Уағыздаушы Chapter 5

For English

Read Уағыздаушы Chapter 5 Online

Read Уағыздаушы Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Уағыздаушы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Уағыздаушы 5

Тарау 5

1. Тілің сөйлеуге тез болмасын! Құдай алдында бір нәрсені айтуға тым асықпа! Құдай көкте, ал сен жердесің, сондықтан да сөзшең болма!

2. «Көп уайымдағанда адам түс көрер, Көп сөз айтылғанда ақымақ та сөз сөйлер».

3. Егер Құдайға уәде берген болсаң, оны орындауды кешеуілдетпе. Солай еткен ақымақтарға Ол риза болмайды. Нені уәде еткен болсаң, соны орында!

4. Уәде беріп, оны орындамағаннан мүлдем уәде бермегенің жақсы.

5. Аузыңнан шыққан сөздерің сені күнәға батырмасын. Құдайдың хабаршысы — діни қызметкерге: «Берген уәдем қате», — деп сылтауратпа! Неліктен сен Құдайдың ашуын шақырып, істеген істеріңді жойдырмақсың?

6. Себебі көп түс көру де, көп сөз айту да құр бекершілік. Солардың орнына Құдайды терең қастерле!

7. Егер бір аймақта кедейлердің езгіге ұшырап, әділдік пен құқықтан айырылып отырғанын көрсең, соған тым қатты таңданба. Өйткені бір әкімді одан да лауазымды басқа біреу қадағалап, солардан жоғары тағы басқалары да болады, (ал әділдік жиі ескерусіз қалады).

8. Солардың бәрі жердің өнімінен тартып ала береді. Патшаның өзі де өңделген жердің пайдасын көреді.

9. Ақшақұмар ақшаға тоймас, байлыққұмар кірісіне қанағаттанбас. Бұл да бекершілік.

10. Адам байыған сайын, онысын жеп қоятындар да көбейер. Байлығының иесі онысына көз салудан басқа пайда көрмес.

11. Не аз, не көп жесін, өз еңбегімен күн көретіннің ұйқысы жайлы болар. Ал байдың мол байлығы өзін ұйқысынан айырар.

12. Мен осы өткінші дүниеде көрген, жанға бататын тағы бір жайт мынау: жинаған байлығы иесіне кейде тіпті зиян келтіреді.

13. Сол байлық бір апаттан құрып жоқ болар. Сонда ұлы дүниеге келгенде әкесінің оған қалдыратын ештеңесі болмайды.

14. Адам ана құрсағынан жалаңаш шығады, о дүниеге де дәл солай аттанады. Өзінің еңбек етіп тапқанынан ештеңені де қолымен ұстап алып кете алмайды.

15. Жанға қатты бататын тағы бір жайт мынау: адам дүниеге қалай келсе, дәл солай кетеді, ал еткен еңбегі желге ұшып кетті, енді оған не пайда?!

16. Сондай пенде өмір бойы жабырқаңқы жүріп нанын жейді де, түңіліп, науқастанып, ашынып кетеді.

17. Адамға ең жақсысы мынау екеніне көзім жетті: оның ішіп-жеп, осы дүниеде өзіне Құдай сыйлаған бүкіл ғұмырында атқарған барша жұмыстарының игілігін көруі. Себебі оған тиісті үлес — осы.

18. Оның үстіне, Құдай бір адамға байлық-дәулет сыйласа және оған соның пайдасын көріп, өз үлесін алып, істеген жұмысынан рақат табуды бұйырса, бұл да Құдайдың берген сыйы.

19. Құдай сондай адамға күнделікті өмірінде қуаныш сыйлайды. Сөйтіп оның өтіп жатқан өмірі туралы ойланып, уайымдауға уақыты да қалмайды.

About Уағыздаушы Chapter 5

Read Уағыздаушы Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Уағыздаушы
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Уағыздаушы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Уағыздаушы Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Уағыздаушы Chapter 5?

Уағыздаушы Chapter 5 is part of the Book of Уағыздаушы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Уағыздаушы Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from уағыздаушы

  1. Уағыздаушы Chapter 1
  2. Уағыздаушы Chapter 7
  3. Уағыздаушы Chapter 11
  4. Уағыздаушы Chapter 8
  5. Уағыздаушы Chapter 9
  6. Уағыздаушы Chapter 3
  7. Уағыздаушы Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 17
  2. Аян Chapter 20
  3. Забур жырлары Chapter 4
  4. Леуіліктер Chapter 23
  5. 2 Салониқалықтарга Chapter 3
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 8
  7. Леуіліктер Chapter 25
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *