Езекиел Chapter 46

For English

Read Езекиел Chapter 46 Online

Read Езекиел Chapter 46 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Езекиел 46

Тарау 46

1. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ішкі ауланың Шығыс қақпа ғимараты алты жұмыс күні бойы жабық тұрып, демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні ашық тұрсын.

2. Әмірші сырттан осы қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі арқылы кіріп, оның ішімен өтетін жолда орналасқан бағананың қасында тұрсын. Діни қызметкерлер әміршінің түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалып, өртеп Өзіме ұсынсын. Әміршінің өзі қақпа табалдырығының қасында иіліп ғибадат етсін. Содан соң ол сыртқы аулаға шығып кетеді. Қақпа ғимараты кешке дейін жабылмайды.

3. Елдің халқы демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні Шығыс қақпа ғимаратының кіреберісінің қасында Менің, Жаратқан Иенің, алдында иіліп ғибадат етсін.

4. Әміршінің демалыс күні Маған, Жаратқан Иеге, арнап алып келетін, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтары мінсіз алты еркек тоқты және мінсіз бір қошқар болсын.

5. Қошқарға қоса ұсынылатын астық тартуы бір пұт бидай ұны, ал тоқтыларға қоса берілетін астық тартуы әміршінің өз еркіне қарай болсын. Әмірші әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса ұсынуы керек.

6. Айдың алғашқы күні әмірші бір жас бұқаны, алты тоқты мен бір қошқарды құрбандыққа ұсынуы керек. Малдардың бәрі де мінсіз болуға тиіс.

7. Әмірші жас бұқаға және қошқарға қоса бір пұттан бидай ұнын тарту етсін. Ал тоқтыларға қоса ол астық тартуын өз еркіне қарай барынша берсін. Оның әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса беруі де қажет.

8. Әмірші қақпа ғимаратына кіргенде, соның бағаналы кіреберісі арқылы өтіп, сол жолмен кері шығып кететін болсын.

9. Елдің халқы белгіленген мейрамдарды тойлауға Жаратқан Иенің алдына келгенде, Солтүстік қақпа ғимаратынан кіргендері Оңтүстік қақпа ғимаратынан, ал Оңтүстік қақпа ғимаратынан кіргендері Солтүстік қақпа ғимаратынан шығатын болсын. Әркім кірген қақпа ғимаратынан шықпай, қарама-қарсы қақпа ғимаратынан шығатын болсын.

10. Сол мейрамдарда әмірші халықтың арасында болып, аулаға олармен бірге кіріп, бірге шығатын болсын.

11. Сонымен ғибадатханадағы арнайы жиындарда және белгіленген мейрамдарда құрбандыққа шалынатын әр бұқа мен қошқарға қоса ұсынылатын астық тартуының мөлшері бір пұттан болсын. Тоқтыларға қоса ұсынылатын бидай мөлшері құрбандық шалушының еркіне сай болмақ. Тарту етілген әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майы қоса әкелінсін.

12. Әмірші Жаратқан Иеге арнап не шалынып, түгелдей өртелетін, не Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықты ерікті тарту ретінде ұсынбақ болғанда, оған ішкі ауланың шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты ашылуы керек. Ол өзінің құрбандықтарын демалыс күні жасалатындай етіп ұсынсын. Содан соң әмірші шығып кетіп, қақпа қайтадан жабылсын.

13. Әр күні таңертең мінсіз бір жасар тоқтыны Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық қылып шалыңдар.

14. Оған қоса әр таңертең сайын пұттың алтыдан бір бөлігі мөлшерінде астық тартуын да жасаңдар. Ұнға қосып араластыру үшін үш қадақ зәйтүн майын да әкеліңдер. Жаратқан Иеге осы астық тартуын ұсынып тұру тұрақты ереже болады.

15. Осылайша күн сайын таңертең түгелдей өртелетін құрбандыққа арналған тоқты, астық тартуы және зәйтүн майы ұдайы қамтамасыз етіліп тұратын болады».

16. Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Егер әмірші ұлдарының біріне өз мұралық жерінен сый жасаса, осы жер сол ұлының ұрпақтарының да меншігіне өте береді. Бұл атадан балаға өтетін сол үрім-бұтақтың мұрасына айналады.

17. Ал егер әмірші өз меншікті жерінен қызметкерлерінің біріне сый жасаса, бұл Мерекелі жылға дейін ғана сол қызметкердің иелігінде болады. Мерекелі жылда сол жер үлесі әміршіге қайтып оралады. Себебі әміршінің меншікті жері өз ұрпақтарына ғана мұра болып қала алады, ол тек соларға ғана тиісті.

18. Әмірші ешкімді оның мұралық жерінен қуып шығып, соны иемденіп алмасын! Әмірші ұлдарына мұраны тек өзінің меншікті жер үлесінен ғана берсін. Менің халқымның ешбір адамы өзіне тиісті мұралық жерінен айырылып қалмасын!»

19. Енді әлгі хабаршы мені қақпа ғимаратының жанындағы кіреберіс арқылы діни қызметкерлерге арналған, солтүстік жаққа қарайтын қасиетті бөлмелерге де ертіп алып барды. Маған сол бөлмелердің батыс шетіндегі бір жерді көрсетті де,

20. былай деді: «Осы жерде діни қызметкерлер айыпты өтеу және күнәнің құнын өтеу құрбандықтарының етін пісіріп, астық тартуларының нанын жабады. Бұл тартулар мен құрбандықтарды сыртқы аулаға алып шығуға болмайды. Себебі олай етілсе, онда ауладағы халық та Құдайға ерекше бағышталып киелі болар еді».

21. Содан соң хабаршы мені (халыққа арналған) сыртқы аулаға алып шықты да, ауланың төрт бұрышын түгел аралатты. Төрт бұрыштың әрқайсысынан мен бір-бір шағын ауладан көрдім.

22. Қабырғамен қоршалған осы шағын аулалардың әрқайсысының ұзындығы қырық, ені отыз шынтақтан болды.

23. Әлгі қабырғалардың ішкі жағын айналдыра тас үстелдер тұрды. Барлығының астында от жағылатын ошақтары бар екен.

24. Хабаршы маған былай деп түсіндірді: «Бұлар ғибадатханада қызмет ететін леуіліктердің халық ұсынған құрбандықтардың етін пісіретін асүйлері».

About Езекиел Chapter 46

Read Езекиел Chapter 46 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Езекиел
Chapter: 46
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Езекиел Chapter 46 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Езекиел Chapter 46?

Езекиел Chapter 46 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 46 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from езекиел

  1. Езекиел Chapter 37
  2. Езекиел Chapter 24
  3. Езекиел Chapter 7
  4. Езекиел Chapter 41
  5. Езекиел Chapter 44
  6. Езекиел Chapter 36
  7. Езекиел Chapter 33

Explore More from Ескі өсиет

  1. Амос Chapter 1
  2. Ишая Chapter 64
  3. Забур жырлары Chapter 2
  4. Забур жырлары Chapter 9
  5. Ишая Chapter 58
  6. Забур жырлары Chapter 6
  7. Забур жырлары Chapter 47

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 23
  2. Езекиел Chapter 44
  3. Еремия Chapter 14
  4. 2 Тімотеге Chapter 3
  5. Заңды қайталау Chapter 28
  6. Ефестіктерге Chapter 1
  7. Еврейлерге Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *