Руларды санау Chapter 8

For English

Read Руларды санау Chapter 8 Online

Read Руларды санау Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Руларды санау and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Руларды санау 8

Тарау 8

1. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

2. Һаронға мынаны айт: «Шам қойғыштың жеті май шамын дайындатқанда жарығы оның алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп орнат!»

3. Һарон солай істеп, Жаратқан Иенің Мұсаға берген нұсқауына сай шам қойғышқа жеті май шамын орнатты. Олардың жарығы алдыңғы жаққа түсіп тұратын болды.

4. Шам қойғыш тұғырынан бастап жоғарғы жағындағы бүршіктеріне дейін түгелдей алтыннан балғамен соғылып жасалған еді. Бұл Жаратқан Иенің Мұсаға көрсеткен үлгісіне сай істелінді.

5. Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

6. «Леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп алып, тазару рәсімінен өткіз.

7. Оларды тазарту үшін былай істе: олардың үстіне тазарту суын бүркіп шаш. Олар денелеріндегі шашы мен түгін түгел қырып алып тастап, киімдерін жуып, өздерін осылайша тазартсын.

8. Содан соң леуіліктер бір жас бұқаны және тиісті астық тартуын, яғни зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнын, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа арналған екінші жас бұқаны әкелсін.

9. Леуіліктерді кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын жина.

10. Леуіліктерді Жаратқан Иенің алдына алып келгенде, исраилдіктер олардың үстіне қолдарын қойсын.

11. Содан Һарон леуіліктерді Исраил халқының Жаратқан Иеге жасаған ерекше тартуы ретінде Оған ұсынып, Оның қызметіне бағыштасын.

12. Леуіліктер қолдарын екі жас бұқаның бастарына қойсын, содан кейін біреуін күнәнің құнын өтейтін, екіншісін түгелдей өртелетін құрбандық ретінде өздерін күнәларының арамдығынан тазарту үшін шалып, Жаратқан Иеге ұсынсын.

13. Бұдан соң леуіліктерді Һарон мен оның ұлдарының алдына тұрғызып, оларды Жаратқан Иеге арналған ерекше тарту ретінде бағышта.

14. Осылайша леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп ал. Леуіліктер Менің ерекше меншігім болады.

15. Леуіліктерге тазару және Маған ерекше қызмет атқаруға бағышталғанын көрсететін рәсімдерді жасап болғаннан кейін олар кездесу шатырына барып, сол жердегі қызметтеріне кіріссін.

16. Себебі исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдары Менікі, бірақ олардың орнына Мен Исраил халқының арасынан леуіліктерді Өзіме тұрақты қызмет етуге таңдап алдым.

17. Мысыр елінің тұңғыштарына апат жіберген кезде Мен исраилдіктердің тұңғыштарын, адам болсын, мал болсын, Өзіме бағыштап таңдап алып қойғанмын.

18. Сонда Мен леуіліктерді исраилдіктердің тұңғыштарының орнына Өзіме бағыштадым.

19. Мен леуіліктерді діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына көмекші болсын деп тапсырдым. Содан леуіліктер исраилдіктердің күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандықтарын шалып, ұсынуға және олардың Жаратқан Иенің кездесу шатырында істеуге міндетті басқа жұмыстарын атқаруға тиіс. Өзге исраилдіктердің киелі орынға өз беттерімен жақындап келгендіктерінен бастарына апат түспеуі үшін осылай істедім».

20. Содан да Мұса, Һарон және Исраил халқының бүкіл жамағаты леуіліктерді Жаратқан Иеге бағыштап, Оның леуіліктер туралы Мұсаға айтқан нұсқауларының барлығын мұқият орындады.

21. Леуіліктер күнәларынан тазару рәсімінен өтіп, киімдерін жуды. Һарон оларды Жаратқан Иеге ерекше тарту ретінде ұсынып, оларды күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандық шалды.

22. Осыдан бастап леуіліктер діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына көмектесіп, кездесу шатырындағы тиісті міндеттерін атқаруға кірісті. Осының барлығын леуіліктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы өздеріне берген нұсқауына сәйкес жасады.

23. Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:

24. «Жасы жиырма беске жеткен леуіліктер орындауға тиісті ереже мынау: олар осы жастан бастап кездесу шатырында қызмет етуге тиіс.

25. Жасы елуге жеткенде олар бұл қызметтерінен босатылып, жұмыс істемесін.

26. Жасы елуге жеткеннен кейін олардың өзге леуіліктерге кездесу шатырындағы күзетшілік қызметтерін атқаруға көмектесулеріне болады, бірақ басқа жұмыс істемесін. Леуіліктердің қызмет ету тәртібін осылай белгілеулерің керек».

About Руларды санау Chapter 8

Read Руларды санау Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Руларды санау in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Руларды санау
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Руларды санау. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Руларды санау Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Руларды санау Chapter 8?

Руларды санау Chapter 8 is part of the Book of Руларды санау in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Руларды санау Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 19
  7. Ешуа Chapter 5

Explore More from руларды санау

  1. Руларды санау Chapter 32
  2. Руларды санау Chapter 23
  3. Руларды санау Chapter 24
  4. Руларды санау Chapter 10
  5. Руларды санау Chapter 35
  6. Руларды санау Chapter 34
  7. Руларды санау Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. 2 Жоханның Chapter 1
  2. 1 Тімотеге Chapter 6
  3. Жохан Chapter 15
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 15
  5. Еремия Chapter 23
  6. Елшілердің істері Chapter 9
  7. Ишая Chapter 55
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *