қарай жалғасып, Хасар-Енанда бітеді. Сендердің солтүстік шекараларың, міне, осы.

10. Шығыс шекараларың үшін Хасар-Енаннан оңтүстікке қарай Шефамға дейін шекара белгілеңдер.

11. Шекара Шефамнан Аинның шығысындағы Риблаға дейін созылып, Кінерет (яғни Ғалилея) көлінің шығысындағы қыраттардың үстімен өтеді.

12. Одан Иордан өзенінің бойымен Өлі теңізге дейін жетіп аяқталады. Өздеріңе тиісті елдерің және оның жан-жағындағы шекаралары, міне, осылар болады».

13. Мұнан кейін Мұса исраилдіктерге өсиеттеп бұйрық беріп былай деді: «Иордан өзенінің арғы жағына өтіп, сонда қоныстанайын деп жатқан тоғыз ру мен бір рудың жартысына Жаратқан Иенің жеребе арқылы үлестіріліп берілсін деп бұйырған жері — осы.

14. Себебі Рубен, Ғад рулары және Манаса руының жартысы өздерінің меншікті жерлерін өз әулеттері бойынша

15. Иерихонның маңынан өтетін Иордан өзенінің шығыс жағынан алып қойды».

16. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

17. «Сендерге елді мұралық меншіктеріңе үлестіріп беретін адамдардың есімдері мыналар: діни қызметкер Елазар және Нұн ұлы Ешуа.

18. Елді үлестіріп беруге көмектесу үшін әрбір рудан бір-бір жетекшіден тағайындаңдар.

19. Сол адамдардың есімдері мыналар: Яһуда руынан Ефунне ұлы Халеп,

20. Шимон руынан Амиһуд ұлы Самуил,

21. Бунямин руынан Қислон ұлы Елидад,

22. Дан руынан жетекшісі Жоғли ұлы Буки,

23. Жүсіптің ұлдарынан тараған екі рудан Манаса руынан жетекшісі Ефод ұлы Ханиел,

24. Ефрем руынан жетекшісі Шифтан ұлы Кемуел,

25. Забулон руынан жетекшісі Парнах ұлы Елзапан,

26. Исашар руынан жетекшісі Аззан ұлы Палтиел,

27. Ашир руынан жетекшісі Шеломи ұлы Ахиһуд,

28. Нафталим руынан жетекшісі Амиһуд ұлы Педахил».

29. Жаратқан Ие исраилдіктерге Қанахан елінде мұралық жерлерін үлестіріп беруге осы адамдарды тағайындады.

About Руларды санау Chapter 34

Read Руларды санау Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 34
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 34 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 34?

Руларды санау Chapter 34 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 34 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 36
  2. Руларды санау Chapter 13
  3. Руларды санау Chapter 17
  4. Руларды санау Chapter 12
  5. Руларды санау Chapter 27
  6. Руларды санау Chapter 18
  7. Руларды санау Chapter 9

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 28
  2. Зәкәрия Chapter 8
  3. Мысырдан шығу Chapter 36
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 15
  5. Лұқа Chapter 14
  6. Забур жырлары Chapter 16
  7. Еремия Chapter 13
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *