Read Матай Chapter 1 Online
Read Матай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Матай and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Матай 1
Тарау 1
1. Ыбырайым атаның ұрпағы Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Иса Мәсіхтің ата-тегінің шежіресі былай құралған:
2. Ыбырайымнан Ысқақ, Ысқақтан Жақып, Жақыптан Яһуда мен оның аға-інілері,
3. ал Яһудадан Парес пен Зарах туды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон, Хесроннан Рам,
4. Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон,
5. Салмоннан Боғоз тарады, оның анасы Рахаб болатын. Боғоздан Ғабит туды, оның анасы Рут еді. Ғабиттен Есей,
6. Есейден Дәуіт патша туды. Дәуіттен Сүлеймен туды, оның анасы Ұрияның бұрынғы әйелі болатын.
7. Сүлейменнен Рохабоғам, Рохабоғамнан Абиях, Абияхтан Аса,
8. Асадан Жосапат, Жосапаттан Жорам, Жорамнан Ұзиях,
9. Ұзияхтан Жотам, Жотамнан Ахаз, Ахаздан Езекия,
10. Езекиядан Манаса, Манасадан Амон, Амоннан Жосия,
11. Жосиядан Ехониях пен оның аға-інілері тарады. Бұл, яһуди халқының көпшілігі Бабыл еліне жер аударылмас бұрын болған еді.
12. Бабылға жер аударылғаннан кейін Ехонияхтан Салатиел, Салатиелден Зоробабел,
13. Зоробабелден Әбиуд, Әбиудтен Елиәкім, Елиәкімнен Азор,
14. Азордан Садық, Садықтан Әкім, Әкімнен Елиуд,
15. Елиудтен Елазар, Елазардан Маттан, Маттаннан Жақып,
16. Жақыптан Мәриямның күйеуі Жүсіп тарады. Ал Мәриямнан Иса дүниеге келді, Ол Мәсіх («Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша») деп те аталады.
17. Осылай Ыбырайымнан Дәуітке дейін он төрт ата, Дәуіттен халықтың Бабыл еліне жер аударылғанына дейін де он төрт ата, жер аударылғаннан Мәсіхке дейін де он төрт ата болды.
18. Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі де қосылмай тұрғанда-ақ, Киелі Рухтың құдіретімен Мәриямның аяғы ауыр екендігі белгілі болды.
19. Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды.
20. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп: «Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан.
21. Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.
22. Мұның бәрі Жаратқан Иенің (Ишая) пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды.
23. Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды».
24. Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді.
25. Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды.
About Матай Chapter 1
Read Матай Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Матай in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Матай
Chapter: 1
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Матай. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Матай Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Матай Chapter 1?
Матай Chapter 1 is part of the Book of Матай in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Матай Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 4
- Жохан Chapter 1
- Жохан Chapter 9
- Жохан Chapter 8
- Жохан Chapter 7
- Жохан Chapter 3
- Жохан Chapter 5
Explore More from матай
- Матай Chapter 7
- Матай Chapter 3
- Матай Chapter 15
- Матай Chapter 2
- Матай Chapter 15
- Матай Chapter 22
- Матай Chapter 12