Патшалықтар 3-ж Chapter 14

For English

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 14 Online

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 3-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 3-ж 14

Тарау 14

1. Сол кездері Еробоғамның ұлы Абиях қатты ауырып қалды.

2. Сонда Еробоғам әйеліне былай деді: «Жиналып, жолға шық. Менің әйелім екеніңді ешкім біліп қоймайтындай етіп киініп ал да, Шилоға бар. Менің осы халыққа патшалық құратынымды алдын ала айтқан Ахиях пайғамбар сол жерде тұрып жатыр.

3. Оған он күлше нан, бірсыпыра тәтті нан және бір құмыра бал ала бар. Ұлымызбен не болатынын ол саған айтып бере алады».

4. Әйелі Еробоғамның айтқанын істеп, Шилодағы Ахиях пайғамбардың үйіне барды. Қартайған Ахиях көзі көрмей қалған, зағип болатын.

5. Алайда Жаратқан Ие оған: «Біліп ал, Еробоғамның әйелі саған келе жатыр. Ол сенен өзінің ауырып қалған ұлы туралы сұрастырып білмекші. Оған Менің айтқанымды жеткіз. Ал ол басқа біреу болғансып сырт кейпін өзгертіп келеді», — деп білдірген еді.

6. Ахиях пайғамбар әйелдің есікке таяп келіп қалған дыбысын естігенде былай деді: — Кел, кіре бер, Еробоғамның әйелі! Неге сен басқа біреу болғансып сырт кейпіңді өзгертіп алдың? Ал менің саған айтар ауыр хабарым бар.

7. Күйеуің Еробоғамға қайтып барып, оған былай де: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені халықтың арасынан көтеріп, халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым.

8. Мен патшалық билікті Дәуіттің әулетінен жұлып алып, саған бердім. Алайда сен Өзіме адал болған қызметшім Дәуіт сияқты болмадың. Дәуіт менің барлық өсиеттерімді сақтап, шын жүректен Менің тура жолыммен жүріп, көз алдымда тек әділ іс-әрекет жасады.

9. Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің.

10. Сол себепті Мен Еробоғамның әулетін құртып жіберетін боламын. Мен оның әулетіне жататын еркек кіндікті атаулының барлығын, ерікті болсын, құл болсын, құртамын! Қи-тезекті қалай өртеп жоқ қылатын болса, Мен де дәл солай Еробоғамның әулетін құртып жоқ қыламын.

11. Оның әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жейді, далада өлсе, әуедегі құстар шоқиды!

12. Ал енді, өзің тұр да, үйіңе қайт. Қалаға аяғыңды басып кіре салысыңмен, ұлың қайтыс болады.

13. Оны Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы жоқтап қабірге қоятын болады. Еробоғамның әулетінен қабірге қойылатын жалғыз сол болады. Себебі Еробоғамның бүкіл әулетінен тек осы баладан ғана Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге деген адалдық табылды.

14. Ендеше Жаратқан Ие Солтүстік Исраилге билік құратын патшаны тағайындап алмақ. Ол Еробоғамның әулетін құртатын болады. Ол бүгін соны істеп жатыр! Немене? Тіпті қазірдің өзінде!

15. Жаратқан Ие Исраилге соққы береді, сонда ол бұрқанған судың ағысымен жел тербеткен бір қамысқа ұқсайтын болады. Жаратқан Ие олардың ата-бабаларына табыстаған осы шұрайлы елден Солтүстік Исраилдің халқын құртып, оларды Евфрат өзенінің арғы жағына шашыратып жібереді. Өйткені олар жалған тәңір Ашераға табынып, оған арнап ағаш бағаналар орнатуларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды.

16. Еробоғамның күнәға батып, елдің халқын да сол күнәларға еліктіргеніне бола Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді тастап кетеді».

17. Еробоғамның жұбайы орнынан тұрып, жолға шықты. Ол Тирсаға келіп, үйінің табалдырығынан аттай бергенде, ұлы қайтыс болды.

18. Жаратқан Иенің өз қызметшісі Ахиях пайғамбар арқылы алдын ала айтқанындай, бүкіл Исраил елі патшазаданы қабірге қоюға қатысып, оны жоқтап аза тұтты.

19. Ал Еробоғамның басқа да іс-әрекеттері, оның жүргізген соғыстары мен қалай патшалық құрғаны жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.

20. Еробоғамның патшалық билігі жиырма екі жылға созылды. Ол көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Надаб орнын басып патша болды.

21. Сол арада Сүлеймен ұлы Рохабоғам Яһудада патшалық құрды. Ол патша болған кезде қырық бір жаста еді және он жеті жыл Иерусалимде билік жүргізді. Осы қаланы Жаратқан Ие Өзінің есімінің мадақталуы үшін Исраилдің барлық руларынан таңдап алған болатын. Оның шешесінің аты-жөні аммондық Нағама еді.

22. Рохабоғамның заманында Яһуда халқы Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей берді. Олар жасаған күнәларымен ата-бабаларынан да бетер Жаратқан Иенің өз халқының жалған тәңірлерге табынуына еш төзбейтін қызғанышын туғызды.

23. Олар өздері үшін биіктеу жерлерде ғибадат орындарын салып, әр биік тау-төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап тас бағаналар әрі Ашераға бағыштап ағаш бағаналар орнатып қойды.

24. Соған қоса елдегі жалған тәңірлерге табыну орындарында тіпті азғындықпен айналысқан еркектер де болды. Осылай Жаратқан Ие Исраилдің алдынан қуып шыққан азғын халықтардың барлық жексұрын күнәларын енді исраилдіктердің өздері істейтін болды.

25. Рохабоғамның патшалық құруының бесінші жылы Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге қарсы аттанып, қалаға өрлеп жетті.

26. Шұшақ Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша кезінде алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды да алып кетті.

27. Кейінірек Рохабоғам патша солардың орнына қоламен қапталған қалқандар жасатып, оларды патша сарайының есіктерін күзететін сақшылардың басшыларына табыстады.

28. Патша Жаратқан Иенің киелі үйіне барған сайын күзетшілер қалқандарды сол жаққа көтеріп алып келіп, кейін қайтадан күзетшілер үйіне апарып қоятын.

29. Рохабоғамның өзге іс-әрекеттерінің барлығы туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.

30. Рохабоғам мен Еробоғамның патшалық құрған бүкіл кездерінде екеуінің арасында соғыс болып тұрды.

31. Рохабоғам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті солардың жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның шешесі аммондық Нағама болатын. Рохабоғамның ұлы Абиях оның орнын басып патша болды.

About Патшалықтар 3-ж Chapter 14

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 14 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 3-ж
Chapter: 14
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 3-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 3-ж Chapter 14 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 3-ж Chapter 14?

Патшалықтар 3-ж Chapter 14 is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 3-ж Chapter 14 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 6
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from патшалықтар-3-ж

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 6
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 18
  3. Патшалықтар 3-ж Chapter 22
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 20
  5. Патшалықтар 3-ж Chapter 9
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 10
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Матай Chapter 11
  2. Заңды қайталау Chapter 3
  3. Жохан Chapter 9
  4. Забур жырлары Chapter 29
  5. Руларды санау Chapter 2
  6. Зәкәрия Chapter 5
  7. 1 Жоханның Chapter 5
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *