Read Елшілердің істері Chapter 12 Online
Read Елшілердің істері Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Елшілердің істері and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Елшілердің істері 12
Тарау 12
1. Шамамен осы кезде Ирод (Агриппа) патша қауымның кейбір мүшелерін тұтқындатып, зорлық-зомбылық көрсетіп,
2. Жоханның туған ағасы Жақыпты семсермен шауып өлтіртті.
3. Осы қылығы яһудилерге ұнағанын көрген ол Петірді де қолға түсірді. Бұл Ашымаған нан мейрамының кезінде болды.
4. Осылай Ирод Петірді тұтқындатқан соң, оны түрмеге жаптырып, төрт топқа бөлінген он алты жасақшыға күзеттіріп қойды да, Құтқарылу мейрамынан кейін оны халықтың алдына шығарып, соттамақ болып ниеттенді.
5. Сонымен Петір абақтыда күзетілді, ал қауым ол үшін Құдайға қызу жалбарынып сиынумен болды.
6. Ирод оны халық алдында соттайтын күнгі түнде Петір екі жасақшының ортасында екі шынжырмен байлаулы ұйықтап жатты. Есіктің алдында да қарауыл абақтыны күзетіп тұрды.
7. Кенеттен Жаратқан Иенің бір періштесі пайда болып, қапас жарқырап кетті. Періште Петірді бүйірінен түртіп оятып: «Тезірек тұр!» — дегенде, оның қолдарын байлаған шынжырлар сыпырылып түсті.
8. Періште: «Беліңді буынып, аяғыңа да ки!» — деді. Петір мұны орындағаннан кейін, періште: «Шапаныңды жамылып, маған ер!» — деп бұйырды.
9. Сонда Петір оған ілесіп, қапастан шықты. Ол періштенің істегені өңінде болып жатқанын ұқпай, аян көріп тұрмын деп ойлады.
10. Олар бірінші және екінші қарауылдан өтіп, қалаға шығатын темір қақпаға келгенде, қақпа бұларға өзінен-өзі ашыла кетті де, екеуі сыртқа шықты. Бір көшемен жүріп бара жатқанда кенеттен періште Петірдің қасынан ғайып болды.
11. Петір өзіне-өзі келгеннен кейін: «Иеміздің періштесін жіберіп, мені Иродтың қолынан және яһуди халқы күткеннің бәрінен құтқарғанын енді шынымен біліп тұрмын», — деді.
12. Осыны аңғарған ол Марқа деп те аталған Жоханның шешесі Мәриямның үйіне барды. Сол жерде көп бауырластар Құдайға сиынып мінажат етуге жиналған еді.
13. Петір сыртқы есікті қаққанда, Рода есімді қызметші қыз кім екенін білу үшін құлағын тосты.
14. Ол Петірді даусынан танып, қуанғанынан қақпаны ашпастан үйге жүгіріп барып: — Қақпаның алдында Петір тұр! — деп хабарлады.
15. Ал үйдегілер: — Есің дұрыс па өзі? — деп, оған сенбеді. Бірақ ол: — Рас, рас! — деп тұрып алды. — Бұл оның періштесі шығар, — десті олар.
16. Петір үздіксіз қағып тұрды. Ақырында олар ашып, оны көргенде, қатты таңғалды.
17. Петір сабыр етіңдер деп қолын сілтеп, Иеміздің оны түрмеден қалай шығарғанын әңгімелеп берді. «Осыны Жақыпқа және басқа бауырластарға айтыңдар!» — деп, үйден шығып, басқа жаққа кетіп қалды.
18. Таң атқанда қарауылдағылар Петірге не болғанын түсінбей, қатты састы.
19. Ирод оны іздеуге бұйырып, таппаған соң күзетшілерді тергеп, өлімге кесті. Бұдан кейін Ирод Яһудеядан астанасы Кесарияға ылдилап барып, сонда біраз уақытқа тоқтамақ болды.
20. Ол Тир мен Сидонның тұрғындарына қатты өшігіп алған еді. Екі қала өзара келісіп, өкілдерін жіберді. Бұлар патшаның уәзірі Бластты өздерін жақтауға көндіргеннен кейін: «Бітімге келейік», — деп өтінді. Себебі олардың аймағы патша елінен азық-түлік алып тұратын.
21. Белгіленген күні Ирод патшалық сән-салтанатпен киініп, мінбедегі тағына отырды да, өкілдерге арнап сөз сөйледі.
22. Жиналған халық оған: «Адам емес, құдай сөйлеп тұр!» — деп айқайлай берді.
23. Ирод Құдайға тиісті құрметті көрсетпегендіктен, Жаратқан Иенің періштесі оған дереу жаза жіберді: Ирод тірідей құртқа жем болып өлді.
24. Ал Құдайдың сөзі кеңінен тарап, сенушілердің саны өсе берді.
25. Барнаба мен Саул өздеріне жүктелген міндетті Иерусалимде орындап болып, (Антақияға) қайта оралды. Олар Марқа деп те аталған Жохан есімді жігітті де ертіп алды.
About Елшілердің істері Chapter 12
Read Елшілердің істері Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Елшілердің істері in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Елшілердің істері
Chapter: 12
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Елшілердің істері. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Елшілердің істері Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Елшілердің істері Chapter 12?
Елшілердің істері Chapter 12 is part of the Book of Елшілердің істері in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Елшілердің істері Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from елшілердің-істері
- Елшілердің істері Chapter 23
- Елшілердің істері Chapter 17
- Елшілердің істері Chapter 28
- Елшілердің істері Chapter 21
- Елшілердің істері Chapter 19
- Елшілердің істері Chapter 18
- Елшілердің істері Chapter 10
Explore More from Жаңа өсиет
- Марқа Chapter 13
- 1 Қорынттықтарга Chapter 7
- Ефестіктерге Chapter 1
- 3 Жоханның Chapter 1
- Римдіктерге Chapter 13
- Елшілердің істері Chapter 15
- Аян Chapter 15