Read Ишая Chapter 3 Online
Read Ишая Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 3
Тарау 3
1. Сондықтан біліп алыңдар, енді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие Иерусалим мен Яһуда елін барлық сүйеніштерінен ада етеді: олардың ас-су қорларын жоқ қылып,
2. батырлары мен жауынгерлерін, төрешілері мен пайғамбарларын, сәуегейлері мен рубасыларын,
3. елубасылары мен лауазымдыларын, кеңесшілері мен шебер ұсталарын және білгір бақсыларын да халық арасынан алып кетеді.
4. (Жаратқан Ие былай дейді:) «Бұл елді жас балаларға басқартамын, жүгенсіз жасөспірімдерді билеушілері етіп қоямын.
5. Бұдан былай адамдар бір-бірін қанап, әркім өз жақын-жарандарына қысымшылық жасайды. Жастар паңданып үлкендерге қарсы шығады, қадірсіздер менменсіп беделділерді сыйламайды.
6. Сол кезде адамдар ағайындарының біреуіне жармасып: «Үстіңде киімің бар ғой. Біздің басшымыз болып, қираған осы жерді қол астыңа алып, қалпына келтіре гөр! деп жалынатын болады.
7. Бірақ ол кісі қарсы шығып: «Халықтың қасіретін емдеп жазатындай құдіретім жоқ! Жеуге тамақ, киюге киім өз үй ішіме де жетіспейді! Мені басшыларың қыла көрмеңдер!» деп бас тартпақ.
8. Иерусалим қаласы осылай шайқалып, Яһуда елі осылай құлайды! Себебі олар сөздерімен де, істерімен де Жаратқан Иеге қарсы шығып, Оның көз алдында салтанатты ұлылығын менсінбей келеді.
9. Бұлардың бет-әлпеттері өздерін әшкерелейді. Олар ежелгі Содом халқы сияқты ашықтан-ашық күнә жасап, соларын мақтан да етеді. Өз бастарына өздері пәле тілеген олар қасіретке қалады!
10. Ал әділ жандарға мына ізгі хабарды жеткізіңдер: олар еңбектерінің жемісін жеп, игіліктерін көреді.
11. Бірақ зұлымдар қасіретке қалады! Істеген жамандықтары өз бастарына түседі.
12. Балалар халқыма зорлық-зомбылық көрсетіп, әйелдер оған билік жүргізеді. Ей, халқым менің, жетекшілерің сендерді адастырып, теріс жолға түсіруде!»
13. Жаратқан Ие халықтарды соттауға дайын тұр.
14. Сонда Жаратқан Ие таңдап алған халқының рубасылары мен әміршілеріне айыптарын атап көрсетеді: «Сендер Менің жүзімдігімді ойрандадыңдар! Өз сарайларыңды бейшаралардан тонап алған дүние-мүлікпен толтырдыңдар.
15. Менің халқыма қысымшылық жасап, кедейлерді езіп-жаншығандарың не?!» — деп нық айтады Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие.
16. Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Сион шаһарының қыз-келіншектері қандай менмен! Олар бастарын қақшитып, көздерін қылмыңдатып жүреді, қадамдарын кербездене басып, аяқтарындағы сылдырмақтары сыңғыр-сыңғыр етеді».
17. Содан Жасаған Ие Сионның қыз-келіншектерін жазалайды: Жаратқан Ие олардың бастарына жара қаптатып, таз қылады.
18. Сол күні Жасаған Ие Иерусалимнің әйелдерін өздерінің мақтан тұтатын әшекейлерінен де айырады: аяқ сылдырмақтары мен шашбауларын, айшықты алқаларын,
19. сырға-білезіктерін және бет перделерін, әдемі бас киімдері мен аяқ білезіктерін, белбеулері мен әтірлі құтыларын, бой тұмарларын, жүзіктерін және мұрындық сырғаларын, сондай-ақ сәнді киімдері мен шапандарын, халаттары мен әмияндарын, айналары мен бәтес киімдерін, шәлілері мен бөкебайларын — осылардың бәрін де Тәңір Ие Иерусалимнің әйелдерінен алып қояды.
23. Сонда хош иісті иіссуларының орнын сасық иіс басады. Әшекейлі белбеулердің орнына олар кендір жіп байлап, тым баптаған шаш орнына тақыр бас болады. Сәнді киімдер орнына азалы киім киіп, сұлулықтың орнын құлдықтың таңбасы басады.
24. Иерусалимнің ер адамдары семсерден өліп, жауынгерлері ұрыста қаза табады.
25. Қала қақпаларының басында жоқтау айтылып, жылап-сықтау болады. Қаңырап бос қалған астана тақыр жерде отырған әйелге ұқсап қалады.
About Ишая Chapter 3
Read Ишая Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 3
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 3?
Ишая Chapter 3 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 8
- Ишая Chapter 39
- Ишая Chapter 50
- Ишая Chapter 64
- Ишая Chapter 62
- Ишая Chapter 21
- Ишая Chapter 42