Заңды қайталау Chapter 18

For English

Read Заңды қайталау Chapter 18 Online

Read Заңды қайталау Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Заңды қайталау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Заңды қайталау 18

Тарау 18

1. Леуілік діни қызметкерлерге әрі бүкіл Леуі руына, Исраилдің өзге руларына берілетіні іспетті, мұралық жер үлестері табысталмайды. Олар Жаратқан Иеге ұсынылып өртелетін құрбандықтардың және Оған арналған басқа да сый-тартулардың өздеріне тиесілі бөліктерімен тамақтанатын болады.

2. Леуіліктердің бауырлас рулардың арасында мұралық үлестері болмайды. Жаратқан Иенің оларға уәде еткеніндей, олардың «мұралық үлесі» Оның Өзі болады.

3. Адамдар құрбандыққа шалу үшін алып келген мүйізді ірі қара немесе ұсақ малдың діни қызметкерлерге берілуге тиісті бөліктері мыналар: жауырыны, екі жағы және асқазаны.

4. Сендер жаңа жиналған астықтың, жаңа сығылған жүзім шырыны мен зәйтүн майының және қой-ешкіден қырқылған жүннің алғашқы бөлігін алып, оларға берулерің керек.

5. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие барлық руларыңның арасынан Леуіні және оның ұрпақтарын таңдап алып, әрқашан Жаратқан Иенің алдында тұрып, Оның атынан қызмет етуге тағайындады.

6. Егер бір леуілік Исраил елінің қай қаласында тұрмасын өз жүрек қалауы бойынша Жаратқан Иенің ғибадат етулерің үшін таңдап алған орнына көшіп келсе,

7. онда өзге леуіліктер секілді оның да Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрып, Оған қызмет етуіне болады.

8. Ол әкесінен қалған меншігін сатып, пайда көрсе де, құрбандықтар мен сый-тартулардың өзіне тиесілі үлесін алуы керек.

9. Сендер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елге енгенде, сондағы халықтардың істеп жүрген жиренішті салттарына еліктеп үйренбеңдер!

10. Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау,

11. дуалап үшкіру және теріс бата берумен де шұғылданбаңдар! Аруақтарды шақырып, олармен тілдесуші, ақыл-кеңестерін сұраушы да болмаңдар! Араларыңда осылай істейтіндер болмасын!

12. Бұндай істермен айналысатын әркім Жаратқан Иеге жек көрінішті. Осындай қылықтарына бола Құдай Иеміз сол азғын халықтарды алдарыңнан қуып шығады.

13. Ал өздерің Құдайларың Жаратқан Иенің көз алдында мінсіз жүруге тиіссіңдер.

14. Сендер жерлерін иемденетін бұл халықтар сәуегейлікпен және балгерлікпен айналысатындарға құлақ асады. Бірақ сендерге Құдай Иеміз солай істеуге тыйым салған.

15. Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар!

16. Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер.

17. Сонда Жаратқан Ие маған былай деді: «Олардың айтқандары дұрыс.

18. Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады.

19. Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын.

20. Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер».

21. Сендер іштей: «Жаратқан Ие айтпаған сөзді қалай білеміз?» деулерің мүмкін.

22. (Мынаны ұмытпаңдар): егер осы пайғамбардың Жаратқан Иенің атымен айтқаны рас болмай жүзеге аспаса, онда бұл хабар Жаратқан Иеден емес. Қайта, бұл пайғамбардың асқақтықпен айтқан өз сөзі. Ондайдан қорықпаңдар.

About Заңды қайталау Chapter 18

Read Заңды қайталау Chapter 18 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Заңды қайталау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Заңды қайталау
Chapter: 18
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Заңды қайталау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Заңды қайталау Chapter 18 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Заңды қайталау Chapter 18?

Заңды қайталау Chapter 18 is part of the Book of Заңды қайталау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Заңды қайталау Chapter 18 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from заңды қайталау

  1. Заңды қайталау Chapter 22
  2. Заңды қайталау Chapter 31
  3. Заңды қайталау Chapter 20
  4. Заңды қайталау Chapter 3
  5. Заңды қайталау Chapter 23
  6. Заңды қайталау Chapter 10
  7. Заңды қайталау Chapter 17

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 141
  2. 1 Тімотеге Chapter 5
  3. Шежірелер 1-ж Chapter 7
  4. Зәкәрия Chapter 6
  5. Забур жырлары Chapter 123
  6. Забур жырлары Chapter 54
  7. Ишая Chapter 52
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *