Елшілердің істері Chapter 3

For English

Read Елшілердің істері Chapter 3 Online

Read Елшілердің істері Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Елшілердің істері 3

Тарау 3

1. Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан күндізгі сағат үште, яғни Құдайға сиынатын мезгілде, ғибадатханаға өрлеп бара жатты.

2. Кісілер тумысынан сал болып туған бір ер адамды күн сайын ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» қасына көтеріп алып келіп, отырғызып қоятын. Сол жерде ол ғибадатхана ауласына енгендерден қайыр сұрайтын.

3. Кіріп келе жатқан Петір мен Жоханды көргенде, әлгі сал адам олардан қайыр сұрады.

4. Бұлар оған көз салып, Петір: «Бізге қара!» — деді.

5. Сал адам екеуіне қадала қарап, бір нәрсе берер деп үміттеніп қалды.

6. Бірақ Петір: «Менде күміс пен алтын жоқ. Дегенмен саған барымды беремін: назареттік Исаның атынан айтамын: орныңнан тұрып, жүріп кет!» — деді де,

7. оны оң қолынан ұстап демеді. Сол сәтте-ақ оның аяғы мен тізесіне күш бітіп,

8. ол ұшып тұрып, жүріп кетті. Содан әлгі адам екі елшімен бірге ғибадатхана ауласына кіріп, әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды.

9. Күллі жұрт оның жүріп кеткенін және Құдайды мадақтағанын көрді.

10. Олар бұның ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» жанында отырып, қайыр сұрайтын сал кісі екенін танып, онымен болған оқиғаға таңғалып, қатты абыржыды.

11. Әлгі кісі Петір мен Жоханнан екі елі ажырамай қойды. Аң-таң болған бүкіл жұрт солардың қасына, ғибадатхананың Сүлеймен атындағы бағаналы ғимаратына жиналды.

12. Мұны көрген Петір халыққа арнап былай сөз сөйледі: — Уа, исраилдіктер, сендер бұған неменеге таңғалып тұрсыңдар? Мынаның жүріп кетуіне өз күшімізбен немесе құдайшылдығымызбен себепші болғандай бізге неге қарай қалдыңдар?

13. Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы, яғни біздің ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы, Өзінің Қызметшісі Исаны ұлылыққа бөледі. Соны Пилат босатып жібермекші болған еді. Бірақ сендер опасыздық жасап, Пилаттың алдында Одан танып бас тарттыңдар.

14. Қасиетті және әділ Кісіден бас тартып, бір қанішердің босатылуын талап еттіңдер;

15. ал шынайы өмірдің Бастауын өлтірттіңдер! Бірақ та Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды, бұған біз куәміз!

16. Ал енді, өздерің танып, көріп жүрген мына кісіге Исаның құдіреті күш-қуат беріп сауықтырды. Өйткені Оның есіміне сендік. Иә, Иса берген сенім сендердің көз алдарыңда оның денсаулығын түгелімен қалпына келтірді.

17. Ағайындар, сендер де, басшыларың да білместік істегендеріңді білемін.

18. Ал Құдай барлық пайғамбарлардың аузымен Өзі жіберетін Құтқарушы Мәсіх сондай азаптар шегеді деп алдын ала жариялатқан хабарларын осылайша жүзеге асырды.

19. Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп,

20. сендерге рухтарыңды жаңғыртатын мезгілді сыйлайды, әрі өздерің үшін алдын ала тағайындаған Құтқарушы Мәсіх — Исаны жібереді.

21. Барлық нәрсе қалпына келетін уақытқа дейін Құдай Мәсіхті Өзіне қайтарып алды. Сол күндерді Құдай қасиетті пайғамбарларының аузымен баяғыда-ақ жариялап қойған болатын.

22. Мұса ата-бабаларымызға былай деген еді ғой: «Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір Пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарының бәрін тыңдаңдар!

23. Осы Пайғамбардың айтқандарын тыңдамайтын әрбір адам халқының ішінен аластатылсын».

24. Самуилден бастап одан кейінгі барлық пайғамбарлар да осы күндері болған оқиғаларды алдын ала айтып кеткен.

25. Сендер пайғамбарлардың ұрпағысыңдар, Құдайдың ата-бабаларыңмен жасаған Келісімін мұра етесіңдер. Ол Ыбырайымға: «Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады» деген еді ғой.

26. Сондықтан Құдай Өзінің Қызметшісін өлімнен тірілтіп алып, әрқайсыңды зұлымдықтарыңнан қайтарып, жарылқау мақсатында Оны ең алдымен сендерге жіберді.

About Елшілердің істері Chapter 3

Read Елшілердің істері Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Елшілердің істері
Chapter: 3
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Елшілердің істері Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Елшілердің істері Chapter 3?

Елшілердің істері Chapter 3 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from елшілердің-істері

  1. Елшілердің істері Chapter 23
  2. Елшілердің істері Chapter 28
  3. Елшілердің істері Chapter 21
  4. Елшілердің істері Chapter 19
  5. Елшілердің істері Chapter 17
  6. Елшілердің істері Chapter 18
  7. Елшілердің істері Chapter 10

Explore More from Жаңа өсиет

  1. 1 Тімотеге Chapter 5
  2. Жохан Chapter 4
  3. Марқа Chapter 15
  4. 1 Жоханның Chapter 5
  5. Аян Chapter 11
  6. Елшілердің істері Chapter 21
  7. Марқа Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 17
  2. Марқа Chapter 7
  3. Забур жырлары Chapter 73
  4. Зәкәрия Chapter 12
  5. Заңды қайталау Chapter 22
  6. Еремия Chapter 6
  7. Забур жырлары Chapter 123
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *