Билер Chapter 10

For English

Read Билер Chapter 10 Online

Read Билер Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Билер and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Билер 10

Тарау 10

1. Әбумәліктен кейін Додоның немересі Пуах ұлы Тола Исраилді құтқаруға тағайындалды. Исашар руынан шыққан ол Ефремнің таулы аймағындағы Шамирды мекендеді.

2. Тола Исраилде жиырма үш жыл бойы билік айтты. Тола би қайтыс болғанда мәйіті Шамирдағы қабірге қойылды.

3. Тола биден кейін Исраилде ғилақадтық Жайыр жиырма екі жыл бойы билік айтты.

4. Оның отыз ұлы болды. Олар отыз есекке мініп, Ғилақад аймағында орналасқан отыз қалаға ие болды. Сол қалалар әлі күнге дейін «Жайыр қоныстары» деп аталады.

5. Жайыр би қайтыс болғанда мәйіті Қамондағы қабірге қойылды.

6. Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды.

7. Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді.

8. Бұлар сол жылы исраилдіктерге соққы беріп, оларды аяусыз қанады. Жау бұрынырақ Иордан өзенінің арғы жағын мекендеген аморлықтардың жері — Ғилақад аймағында қоныстанған барлық исраилдіктерді он сегіз жыл бойы қанады.

9. Аммондықтар тіпті Иордан өзенінен өтіп, Яһуда, Бунямин және Жүсіптен тараған екі руға да қарсы соғысты. Сол себепті Исраил халқы зор қысым көрді.

10. Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып: — Біздер Сенен, өз Құдайымыздан, бас тартып, Бағалдың мүсіндеріне құлшылық етіп ауыр күнә жасадық! — деп көмек беруін өтінді.

11. Жаратқан Ие оларға былай деп жауап қатты: — Мысырлықтар, аммондықтар, філістірлер,

12. сондай-ақ, сидондықтар, амалектіктер және мағондықтар сендерді қыспақтап қанағанда, Маған жалбарына сиындыңдар, ал Мен өздеріңді олардың қолынан құтқарып алып отырдым. Бұл солай болды емес пе?

13. Бірақ сендер Менен бас тартып, бөгде тәңірлерге табынып келесіңдер. Сондықтан Мен сендерді бұдан былай құтқармаймын!

14. Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! —

15. Ал исраилдіктер Жаратқан Иеге: — Біз күнә жасадық! Өзің дұрыс деп тапқаныңды бізге істей гөр, тек жаудан құтқарсаң етті! — деп жалынды.

16. Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды.

17. Бұдан кейін аммондықтар жасақшыларын жинап, Ғилақадта тұрақтағанда, исраилдіктер де жиналып, Миспада қостарын тікті.

18. Ғилақад халқының басшылары өзара ақылдасып: «Аммондықтарға қарсы шабуылды кім бастайды? Сол адам Ғилақад аймағын мекендейтін бәріміздің басшымыз болсын», — деп келісті.

About Билер Chapter 10

Read Билер Chapter 10 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Билер in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Билер
Chapter: 10
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Билер. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Билер Chapter 10 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Билер Chapter 10?

Билер Chapter 10 is part of the Book of Билер in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Билер Chapter 10 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from билер

  1. Билер Chapter 21
  2. Билер Chapter 13
  3. Билер Chapter 19
  4. Билер Chapter 15
  5. Билер Chapter 18
  6. Билер Chapter 17
  7. Билер Chapter 8

Explore More from Ескі өсиет

  1. Жаратылыстың бастауы Chapter 45
  2. Еремия Chapter 16
  3. Забур жырлары Chapter 81
  4. Мысырдан шығу Chapter 37
  5. Патшалықтар 4-ж Chapter 13
  6. Жаратылыстың бастауы Chapter 30
  7. Таңдауы ән Chapter 7

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 6
  2. Миха Chapter 6
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 13
  4. Езекиел Chapter 19
  5. Нақыл сөздер Chapter 2
  6. Руларды санау Chapter 14
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 10
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *