Read Зәкәрия Chapter 5 Online
Read Зәкәрия Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Зәкәрия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Зәкәрия 5
Тарау 5
1. Мұнан кейін жоғары қарасам, бір шиыршық кітап ұшып бара жатыр екен.
2. Періште менен: — Не көріп тұрсың? — деп сұрады. — Ұшып бара жатқан бір шиыршық кітапты көріп тұрмын. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, ені он шынтақ, — деп жауап бердім.
3. Сонда ол маған түсіндіріп былай деді: — Осы кітапта жазылғаны — бүкіл жер бетіне таралып жатқан қарғыс. Қағаздың бір бетінде әрбір ұры, екінші бетінде әрбір өтірік ант етуші елден міндетті түрде аластатылады деген сөз жазылған.
4. Әлемнің Иесі былай дейді: — Мен осы қарғысты ұрылардың және Менің атымды атап өтірік ант етушілердің үйлеріне жіберемін. Ол солардың үйлерінің ішіне қонып, үйдің тастары мен бөренелерін тып-типыл қылып құртады.
5. Содан кейін менімен сөйлескен періште ілгері қарай шығып, былай деді: — Басыңды көтеріп жоғары қара! Не жақындап келе жатыр? —
6. Мен: — Бұл не? — деп сұрадым. Періште маған түсіндіріп: — Бұл — үлкен өлшеуіш ыдыс — деді. Ол сөзін жалғастырып: — Ыдыс бүкіл елдің тұрғындарының жасаған қылмыстарының бейнесі, — деп қосты.
7. Сонда ыдыстың қорғасын қақпағын ашып, қарасақ, ішінде бір әйел отыр екен!
8. Періште: — Бұл — заңсыздықтың бейнесі, — деді де, әйелді ыдыстың ішіне итеріп жіберіп, қорғасын қақпағын тығыздап жауып қойды.
9. Осыдан кейін тағы да қарасам, екі әйел қалықтап ұшып келе жатыр екен. Олардың аққұтанның қанаттарындай қанаттарынан жел есіп тұрды. Олар ыдысты аспан мен жердің арасына, әуеге көтеріп алып кетті.
10. Мен өзіммен сөйлескен періштеден: — Олар ыдысты қайда алып кетті? — деп сұрадым.
11. Ол маған: — Олар оны Бабыл еліндегі Шинар жазығына әкетті. Сол жерде оған ғибадатхана салып береді. Ол салынып, дайын болған кезде ыдысты сондағы арнаулы тұғырына қояды, — деп жауап берді.
About Зәкәрия Chapter 5
Read Зәкәрия Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Зәкәрия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Зәкәрия
Chapter: 5
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Зәкәрия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Зәкәрия Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Зәкәрия Chapter 5?
Зәкәрия Chapter 5 is part of the Book of Зәкәрия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Зәкәрия Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from зәкәрия
- Зәкәрия Chapter 4
- Зәкәрия Chapter 10
- Зәкәрия Chapter 12
- Зәкәрия Chapter 11
- Зәкәрия Chapter 6
- Зәкәрия Chapter 7
- Зәкәрия Chapter 9