Шежірелер 2-ж Chapter 3

For English

Read Шежірелер 2-ж Chapter 3 Online

Read Шежірелер 2-ж Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Шежірелер 2-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Шежірелер 2-ж 3

Тарау 3

1. Сонымен Сүлеймен Иерусалимдегі Мория төбесінде Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Бұрын ебустік Орнанның астық бастыратын қырманы болған сол жерде Дәуітке Жаратқан Ие аян берген еді. Содан Дәуіт бұл орынды ғибадатхана салуға дайындап қойған болатын.

2. Сүлеймен құрылысты Өзінің патшалық құрған төртінші жылының екінші айының екінші күні бастады.

3. Оның Құдай үйіне арнап салған іргетасының өлшемдері мыналар болды: ұзындығы алпыс, ені жиырма шынтақ. Мұнда шынтақтың көне өлшемі қолданылды.

4. Алдыңғы жағындағы бағаналы кіреберістің ені, жалпы ғимараттың еніндей, жиырма шынтақ, ал биіктігі жүз жиырма шынтақ болды. Сүлеймен киелі үйдің ішін саф алтынмен қаптатты.

5. Оның үлкен бөлмесінің қабырғаларын қарағай тақтайшалармен, солардың үстін саф алтынмен қаптатты. Алтынның бетіне құрма ағашы мен шынжырға ұқсаған нақыштар ойғызып,

6. киелі үйді асыл тастармен де әшекейлетті. Қолданылған саф алтын Парваим жерінен әкелінген болатын.

7. Сүлеймен киелі үйдің ішін: төбесіндегі бөренелерді, босағаларын, қабырғалары мен есіктерін алтынмен қаптатып, қабырғалардың беттеріне керуб атты періштелердің бейнелерін ойып жасатты.

8. Сүлеймен киелі үйдің ең қасиетті бөлмесін де салғызды. Соның ұзындығы мен ені, киелі үйдің жалпы еніндей, жиырма шынтақтан болды. Патша бөлменің ішін салмағы алты жүз ат басындай саф алтынмен қаптатты.

9. Онда қолданылған алтын шегелердің салмағы елу мысқал болды. Киелі үйдің жоғарғы бөлмелерінің қабырғалары да алтынмен қапталды.

10. Патша киелі үйдің ең қасиетті бөлмесі үшін керуб делінген күзетші періштелердің екі мүсінін ойдырып жасатты да, алтынмен қаптатты.

11. Мүсіндердің жайған қанаттарының ұзындығы бес шынтақтан болып, олар екі жаққа қарай түгелімен жиырма шынтаққа созылды. Бірінші мүсіннің бір қанаты бөлменің бір қабырғасына, өзге қанаты екінші мүсіннің қанатына тиіп тұрды.

12. Сол сияқты, екінші мүсіннің де бір қанаты бөлменің қарама-қарсы қабырғасына, өзге қанаты бірінші мүсіннің қанатына тиіп тұрды.

13. Осылайша жайылған қанаттардың жалпы ұзындығы жиырма шынтақ болды. Екі мүсін тік тұрған күйі жасалып, беттері үлкен бөлмеге қарап орналастырылды.

14. Сүлеймен қою күлгін, күрең қызыл, қырмызы жүн және жіңішке зығыр жіптерден маталар тоқытып, олардың бетіне керубтердің бейнелерін кестелетіп, шымылдық дайындатты.

15. Патша екі бағана жасатып, киелі үйдің алдына тұрғызды. Олардың биіктігі отыз бес шынтақтан, ал үстіңгі иықтарының биіктігі бес шынтақтан болды.

16. Патша алқа іспетті оралып тұратын шынжырлар да жасатып, оларды бағаналардың жоғарғы жақтарына іліп қойғызды. Ол сонымен қатар анар жемісінің жүз мүсінін де дайындатып, оларды шынжырларға бекіттірді.

17. Патша осы екі бағананы киелі үйдің дәл алдына, біреуін кіреберістің оң жағына, екіншісін сол жағына тұрғызды. Оң жағындағысын Жахин («Берік Орнатушы»), сол жағындағысын Боғоз («Құдірет Иесі») деп атады.

About Шежірелер 2-ж Chapter 3

Read Шежірелер 2-ж Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Шежірелер 2-ж
Chapter: 3
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Шежірелер 2-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Шежірелер 2-ж Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Шежірелер 2-ж Chapter 3?

Шежірелер 2-ж Chapter 3 is part of the Book of Шежірелер 2-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Шежірелер 2-ж Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from шежірелер 2 ж

  1. Шежірелер 2-ж Chapter 36
  2. Шежірелер 2-ж Chapter 32
  3. Шежірелер 2-ж Chapter 6
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 20
  5. Шежірелер 2-ж Chapter 13
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 21
  7. Шежірелер 2-ж Chapter 19

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 27
  2. Лұқа Chapter 16
  3. Елшілердің істері Chapter 11
  4. Еврейлерге Chapter 12
  5. Забур жырлары Chapter 131
  6. Еремия Chapter 46
  7. Әйүп Chapter 36
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *