Read Ишая Chapter 65 Online
Read Ишая Chapter 65 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ишая and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Ишая 65
Тарау 65
1. — Мен туралы сұрамағандарға Өзімді көрсеттім. Іздемегендер Мені таба алды. Маған сиынбаған халықты: «Мен мұндамын, осында келіңдер!» деп шақыра бердім.
2. Өз беттерімен жүріп, теріс жолға түсіп, қасарысқан халықты күні бойы құшақ жайып шақырумен болдым.
3. Бұл халық әрдайым көз алдымда күнә жасап, ашуымды туғызады. Жалған тәңірлерге арнаған бақтарда құрбандық шалып, кірпіш үстелдердің үстінде хош иісті заттарды да түтетеді.
4. Олар қабір бастарында отырып, құпия жерлерде түнеп, аруақтарға сиынады. Сонымен қатар арам ет жеп, оның жиренішті сорпаларын ыдыстарына құйып:
5. «Тоқта, маған жақындама! Мен әулие адаммын», деп менменсиді. Мұндай адамдар Мен үшін ащы түтін әрі күн ұзағына бықсып жанған от сияқты жеркенішті.
6. Біліп алыңдар, көз алдымда: «Мен үндемей қалмаймын, еселерін толықтай қайтарамын!» деген сөздер жазулы тұр.
7. Мен, Жаратқан Ие, мынаны айтамын: өз күнәларыңа қоса ата-бабаларыңның күнәларының да жазасын толықтай тарқызамын! Олар тау-төбелерде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттар түтетіп, Мені қорлайтын. Енді Мен оларға жасаған қылықтарына қарай жазаларын толығымен тартқызамын!
8. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Жүзім шоғының аз да болса шырыны бар кезінде жұрт: «Мұны лақтырып тастама, әлі де пайдасы бар ғой» дейді. Сол секілді, Мен де қызметшілерімнің бәрін бірдей құртпай,
9. Жақыптың үрім-бұтағын қайтадан өрбітіп шығармақпын, әрі Яһуда руынан да Менің таулы жеріме ие болатын ұрпақтарын өркендетіп таратпақпын. Өзім таңдап алған бұлар сол жерді иеленіп, сонда қоныстанып, Маған қызмет ететін болады.
10. Елдің батысындағы Шарон жазығы ұсақ мал отарларына жайылым және шығысындағы Ахор аңғары ірі қара табындарына тынығатын жер болады. Барлығы Маған бет бұрып сиынған халқымның меншігіне айналады.
11. Алайда Менен, Жаратқан Иеден, бас тартқан өзгелеріңе былай деймін: Сендер Өзіме бағышталған Сион тауын естеріңнен шығарып, Бақыт пен Тағдырды пір тұтасыңдар. Соларға арнап дастарқан жайып, дәмді шарапты толтыра құйып бересіңдер.
12. Бірақ сендердің тағдырларыңды Өзім шешіп қойдым: Жауларыңның алдында тізе бүгіп, семсерден қырыласыңдар. Себебі Мен шақырғанда жауап бермедіңдер, тіл қатқанымда сөзіме құлақ аспадыңдар. Қайта, көз алдымда зұлымдық жасап, Маған ұнамайтын нәрселерді таңдап алдыңдар.
13. Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, былай деймін: Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар!
14. Олар көтеріңкі көңілмен ән шырқаса, сендер қинала айқайлап, жаралы жүрекпен еңіреп жылайтын боласыңдар.
15. Сендердің есімдерің Менің таңдап алғандарым үшін қарғыс іспетті болып қалады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, көздеріңді құртамын, ал адал қызметшілеріме жаңадан құрметті есім сыйлаймын.
16. Енді ел ішінде бата сұраған әркім Маған, «Сөзіне адал шынайы Құдайға», сиынып бата сұрайды. Ант еткендер де «Сөзіне адал шынайы Құдайдың атымен» деп ант бермек. Сонда бұрынғы қиыншылықтар ұмытылып, бұдан былай көзіме түспейтін болады.
17. — Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады.
18. Сонда сендер жасағандарыма мәңгі бақи мәз болып шаттанасыңдар. Мен Иерусалим қаласы мен оның халқын рақат пен қуаныштың қайнар көзіне айналдырамын.
19. Өзім де Иерусалимге шаттанып, халқым үшін мәз-мейрам боламын. Енді қайтып қалада зар еңіреп жылаған дауыс естілмейді.
20. Санаулы күн ғана өмір сүріп шетінеген сәбилер, жасына жетпей өлетін кәрілер одан табылмайды. Жүз жасап қайтыс болған жас деп, ал жүзге жетпей өлген қарғысқа ұшыраған күнәкар деп саналады.
21. Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады.
22. Енді қайтып олардың үйлерін бөтен кісілер иемденіп тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді. Халқым мықты ағаш сияқты ұзақ өмір сүретін болады. Менің таңдап алғандарым жұмыстарының өнімдерін ұзақ уақыт пайдаланып, бейнеттерінің зейнетін көреді.
23. Олар бекерге еңбек етпейді де, апатқа ұшырайтын балалар тумайды да. Себебі өздері мен ұрпақтары Өзім, Жаратқан Ие, жарылқаған үрім-бұтақ болады.
24. Маған сиынбастан бұрын Мен оларға жауап беремін, олар әлі сөйлеп жатқанда-ақ Мен өтініштеріне құлақ саламын.
25. Қасқыр мен қозы бірге бейбіт жайылып, арыстан сиырдай сабан жеп, жыланға топырақ жем болады. Бұдан былай ешкім де Өзіме арналған бүкіл Сион тауында жамандық жасап, зияндық келтірмейді. — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
About Ишая Chapter 65
Read Ишая Chapter 65 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ишая in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Ишая
Chapter: 65
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ишая. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Ишая Chapter 65 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Ишая Chapter 65?
Ишая Chapter 65 is part of the Book of Ишая in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Ишая Chapter 65 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from ишая
- Ишая Chapter 44
- Ишая Chapter 15
- Ишая Chapter 17
- Ишая Chapter 60
- Ишая Chapter 40
- Ишая Chapter 47
- Ишая Chapter 51