Билер Chapter 13

For English

Read Билер Chapter 13 Online

Read Билер Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Билер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Билер 13

Тарау 13

1. Исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Ол халықты қырық жыл бойы філістірлердің қолына табыстады.

2. Дан руының Сора қаласында Маноғах есімді бір кісі тұратын, оның әйелі бала тумайтын бедеу еді.

3. Бір күні Жаратқан Иенің періштесі әйелге мынадай хабар алып келді: «Сен бала тумаған бедеу болған едің. Енді аяғың ауырлап, ұл туасың.

4. Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішуден, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеуден сақ бол!

5. Себебі жүкті болып, ұл туасың. Оның басына ұстара мүлдем тимеуі керек. Ол құрсақта жатқан кезінен-ақ Құдайға ерекше бағышталған жан болады. Исраилді філістірлердің қолынан сол құтқара бастайды!»

6. Содан кейін әйел күйеуіне келіп, былай деді: «Маған Құдайдың жіберген бір адамы келіп кетті. Оның сыртқы көрінісі Құдайдың періштесі сияқты үрей туғызады. Мен оның қайдан келгенін сұраған жоқпын, ол да өзінің аты-жөнін айтқан жоқ.

7. Бірақ ол маған: Аяғың ауырлап, ұл туасың. Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішпе, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеме. Себебі бала құрсақта жатқан кезінен өлген күніне дейін Құдайға ерекше бағышталған жан болады! — деді».

8. Маноғах Жаратқан Иеге сиынып: «Уа, Ием, Өзің бізге жіберген адамың қайтып келіп, дүниеге келетін осы балаға не істеуіміз керек екенін үйрете көрсін», — деп өтінді.

9. Құдай Маноғахтың мінажатына құлақ салды. Оның әйелі егіс басында жүргенде Құдайдың періштесі оған қайтадан ұшырасты. Сол кезде де күйеуі Маноғах қасында жоқ еді.

10. Әйелі бірден күйеуіне жүгіріп барып: «Анау күні келген адам маған қайтадан көрінді!» — деп оны шақырды.

11. Маноғах орнынан тұрып, әйеліне еріп сол адамға барды. Одан: — Мына әйелмен сөйлескен адам сізсіз бе? — деп сұрады. Ол: — Мен солмын, — деп жауап берді.

12. Маноғах оған: — Айтқандарыңыз жүзеге асқанда баланың өмірі мен іс-әрекеті қандай болуы керек? — деген сұрақ қойды.

13. Жаратқан Иенің періштесі Маноғахқа: — Әйелің мен айтқан нәрселердің барлығынан бас тартатын болсын:

14. жүзімнен дайындалған ештеңені жемесін, шарап пен басқа да ашыған сусын атаулыны ішпесін, ешқандай арам нәрсені жеуіне де болмайды. Мен оған бұйырғанның барлығын орындасын! — деді.

15. Маноғах Жаратқан Иенің періштесін: — Бізбен бірге қала тұрыңыз. Бір лақ соямыз, тамақ жеп кетіңіз! — деп шақырды.

16. Періште оған: — Жарайды, біраз қала тұрайын, алайда сенің тамағыңнан дәм татпаймын. Дегенмен Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ұсынуыңа болады, — деді. Маноғах келген қонағының Жаратқан Иенің періштесі екенін әлі де ұғынбай тұрған еді.

17. Сондықтан ол Жаратқан Иенің періштесінен: — Аты-жөніңізді айтыңызшы, сөздеріңіз орындалған кезде сізге құрмет көрсетейік! — деп өтінді.

18. Бірақ Жаратқан Иенің періштесі оған: — Менің атымды неге сұрайсың? Ол түсінуге болмайтын тым керемет! — деп жауап қайырды.

19. Маноғах лақты шалып, оны және астық тартуын алып, екеуін сол жердегі бір дәу тастың үстінде Жаратқан Иеге өртеп ұсынды. Ол әйелі екеуі құрбандықтың жанып жатқанына қарап тұрғанда, Жаратқан Ие бір керемет іс жасады!

20. Құрбандық орнынан от жалыны аспанға қарай лаулап жатқан кезде Жаратқан Иенің періштесі сол жалынның ішінде жоғары көтеріліп кетті. Маноғах пен әйелі мұны көргенде екеуі етпеттерінен жерге жата кетіп, Жаратқан Иеге ғибадат етті.

21. Періште Маноғах пен оның әйеліне енді қайтып көрінбеді. Сонда Маноғах оның Жаратқан Иенің періштесі болғанын ұғынып,

22. әйеліне: — Біз Құдайды көрген екенбіз, енді құритын шығармыз! — деді.

23. Бірақ әйелі оған: — Егер Жаратқан Ие бізді құртуды қалаған болса, онда не өртелген құрбандығымыз бен астық тартуымызды қабылдамас, не осындай кереметті көрсетпес, не сондай хабарды жеткізбес еді ғой! — деп жауап берді.

24. Уақыты жетіп, Маноғахтың әйелі ұл туып, атын Самсон деп қойды. Бала өсіп, Жаратқан Иенің жарылқауына ие болды.

25. Самсон Сора мен Ештағолдың арасындағы Махане-Дан дейтін жерде болғанда, Жаратқан Иенің Рухы алғаш рет оны әрекет жасауға ұмтылдырды.

About Билер Chapter 13

Read Билер Chapter 13 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Билер
Chapter: 13
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Билер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Билер Chapter 13 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Билер Chapter 13?

Билер Chapter 13 is part of the Book of Билер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Билер Chapter 13 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from билер

  1. Билер Chapter 21
  2. Билер Chapter 17
  3. Билер Chapter 5
  4. Билер Chapter 10
  5. Билер Chapter 19
  6. Билер Chapter 12
  7. Билер Chapter 11

Explore More from Ескі өсиет

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 35
  2. Естер Chapter 6
  3. Ишая Chapter 65
  4. Ишая Chapter 52
  5. Ишая Chapter 47
  6. Мысырдан шығу Chapter 29
  7. Патшалықтар 1-ж Chapter 13

Related Chapters & Readings

  1. Жохан Chapter 19
  2. Езекиел Chapter 47
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 17
  4. Руларды санау Chapter 33
  5. Уағыздаушы Chapter 8
  6. Ишая Chapter 4
  7. Мысырдан шығу Chapter 38
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *