Read Заңды қайталау Chapter 23 Online
Read Заңды қайталау Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Заңды қайталау 23
Тарау 23
1. Аталық безі езіліп не жыныс мүшесі кесіліп тасталған ешбір еркек Жаратқан Иенің жамағатының қатарында бола алмайды.
2. Тыйым салынған некеден туған ешкім де Жаратқан Иенің жамағатының қатарында бола алмайды. Тіпті одан кейінгі оныншы буынның ұрпағы да оған ене алмайды.
3. Ешбір аммондық не моабтықтың Жаратқан Иенің жамағатына енуіне болмайды. Тіпті оныншы буынның ұрпағы да оған ене алмайды.
4. Себебі сендер Мысыр елінен көшіп келе жатқан кездеріңде олар алдарыңнан нан мен су алып шығып қарсы алған жоқ. Керісінше, олар солтүстік Месопотамиядағы Петордан Беғор ұлы Балағамды сендерді қарғасын деп шақырып алып, жалдады.
5. Алайда Құдайларың Жаратқан Ие сендерді сүйгендіктен Балағамның айтқанына құлақ аспай, қарғысты жарылқауға айналдырды.
6. Өмір бойы олармен ынтымақтасып, игілік тілемеңдер.
7. Ал едомдықтардан жиренбеңдер, олар сендердің бауырластарың. Мысырлықтардан да жиренбеңдер, олардың елінде жат жұрттық кірме болып тұрдыңдар.
8. Олардан туған үшінші ұрпақтың Жаратқан Иенің жамағатының қатарына енуіне болады.
9. Жауларыңа қарсы жорыққа аттанып, қос тіккен кездеріңде барлық арам нәрселерден аулақ болыңдар!
10. Егер араларыңдағы бір адамның түнде шәуеті төгіліп, арамданып қалса, ол қостың сыртына шығып, сол жерде қала берсін.
11. Ол кеш түсе суға шомылсын, күн батқан соң қосқа қайтып кіруіне болады.
12. Қостың сыртында дәретке отыратын жер белгілеңдер.
13. Құрал-жабдықтарыңның арасында жер қазатын қалақша да болсын. Дәретке отырып болған соң шұңқыр қазып, нәжісті көміп тастаңдар.
14. Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие сендерді құтқарып, жауларыңды қолдарыңа тапсыру үшін қостарыңды аралап жүретін болады. Араларыңнан арам бір нәрсені байқап, сендерден кері бұрылып кетпеуі үшін, қостарыңның мүлтіксіз таза болуы қажет.
15. Егер бір (жат жұрттық) адамның басыбайлы қызметшісі пана іздеп сендерге қашып келсе, оны қожайынына қайтарып бермеңдер.
16. Сол босқын араларыңда ұнатқан жерінде, қалаған елді мекенінде тұрсын. Оған жәбір көрсетпеңдер!
17. Исраилдік ешбір еркек не әйел (жалған тәңірге бағышталып), жезөкшелікпен айналысушы болмасын!
18. Құдай Иеміздің киелі үйіне уәде еткен қандай да бір сый-тартуды өтеу үшін, жезөкше әйел не еркектің алған ақысын алып келмеңдер! Өйткені Құдай Ие сол екеуінің де қылықтарын әбден жек көреді.
19. Берген қарызың үшін бауырласыңнан ешқандай өсім алма! Одан не ақшадан, не азық-түліктен, не қарызға беруге болатын басқа кез келген нәрседен болсын, өсім алушы болма.
20. Жат жұрттыққа берген қарызыңнан өсім алуыңа болады, бірақ бауырласыңнан ешқандай өсім алуыңа болмайды. Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендер еніп, иемденбекші болып отырған елде қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады.
21. Құдай Иеңе қандай да бір ант берген болсаң, оны орындауды кешіктірме! Себебі Құдай Иең оны сенен талап ететін болады. Егер орындамасаң, Оның алдында күнәлі болып қаласың.
22. Егер ант бермеген болсаң, күнәлі болмайсың.
23. Ал аузыңнан шыққан уәделеріңнің бәрін орындауға мұқият бол, себебі сен Құдай Иеңе ерікті түрде өз аузыңмен ант бердің.
24. Егер біреудің жүзімдігіне кірсең, сол жерде қалағаныңша жүзім жеуіңе болады. Бірақ одан ыдысыңа салып алып кетуші болма.
25. Біреудің егістігіне кірсең, астықтың масағын қолыңмен үзіп жей аласың. Бірақ оны орақпен оруыңа болмайды.
About Заңды қайталау Chapter 23
Read Заңды қайталау Chapter 23 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Заңды қайталау
Chapter: 23
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Заңды қайталау Chapter 23 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Заңды қайталау Chapter 23?
Заңды қайталау Chapter 23 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 23 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 6
Explore More from заңды қайталау
- Заңды қайталау Chapter 31
- Заңды қайталау Chapter 27
- Заңды қайталау Chapter 2
- Заңды қайталау Chapter 18
- Заңды қайталау Chapter 9
- Заңды қайталау Chapter 6
- Заңды қайталау Chapter 30