Шежірелер 2-ж Chapter 11

For English

Read Шежірелер 2-ж Chapter 11 Online

Read Шежірелер 2-ж Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 2-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

A+ A A-

Шежірелер 2-ж 11

Тарау 11

1. Рохабоғам Иерусалимге қайтып келген соң, (Солтүстік) Исраилге қарсы аттанып, бүкіл патшалықты өзіне қайтарып алмақ болды. Сол үшін Яһуда мен Бунямин халқынан бір жүз сексен мың таңдаулы сарбазын жинады.

2. Бірақ Құдай Ие Өзінің таңдаған адамы Шемаяхқа сөзін арнап былай деді:

3. «Яһуданың патшасы Сүлеймен ұлы Рохабоғамға және Яһуда мен Буняминнің жерлерінде тұратын исраилдіктерге тіл қатып былай де:

4. Жаратқан Ие мынаны айтады: Жорыққа аттанып, өз ағайындарыңмен соғыспаңдар! Барлығың да үйлеріңе қайтыңдар! Себебі мұны істеп отырған Өзіммін!» Сонда олар Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ асып, Еробоғамға қарсы аттанған жорықтан кері қайтты.

5. Рохабоғам Иерусалимде тұрып, Яһуда елін қорғау үшін бірнеше қалаларда қамалдар салды.

6. Олар: Бетлехем, Етам, Теқоя,

7. Бет-Сұр, Соқо, Адуллам,

8. Ғат, Мареша, Зиф,

9. Адораим, Лахыш, Әзека,

10. Сора, Аялон, Хеброн. Осы қамалды қалалар Яһуда мен Бунямин руларының жерінде орналасқан.

11. Рохабоғам сол қалалардың бекіністерін күшейтіп, қолбасшыларын тағайындап, оларда азық-түлік, зәйтүн майы және шарап қорларын дайындады.

12. Сонымен қатар ол барлық қалаларды қалқан, найзалармен жабдықтап, мықтап бекітті. Осылай Яһуда мен Бунямин рулары Рохабоғамның билігінде қалды.

13. Исраилдің күллі аймақтарындағы діни қызметкерлер мен леуіліктер Рохабоғамды жақтады.

14. Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғам мен оның ұлдары оларды Жаратқан Иеге қызмет етуден аластатты. Сондықтан көптеген леуіліктер мұралық жайылымдарын, үй-жайларын тастап, Яһуда мен Иерусалимге көшіп келді.

15. Еробоғам жалған тәңірлердің ешкі және жас бұқа кейпіндегі мүсіндерін жасатып, солар үшін және биіктеу жерлердегі табыну орындары үшін өзінің діни қызметкерлерін тағайындады.

16. Алайда халықтың барлық руларында Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге шын жүректен бет бұрып, Оның еркін сұраған адамдар болды. Олар ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалу үшін Оған адал болып қалған леуіліктердің соңынан Иерусалимге барды.

17. Бұлар үш жыл бойы Яһуда патшалығын күшейтіп, Сүлеймен ұлы Рохабоғамды қолдады. Олар осы кезеңде Дәуіт пен Сүлеймен іспетті Құдай жолымен жүрді.

18. Рохабоғам Дәуіт ұлы Еримоттың қызы Махалатқа үйленді. Соның шешесі Есей ұлы Елиәбтің қызы Әбихаил еді.

19. Махалаттан Егуш, Шәмәриях, Заһам атты үш ұл дүниеге келді.

20. Бұдан кейін Рохабоғам Абессаломның (немере) қызы Махаға үйленіп, одан Абиях, Аттай, Зиза, Шеломит есімді төрт ұл сүйді.

21. Рохабоғам Маханы өзінің басқа әйелдері мен кәнизактарына қарағанда көбірек ұнатты. Рохабоғамның жалпы он сегіз әйелі, алпыс кәнизагы болды, солардан жиырма сегіз ұл, алпыс қыз көрді.

22. Патша Махадан туған ұлы Абияхты патшазадалардың басшысы етіп, оны өзінің орнын басатын патша болуға тағайындады.

23. Рохабоғам көрегендікпен әрекет етіп, өзге ұлдарын Яһуда мен Буняминнің күллі аймақтарына және барлық бекітілген қалаларға орналастырды. Оларды керек-жарағымен молынан қамтамасыз етіп, бірнеше әйел алуларына жағдай жасады.

About Шежірелер 2-ж Chapter 11

Read Шежірелер 2-ж Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 2-ж
Chapter: 11
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 2-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 2-ж Chapter 11 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 2-ж Chapter 11?

Шежірелер 2-ж Chapter 11 is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 2-ж Chapter 11 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from шежірелер 2 ж

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 24
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 15
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 18
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 36
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 34
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 2
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 28

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 4-ж Chapter 12
  2. Ешуа Chapter 16
  3. 1 Тімотеге Chapter 6
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 34
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 1
  6. Хаққай Chapter 1
  7. Леуіліктер Chapter 14
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *