Руларды санау Chapter 2

For English

Read Руларды санау Chapter 2 Online

Read Руларды санау Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 2

Тарау 2

1. Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді:

2. — Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін.

3. Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон.

4. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз.

5. Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел.

6. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз.

7. Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп.

8. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз.

9. Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын.

10. Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур.

11. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз.

12. Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел.

13. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз.

14. Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф.

15. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу.

16. Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын.

17. Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін.

18. Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амиһуд ұлы Әлишама.

19. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз.

20. Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел.

21. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз.

22. Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан.

23. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз.

24. Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды.

25. Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер.

26. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — алпыс екі мың жеті жүз.

27. Одан кейін Ашир руы қостарын тігеді. Аширдің рубасы — Охран ұлы Пагиел.

28. Рудағы санақтан өткен жасақшылардың саны — қырық бір мың бес жүз.

29. Сол тұрақтағы үшінші ру — Нафталим. Нафталимнің рубасы — Енан ұлы Ахира.

30. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу үш мың төрт жүз.

31. Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды.

32. Шыққан ата-тектерінің әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер — осылар. Олардың тұрақтарындағы шайқасқа жарамдылардың жалпы саны — алты жүз үш мың бес жүз елу.

33. Алайда Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай, леуіліктер осы санаққа енгізілген жоқ.

34. Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауларына сай істеді. Олар осылайша өз байрақтарының астында қонып, шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша жолға шығып, көшіп жүретін.

About Руларды санау Chapter 2

Read Руларды санау Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 2?

Руларды санау Chapter 2 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 10
  2. Руларды санау Chapter 27
  3. Руларды санау Chapter 35
  4. Руларды санау Chapter 16
  5. Руларды санау Chapter 31
  6. Руларды санау Chapter 29
  7. Руларды санау Chapter 24

Related Chapters & Readings

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 46
  2. Хаққай Chapter 2
  3. Забур жырлары Chapter 62
  4. Римдіктерге Chapter 8
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 35
  6. Руларды санау Chapter 13
  7. Еремия Chapter 4
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *