Read Заңды қайталау Chapter 13 Online
Read Заңды қайталау Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Заңды қайталау 13
Тарау 13
1. Егер араларыңда пайғамбар не көріпкел пайда болып, бір ғажап іс не керемет туралы алдын ала жариялап,
2. онысы жүзеге асса, әрі сол адам: «Ал, кәне, басқа тәңірлерге табынып құлшылық етейік!» — деп сендерді өздеріңе бейтаныс тәңірлерге мойынсұнуға еліктіріп азғырса,
3. онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды.
4. Сендер тек Құдайларың Жаратқан Иенің жолымен жүріп, жалғыз Оны ғана қастерлеулерің керек! Оның өсиеттерін орындап, даусына құлақ асатын болыңдар! Әрдайым Жаратқан Иеге қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстаныңдар!
5. Ал сол пайғамбарды не көріпкелді өлтірулерің керек. Себебі ол сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтан құтқарған Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы шығуға еліктіріп, Оның өсиеттеген жолынан азғыруға тырысты. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар!
6. Бір ағайының, тіпті бір анадан туған ағаң не інің, немесе өз ұл-қызың, сүйікті әйелің не жаныңдай жақсы көретін досың құпия түрде саған: «Жүр, басқа тәңірлерге барып табынайық» азғыруға ұмтылады дейік. Ал сол тәңірлерді не өзің, не ата-бабаларың еш білген жоқсыңдар.
7. Сондай адам сені төңірегіңде: алыс не жақын, жердің ана не мына шетінде тұрып жатқан халықтардың тәңірлеріне табынуға еліктірсе,
8. онда оған еш көнбе, сөздеріне құлақ та түрме! Осындай азғырушыны еш аяп-мүсіркеме, оны қолдап-қорғаушы да болма!
9. Қайта, оны міндетті түрде өлтіру керек. Оған қарсы бірінші болып қол көтеретін сен бол, сенен кейін бүкіл халық та солай істесін.
10. Оны таспен атқылап өлтіріңдер! Себебі ол сендерді құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иеден бас тартқызып ажыратуға ұмтылды.
11. Сонда осыны бүкіл Исраил халқы естіп, қорқып, араларыңнан ешкім де мұндай зұлымдықты істемейтін болады.
12. Егер Құдай Ие сендерге тұруға беріп отырған елдегі қалалардың бірі туралы:
13. «Сол қаланың халқын азғырып, бөтен тәңірлерге табынуға еліктіріп жүрген бір сұмырай адамдар арамызда пайда болыпты!» деген сөз естілсе,
14. онда барып, істің мән-жайын тексеріп, бәрін зерттеп, тәптіштеп тергеңдер! Егер әңгіме рас болып, сондай жексұрын нәрсенің елде орын алғаны дәлелденсе,
15. онда қаладағылардың барлығын семсердің жүзімен қыруға тиіссіңдер. Қаланың адамдары мен малдарын Жаратқан Иенің қарғысына ұшырағандықтан түгелдей құртыңдар!
16. Барлық олжаны алаңның ортасына жинап апарып, қаланы ондағы олжа дүниелерімен қоса Құдайларың Жаратқан Иеге арнап өртеліп ұсынылатын құрбандық іспетті өртеп жіберіңдер! Қаланың талқандалған орны мәңгі солай болып қала берсін, ол ешқашан қалпына келтіріліп қайтадан салынбасын!
17. Сол қаладағы заттардың бәрі қарғысқа ұшыраған, солардың ешқайсысын алушы болмаңдар! Сонда Жаратқан Ие Өзінің лаулаған қаһарынан қайтады. Ол сендерге рақымы мен мейірімін көрсетіп, ата-бабаларыңа антпен уәде еткеніндей, сендерді де молынан көбейтеді.
18. Өйткені сендер Оның айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның барлық өсиеттерін сақтап, Құдайларың Жаратқан Иеге ұнамды әділ істерді істеп келесіңдер.
About Заңды қайталау Chapter 13
Read Заңды қайталау Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Заңды қайталау
Chapter: 13
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Заңды қайталау Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Заңды қайталау Chapter 13?
Заңды қайталау Chapter 13 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 6
Explore More from заңды қайталау
- Заңды қайталау Chapter 29
- Заңды қайталау Chapter 5
- Заңды қайталау Chapter 14
- Заңды қайталау Chapter 6
- Заңды қайталау Chapter 26
- Заңды қайталау Chapter 18
- Заңды қайталау Chapter 16