Read Заңды қайталау Chapter 14 Online
Read Заңды қайталау Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Заңды қайталау 14
Тарау 14
1. Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің рухани балаларысыңдар. Сондықтан өлгендерді жоқтағанда денелеріңнің терісіне жарақат салмаңдар, кекілдеріңді алмаңдар!
2. Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды.
3. Ешбір арам нәрсені жемеңдер!
4. Мына жануарларды азық етулеріңе болады: мүйізді ірі қара, қой, ешкі,
5. бұғы, киік, елік, жабайы ешкі, таутеке, бөкен, арқар.
6. Тұяғы екіге бөлінген аша тұяқты, күйіс қайыратын кез келген жануардың етін жеулеріңе болады.
7. Бірақ күйіс қайыратын немесе аша тұяқты хайуандар арасынан сендерге түйенің, қоянның және майбасардың етін жеуге болмайды. Олар күйіс қайырғанмен, тұяқтары аша емес, сол себепті олардың еті сендер үшін арам.
8. Ал шошқа аша тұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды. Сондықтан ол да сендер үшін арам. Осы хайуандардың не етін жеулеріңе, не өлімтігіне жанасуларыңа болмайды.
9. Суды мекендейтін мақұлықтардың қайсыларында қанаттары мен қабыршақтары бар болса, соларды азық етулеріңе болады.
10. Ал егер қанаттары мен қабыршақтары болмаса, жеулеріңе болмайды, сондайлар сендер үшін арам.
11. Кез келген адал құсты жеулеріңе болады.
12. Бірақ мыналарды жемеулерің керек: бүркіт, күшіген, тазқара,
13. қызыл кезқұйрық, қара кезқұйрық, сұңқардың кез келген түрін,
14. қарғаның кез келген түрін,
15. түйеқұс, батпақ жапалағы, шағала, қаршығаның кез келген түрін,
16. байғыз, құлақты жапалақ, ақ үкі,
17. бірқазан, тұйғын, суқұзғын,
18. ләйлек, құтанның кез келген түрін, бәбісек және жарқанат.
19. Қанаты бар құжынаған барлық жәндіктер де сендер үшін арам, оларды жемеңдер!
20. Ал қанаты бар адал құстар мен жәндіктердің кез келгенін жеулеріңе болады.
21. Арам өлген ешқандай жануарды жеулеріңе болмайды! Оны не елді мекендеріңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жеуге беруге, не шетелдікке сатуға болады. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Лақты енесінің сүтіне пісірмеңдер!
22. Жыл сайын егістіктеріңде жиналатын өнімдеріңнің он бөлігінің бірін жеке бөліп алып қойыңдар.
23. Астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының өнімінің он бөлігінің бірін және мүйізді ірі қара әрі ұсақ малдарыңның алғаш туған төлдерін Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайыңдайтын орынға апарыңдар. Олардан Жаратқан Иенің алдында тамақ дайындап, ішіп-жеңдер. Осылай сендер Құдай Иемізді әрдайым терең қастерлеуді үйренесіңдер.
24. Бірақ егер Құдайларың Жаратқан Ие сендерді жарылқап, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін Жаратқан Иенің өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апару үшін тым алыс болса,
25. онда он бөлігіңнің бірін сатып, түскен күмісті сол жерге апарыңдар.
26. Сонда сендер сол күміске қалаған нәрселеріңді: мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жүзім шырыны, ашытылған сусын немесе басқа қалағандарыңды сатып ала аласыңдар. Осы азық-түліктен сол орында, Құдай Иенің алдында отбасыларыңмен бірге қуана ішіп-жеңдер.
27. Елді мекендеріңде тұратын леуіліктерді ұмытпай қамқорлаңдар. Себебі оларға араларыңда мұралық жер үлестірілген жоқ.
28. Әрбір үш жыл сайын, сол жылғы өніміңнің он бөлігінің бірін қалаларыңның ішіне алып барып, арнайы жерге жинап қойыңдар.
29. Осылайша араларыңдағы мұралық жер үлестері жоқ леуіліктер әрі жат жұрттықтар мен жетім-жесірлер келіп, соны жеп, тойынуларына болады. Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайды.
About Заңды қайталау Chapter 14
Read Заңды қайталау Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Заңды қайталау
Chapter: 14
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Заңды қайталау Chapter 14 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Заңды қайталау Chapter 14?
Заңды қайталау Chapter 14 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 14 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
- Ешуа Chapter 2
- Ешуа Chapter 1
- Ешуа Chapter 4
- Ешуа Chapter 3
- Ешуа Chapter 19
- Ешуа Chapter 12
- Ешуа Chapter 6
Explore More from заңды қайталау
- Заңды қайталау Chapter 7
- Заңды қайталау Chapter 27
- Заңды қайталау Chapter 13
- Заңды қайталау Chapter 8
- Заңды қайталау Chapter 21
- Заңды қайталау Chapter 34
- Заңды қайталау Chapter 22