Руларды санау Chapter 6

For English

Read Руларды санау Chapter 6 Online

Read Руларды санау Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 6

Тарау 6

1. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы тіл қатып былай деді:

2. — Исраилдіктерге мынаны айт: Егер бір ер адам не әйел өзін Жаратқан Иеге ерекше бағыштап бөлектейтін назир антын берсе,

3. сол адам шараптан және ашыған басқа сусыннан бас тартсын, әрі шарап не өзге ашыған сусыннан жасалған сірке суын да ішпеуі керек. Оған не жүзім шырынын, не жаңа піскен жүзімді, не мейізді ішіп-жеуіне болмайды.

4. Құдайға бағышталып назир болып жүрген кезінде оған жүзім бұтасынан шығатын еш нәрсені, тіпті жүзімнің қабығы мен дәнегін де жеуге болмайды.

5. Адамның Құдайға бағышталып назир антын ұстанған кезінде оның басына ұстара тимеуі тиіс. Жаратқан Иеге өзін ерекше бағыштаған киелі мерзімі біткенше ол шашын өсіре берсін.

6. Өзін Жаратқан Иеге бағыштаған бүкіл уақыт бойы ол өлікке жақындамасын.

7. Тіпті өз әкесі, шешесі немесе туған бауыры қайтыс болса да, ол солардың мәйітіне барып өзін арамдамасын. Оның Құдайға бағышталғандығының сыртқы белгісі — басындағы шашы.

8. Өзін Жаратқан Иеге бағыштаған күллі мерзім бойы сол адам осылай жүруі керек.

9. Егер оның көз алдында біреу кенеттен қайтыс болса, осының өзі де оның басындағы бағышталған шашты арамдайды. Жеті күндік тазару мерзімі өткен соң ол шашын алдырып тастасын.

10. Ал сегізінші күні ол кездесу шатырының кіреберісіне діни қызметкерге екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді алып келсін.

11. Сол адам өліктің жанында болуы арқылы күнәлі болғандықтан, діни қызметкер екі құстың біреуін күнәнің құнын өтейтін, ал екіншісін түгелдей өртелетін құрбандық ретінде шалсын. Осылай адам өліктің қасында болып арамданған күйінен тазарады. Сол күні ол қайтадан назир антын беріп, бұдан былай шашын өсіретін болсын.

12. Ол өзін қайтадан Жаратқан Иеге бағыштап назир болып, соған арнайы уақытты белгілесін және айыбын өтейтін құрбандығы ретінде бір жасар тоқтыны алып келсін. Себебі ол арамданып қалғандықтан оның назир болған бұрынғы күндері жарамсыз.

13. Адамның назир болып Құдайға ерекше бағышталған мерзімі аяқталған кездегі рәсімдер туралы заң мынау. Назир антын берген адам кездесу шатырының кіреберісіне келтірілсін.

14. Ол Жаратқан Иеге арнап мына құрбандықтарды: бір жасар мінсіз еркек тоқтыны — түгелдей өртелетін құрбандыққа, бір жасар ұрғашы тоқтыны — күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа және бір мінсіз қошқарды — Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандыққа алып келсін.

15. Осыған қоса ол бір себет таңдаулы бидай ұнынан зәйтүн майымен араластырылып пісірілген ашымаған нан, зәйтүн майы жағылған шелпек, сондай-ақ астық және сұйық тартуларын да әкелсін.

16. Діни қызметкер осыларды Жаратқан Иенің алдына әкеліп, күнәнің құнын өтейтін құрбандықты және түгелдей өртелетін құрбандықты шалып ұсынады.

17. Бұдан кейін Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығы ретінде қошқарды шалып, ашымаған нан тартуы бар себетті қоса әкелсін. Сол сияқты, діни қызметкер астық және сұйық тартуларын да ұсынсын.

18. Содан соң назир болған кісі басындағы назирлікке бағышталған кезде шыққан шашын кездесу шатырының кіреберісінде қырықсын. Оны Құдаймен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығының астында жанып жатқан отқа салып өртеп жіберсін.

19. Назир болған адам шашын қырқып тастағаннан кейін діни қызметкер құрбандыққа шалынған қошқардың пісірілген оң жақ жауырынын және себеттегі ашымаған нан мен шелпектен бір-бірден алып, оларды назир болған адамның алақанына салып берсін.

20. Мұнан соң діни қызметкер оларды Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынады. Олар әрі-бері тербеп ұсынылған төс және көтеріп ұсынылған сан етімен бірге діни қызметкердің үлесіне тиесілі әрі киелі. Бұдан былай назир болған адамның шараптан ішуіне болады.

21. Өзін Жаратқан Иеге антпен ерекше бағыштап назир болған адамның жасайтын тартулары туралы заң осы. Егер назир болған адам өзі ұсынуға тиісті тартуларына қоса басқа нәрсені де ұсынуға серт берген болса, онда өзінің сол сертін де бұлжытпай іске асыруы қажет.

22. Жаратқан Ие Мұсаға тағы тіл қатып былай деді:

23. «Һаронға және оның ұлдарына мынаны жеткіз: Исраил халқына былай деп бата беріңдер:

24. Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,

25. Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,

26. Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!

27. Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын».

About Руларды санау Chapter 6

Read Руларды санау Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 6?

Руларды санау Chapter 6 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 22
  2. Руларды санау Chapter 8
  3. Руларды санау Chapter 21
  4. Руларды санау Chapter 2
  5. Руларды санау Chapter 26
  6. Руларды санау Chapter 3
  7. Руларды санау Chapter 16

Related Chapters & Readings

  1. Жақыптың Chapter 4
  2. Ешуа Chapter 7
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 17
  4. Әйүп Chapter 33
  5. Забур жырлары Chapter 49
  6. Әйүп Chapter 31
  7. Лұқа Chapter 22
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *