Read Елшілердің істері Chapter 6 Online
Read Елшілердің істері Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Елшілердің істері 6
Тарау 6
1. Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны өсіп келе жатқан осы күндері грекше сөйлейтін шетелдік яһудилер еврейше сөйлейтін жергіліктілермен ренжісіп қалды. Себебі күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен кезде шетелдіктердің жесірлері ескерілмей қалып жүрген еді.
2. Сонда он екі елші шәкірттердің бәрін жинап алып, оларға былай деді: «Егер біз Құдайдың сөзін уағыздау қызметіне салғырт қарап, дастарқан қамын ойласақ, бұл дұрыс болмас.
3. Бауырластар, сондықтан орталарыңнан абыройлы әрі Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті ер адамды таңдап алыңдар! Оларға осы міндетті жүктемекпіз.
4. Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік».
5. Бұл ұсыныс бүкіл қауымнан қолдау тапты. Олар Құдайға жан-тәнімен сенетін, Оның Киелі Рухына бөленген Степан есімді кісіні, сонымен қатар Філіп, Прохор, Нықанор, Тимон, Пәрмен және Нықоланы таңдап алды; Нықола Антақиядан келген, яһуди дініне кірген жат ұлттық болатын.
6. Оларды елшілердің алдына алып келді де, Құдайға сиынып, үстеріне қолдарын қойып баталарын берді.
7. Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарап, Иерусалимде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны көбейе берді. Діни қызметкерлердің үлкен бір тобы да Мәсіхке мойынсұнып, сене бастады.
8. Құдайдың рақымы мен құдіретіне кенелген Степан халық арасында ұлы кереметтер жасап жүрді.
9. Алайда «Құлдықтан босатылғандардың» мәжілісханасының кейбір мүшелері Күрене, Ескендірия, Кіликия және Азия өлкелерінен келген яһудилермен бірігіп алып, Степанға қарсы шығып, айтыса бастады.
10. Бірақ олар оның даналығына қарсы еш нәрсе істей алмады, себебі Степан Киелі Рухқа сүйеніп сөйлейтін.
11. Сонда олар кейбір адамдарды жасырын көндіріп: «Біз оның Мұса пайғамбарға және Құдайдың Өзіне тіл тигізіп қорлық сөз айтқанын естідік», — деп оған өтірік жала жапқызды.
12. Осылай олар халықты, басшыларды және дін мұғалімдерін еліртіп қойып, Степанға тап берді; оны ұстап алып, Жоғарғы кеңестің алдына айдап апарды.
13. Сол жерде жалған куәгерлерді алға шығарды, олар Степанға айып тағып былай деді: — Мына кісі үнемі осы киелі үй мен Таурат заңына тіл тигізіп жүр!
14. Біз оның былай дегенін естідік: «Назареттік Иса осы орынды жойып, Мұса тапсырған дәстүрлерді өзгертеді!»
15. Жоғарғы кеңесте отырғандардың бәрі Степанға көз тігіп қарап отырғанда, оның бет-жүзінің періштенікіне ұқсас екенін көрді.
About Елшілердің істері Chapter 6
Read Елшілердің істері Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Елшілердің істері
Chapter: 6
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Елшілердің істері Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Елшілердің істері Chapter 6?
Елшілердің істері Chapter 6 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from елшілердің-істері
- Елшілердің істері Chapter 23
- Елшілердің істері Chapter 28
- Елшілердің істері Chapter 21
- Елшілердің істері Chapter 19
- Елшілердің істері Chapter 17
- Елшілердің істері Chapter 10
- Елшілердің істері Chapter 8
Explore More from Жаңа өсиет
- 2 Қорынттықтарга Chapter 13
- Матай Chapter 19
- Лұқа Chapter 3
- Римдіктерге Chapter 6
- Аян Chapter 19
- Марқа Chapter 11
- Марқа Chapter 7