Read Руларды санау Chapter 36 Online
Read Руларды санау Chapter 36 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Руларды санау 36
Тарау 36
1. Бір күні Ғилахад әулетінің басшылары — Жүсіптің немересі, Манасаның ұлы Махырдың ұрпақтары Мұсаның және Исраил халқының жетекшілері мен әулет басшыларының алдына келіп, былай деді:
2. — Уа, тақсыр! Жаратқан Ие сізге мына елдің жерін исраилдіктерге жеребе арқылы үлестіріп бер деп бұйырған кезде ағайынымыз Салопахадқа тиесілі мұралық жерді артында қалған қыздарына беруге бұйырған болатын.
3. Егер сол қыздар басқа рулық исраилдіктерге күйеуге шықса, онда олардың үлестері өз әулетіміздің мұралық меншігіне тиген жерден бөлініп, қыздың барған әулетінің жеріне қосылады. Осылайша сол жер біздің жеребе арқылы иемденген үлесімізден алынып тасталады.
4. Мереке жылы келген кезде де сол қыздардың мұралық жері бізге қайтарылмай, қыздың күйеуге тиген руының жер үлесіне қосылып, біздің руымыздың мұралық меншігінен шығып қалады.
5. Сонда Мұса Жаратқан Иенің айтқан сөзі бойынша исраилдіктерге мына шешімін жеткізді: — Жүсіптен тараған рудың адамдары дұрыс айтады.
6. Жаратқан Иенің Салопахадтың қыздарына байланысты шешімі мынау: Олардың қалаған адамдарына күйеуге шығуларына болады, тек күйеуі қыздың өз руының бір әулетінен шыққан адам болсын.
7. Осылайша исраилдіктердің мұралық жерлері бір рудан екіншісіне көшпесін. Әрбір исраилдік ата-бабаларының руының мұралық жерін біртұтас сақтайтын болсын.
8. Исраил руларының бір жер үлесін мұра етпек болған әрбір қыз өз әкесінің руының адамына күйеуге шығатын болсын. Осылайша исраилдіктер ата-бабаларының мұралық жерлерін біртұтас сақтайтын болады.
9. Сонымен мұралық үлестер бір рудан екіншісіне көшпесін. Қайта, исраилдіктердің барша рулары өздерінің мұралық жерлерін біртұтас сақтайтын болсын.
10. Жаратқан Иенің Мұса арқылы бұйырғанын Салопахадтың қыздары орындады.
11. Махла, Тирса, Хоғла, Мылқа, Ноға есімді осы қыздар әкелерінің ағайындарының ұлдарына күйеуге тиді.
12. Демек, олар Жүсіптің ұлы Манасадан тараған рудың ер адамдарына тұрмысқа шықты. Осылай өздерінің мұралық жерлері әкелерінің руының үлесінде қалды.
13. Жаратқан Иенің Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында Мұса пайғамбар арқылы исраилдіктерге тапсырған заңдары мен ережелері, міне, осылар.
About Руларды санау Chapter 36
Read Руларды санау Chapter 36 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Руларды санау
Chapter: 36
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Руларды санау Chapter 36 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Руларды санау Chapter 36?
Руларды санау Chapter 36 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 36 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from руларды санау
- Руларды санау Chapter 7
- Руларды санау Chapter 9
- Руларды санау Chapter 21
- Руларды санау Chapter 2
- Руларды санау Chapter 22
- Руларды санау Chapter 10
- Руларды санау Chapter 24