Зәкәрия Chapter 12

For English

Read Зәкәрия Chapter 12 Online

Read Зәкәрия Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Зәкәрия 12

Тарау 12

1. Мынау Жаратқан Иенің Исраил елі жайлы айтқан ауыр хабары: Аспанды жайып жіберіп, жердің негізін қалаған, адамның денесінде рухын қалыптастырған Жаратқан Ие мынаны айтады:

2. «Біліп қойыңдар, Мен Иерусалимді айналасындағы елдерді теңселдіретін ішімдікке толы тостаған іспетті қыламын. Жаулар Иерусалиммен бірге Яһуда елін де қоршауға алмақ.

3. Сол күні Мен Иерусалимді барлық халықтар үшін зіл қара тас іспетті қыламын: оны көтеремін дегендердің бәрі де өздерін зорықтырып алатын болады. Сол кезде жер бетінің күллі халықтары оған қарсы жиналып келетін болады.

4. Сол күні Мен әрбір атты қатты үрейлендіріп, оған мінгенді есінен адастырамын, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Мен Яһуда елін қырағы күзетіп, оған қарсы келген халықтардың соғыс аттарын соқыр қылып тастаймын.

5. Сонда Яһуданың рубасылары іштей былай дейтін болады: «Иерусалимнің тұрғындары — біздің қуатымыз, өйткені Әлемнің Иесі — олардың Құдайы!»

6. Сол күні Мен Яһуданың рубасыларын отынның арасындағы шоқ салғыштай, яки астық бауларының арасында жанып жатқан алаудай етемін. Олар айналадағы барлық халықтарды өртейтіндей жалмайды. Бірақ Иерусалимнің халқы қайтадан аман-есен өз мекенінде тұратын болады.

7. Сонда Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің тұрғындарының атақ-даңқы Яһуда елінің атақ-даңқынан асып кетпесін деп Жаратқан Ие алдымен Яһуданың елді мекендерін құтқарады.

8. Сол күні Жаратқан Иенің Өзі Иерусалимде тұратындарды қорғайды. Сол себепті олардың арасындағы ең әлсіз дегені Дәуіттей мықты болады. Ал Дәуіттің әулеті оларды Құдайдың Өзіндей, Жаратқан Иенің періштесіндей бастап алып жүреді.

9. Сол күні Мен Иерусалимге тап беретін барлық халықтарды құртуға кірісемін».

10. «Мен Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің халқына мейірім мен мінажат ету рухын дарытамын. Сонда олар өздері түйреген Кісіге қарайтын, әрі жалғыз ұлын жоқтағандай, жоқтау айтатын болады. Олар тұңғышы қайтыс болғандай, Ол туралы қатты күйініп, қайғыратын болады.

11. Сол күні Иерусалимдегі жоқтау Мегидо жазығындағы Хадад-Римонда болған жоқтау сияқты өте қатты болмақ.

12. Сонда бүкіл ел, әрбір әулет өз алдына, ер адамдар мен әйелдер бөлек-бөлек қайғырады: Дәуіттің әулеті өз алдына, (оның ұлы) Натанның әулеті өз алдына,

13. Леуінің әулеті өз алдына, (Леуіден тараған) Шимейдің әулеті өз алдына.

14. Аман қалған әулеттердің барлығы да, ер адамдары мен әйелдері бөлек-бөлек, қайғыратын болады».

About Зәкәрия Chapter 12

Read Зәкәрия Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Зәкәрия
Chapter: 12
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Зәкәрия Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Зәкәрия Chapter 12?

Зәкәрия Chapter 12 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 3
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 4
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from зәкәрия

  1. Зәкәрия Chapter 10
  2. Зәкәрия Chapter 3
  3. Зәкәрия Chapter 14
  4. Зәкәрия Chapter 1
  5. Зәкәрия Chapter 6
  6. Зәкәрия Chapter 13
  7. Зәкәрия Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 26
  2. Жаратылыстың бастауы Chapter 44
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 29
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 1
  5. Әйүп Chapter 19
  6. Рут Chapter 2
  7. 1 Жоханның Chapter 2
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *