Езекиел Chapter 9

For English

Read Езекиел Chapter 9 Online

Read Езекиел Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езекиел 9

Тарау 9

1. Содан соң Жаратқан Иенің қатты дауыспен: «Қаланы жазалау міндеті тапсырылғандар әрқайсысы қолына қаруын алып, мұнда келсін!» — деп бұйырғанын естідім.

2. Сонда мен солтүстікке қарайтын Үстіңгі қақпа жақтан келе жатқан алты кісіні көрдім. Әрқайсысының қолында қырып жоятын қаруы бар екен. Олармен бірге ақ бәтес киім киіп, беліне жазу құралдарын байлап алған тағы біреу де келе жатты. Олар ғибадатхананың ауласына кіріп, қола құрбандық үстелінің жанына келіп тұрды.

3. Сол кезде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты өзі орналасқан керуб атты күзетші періштелердің үстінен көтерілді де, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Бұдан кейін Жаратқан Ие беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген қызметшісін алдына шақырып алды да,

4. оған былай деп бұйрық берді: «Бүкіл Иерусалим қаласын аралап шық та, онда жасалып жатқан жексұрын күнәларға бола ыңқылдай күрсініп қайғырған адамдардың маңдайына таңба сал!»

5. Мен осының бәрін тыңдап тұрғанда Жаратқан Ие жаңағы басқа қызметшілеріне былай деп әмір етті: «Мұның соңынан еріп, өздеріңе кездескен адамдардың бәрін қырып-жойып отырыңдар! Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеңдер!

6. Қарт болсын, жігіт пен қыз болсын, әйел мен бала болсын қыра беріңдер! Тек маңдайында таңбасы бар ешкімге тиіспеңдер! Менің киелі үйімнен бастап солай істеңдер!» Сонда олар өздеріне тапсырылған істі киелі үйдің алдында тұрған ақсақалдардан бастады.

7. Жаратқан Ие оларға тағы: «Киелі үйді арамдаңдар! Барлық аулаларын өліктермен толтырыңдар! Барыңдар!» — деген бұйрық берді. Олар барып, қаладағы адамдарды қыра бастады.

8. Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым.

9. Ол маған былай деп жауап берді: — Исраил мен Яһуданың кінәсі алапат зор! Бүкіл елде қан төгілген, қала да әділетсіздікке толған. Олар «Жаратқан Ие біздің елді тастап кетті! Жаратқан Ие бізді көрмейді!» деседі.

10. Сондықтан Мен оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Істеген істеріне лайықты жазаны олардың бастарына түсіремін!

11. Сонда беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген періште қайтып келді де: «Бұйрығыңыз толығымен орындалды!» — деп (Жаратқан Иеге) баяндады.

About Езекиел Chapter 9

Read Езекиел Chapter 9 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езекиел
Chapter: 9
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езекиел Chapter 9 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езекиел Chapter 9?

Езекиел Chapter 9 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 9 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езекиел

  1. Езекиел Chapter 7
  2. Езекиел Chapter 24
  3. Езекиел Chapter 37
  4. Езекиел Chapter 33
  5. Езекиел Chapter 44
  6. Езекиел Chapter 36
  7. Езекиел Chapter 45

Explore More from Ескі өсиет

  1. Таңдауы ән Chapter 2
  2. Жүніс Chapter 2
  3. Ишая Chapter 8
  4. Езекиел Chapter 48
  5. Забур жырлары Chapter 35
  6. Таңдауы ән Chapter 5
  7. Мысырдан шығу Chapter 18

Related Chapters & Readings

  1. Жохан Chapter 8
  2. Әйүп Chapter 21
  3. Філіпіліктерге Chapter 3
  4. Жохан Chapter 13
  5. Ешуа Chapter 1
  6. Жохан Chapter 9
  7. Даниял Chapter 12
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *