Read Езекиел Chapter 35 Online
Read Езекиел Chapter 35 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Езекиел and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Езекиел 35
Тарау 35
1. Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2. «Пендем, бет-жүзіңді Сейір тауына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап былай де:
3. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын.
4. Қалаларың қиратылып, өзің қаңырап бос қаласың. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың.
5. Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің.
6. Сол себептен мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Мен сені қантөгіске үкімдеймін де, бұдан былай ол сенің қыр соңыңнан қалмай қояды. Сен қантөгісті еш жек көрмегендіктен, ол сені өкшелейтін болады.
7. Мен Сейір тауын қиратып, қаңыратамын. Енді одан қашып кетіп, не қайтып келетіндердің бәрін құртамын.
8. Таулы жеріңді өліктермен жауып тастаймын. Адамдар сенің қырат-қырқаларыңда, аңғарларың мен барлық сай-салаларыңда семсерден қырылатын болады.
9. Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың.
10. Сен: «Осы екі ел — Яһуда мен Исраилдің халықтары да, жерлері де менікі болады. Оларды иемденіп аламын!» деген болатынсың. Ал Мен, Жаратқан Ие, сол жерде болдым ғой!
11. Сондықтан өз атыммен ант етемін, — дейді мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие. — Мен сені оларды сондай жек көріп, ашу-ыза мен қызғанышқа салынғандығыңа сай жазалаймын. Саған істегендерім арқылы Мен Өзімді халқыма танытамын.
12. Сонда сен Менің, Жаратқан Иенің, Исраилдің тауларына қарсы айтқан сенің барлық қорлау сөздеріңді естігенімді білетін боласың. Сен: «Олар қаңырап бос қалып, маған жалмап қоюға берілді» деп оларды табаладың ғой.
13. Оның үстіне Менің көз алдымда мақтанып, еш шімірікпестен Маған қарсы сөздеріңді көбейттің. Мен соларыңды да естідім!»
14. Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Бүкіл жер шат-шадыман болып жатқанда, Мен сені қаңыратып бос қалдырамын!
15. Исраил халқының мұралық жері қаңырап бос қалғанда сен қуанған едің. Енді Мен де саған дәл солай істеймін. Сен қаңырап бос қаласың, ей, Сейір тауы, әрі бүкіл Едом елі! Сонда бәрі де Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
About Езекиел Chapter 35
Read Езекиел Chapter 35 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Езекиел in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Езекиел
Chapter: 35
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Езекиел. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Езекиел Chapter 35 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Езекиел Chapter 35?
Езекиел Chapter 35 is part of the Book of Езекиел in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Езекиел Chapter 35 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from езекиел
- Езекиел Chapter 7
- Езекиел Chapter 37
- Езекиел Chapter 24
- Езекиел Chapter 36
- Езекиел Chapter 33
- Езекиел Chapter 44
- Езекиел Chapter 32
Explore More from Ескі өсиет
- Әйүп Chapter 42
- Аббақұқ Chapter 1
- Мысырдан шығу Chapter 40
- Нақыл сөздер Chapter 7
- Забур жырлары Chapter 129
- Амос Chapter 8
- Нақыл сөздер Chapter 30