Ишая Chapter 27

For English

Read Ишая Chapter 27 Online

Read Ишая Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Ишая 27

Тарау 27

1. Сол кезде Жаратқан Ие ирелеңдеп, бұралаңдаған алып жылан және теңіздегі айдаһарға ұқсаған жауларға назарын аудармақ. Оларды Өзінің қатты, үлкен әрі күшті семсерімен қырып-жоймақ.

2. Сол заманда ұнамды жүзімдік жайлы мына жырды айтыңдар:

3. «Мен, Жаратқан Ие, оны күтіп баптаймын, Әрі суарып тұрамын әрдайым, Ешкім оған зиян жасамасын лайым Деп күні-түні күзетіп қорғаймын,

4. Бұдан былай оған ашуланбаймын. Ал «тікенек пен ошаған» өссе онда, Мен қарсы шығамын құртып-жоюға, Түгелдей өртеп жіберемін соңында.

5. Әйтпесе солар Мені паналасын, Менімен бітімге келіп, татулассын, Осылай Өзіммен ынтымақта болсын!

6. Болашақта Жақыптың үрім-бұтағы — Исраил халқы қайта тамыр жаяды. Гүлдейді олар әлі бүршік жарады, Жемісімен жердің бетін толтырады».

7. Жаратқан Ие Исраилді соққан жауларын жазалағанындай, Исраилдің өзін де жазалады ма? Әлде көп исраилдікті құртқан жауларының өлтірілгеніндей, Исраилдің де көп адамы өлтірілді ме?

8. Жоқ, Жаратқан Ие өз халқын тиісті мөлшерде жазалау үшін жер аударады. Ол шығыстан соққан аптап жел сияқты оларды «қатты дауылмен» елінен айдап шығады.

9. Сол арқылы Жақыптың үрім-бұтағының күнәлары құны өтеліп кешіріледі. Ал олар өздерінің күнә жасауды доғарғандарын көрсетулері керек! Халық жалған тәңірлерге құрбандық ұсынылатын орындардың тастарын әктастай ұнтақтап жоймақ. Сонымен қатар не әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналары, не жалған тәңірлерге арналған түтету үстелдері қалмауға тиіс!

10. Сонда қамалды қалалар қаңыраған бос иен даладай елсіз қалады. Сол жерде жас бұқалар жайылып әрі тынығып, бұтақшаларды жеп қалдырмайды.

11. Ағаштың бұтақшалары солып кеуіп қалғанда, әйелдер келіп, оларды отынға жинап, жағып жібереді. Исраил халқымен де сол сияқты болмақ. Олар еш нәрсені түсінбегендіктен, өздерін жаратқан Құдай оларға рақым бермейді де, аяушылық көрсетпейді де.

12. Сол заманда Жаратқан Ие ұлы Евфрат өзенінен бастап Мысырдың шетіндегі өзенге дейін жайылған жерді шайқалтып, сендерді, Исраил халқын, бір-бірлеп жинап алмақ.

13. Сол уақыт келгенде Ассур мен Мысырға айдалып, құрып кете жаздаған исраилдіктерді кері шақыру үшін үлкен керней тартылады. Сонда олар қайтып келіп, Иерусалимдегі қасиетті Сион тауында Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат ететін болады.

About Ишая Chapter 27

Read Ишая Chapter 27 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ишая
Chapter: 27
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ишая Chapter 27 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ишая Chapter 27?

Ишая Chapter 27 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ишая Chapter 27 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from ишая

  1. Ишая Chapter 56
  2. Ишая Chapter 61
  3. Ишая Chapter 17
  4. Ишая Chapter 31
  5. Ишая Chapter 26
  6. Ишая Chapter 22
  7. Ишая Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. Лұқа Chapter 18
  2. Патшалықтар 1-ж Chapter 19
  3. Елшілердің істері Chapter 5
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 13
  5. Мысырдан шығу Chapter 21
  6. Забур жырлары Chapter 5
  7. Забур жырлары Chapter 34
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *