Патшалықтар 3-ж Chapter 5

For English

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 5 Online

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Патшалықтар 3-ж and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Патшалықтар 3-ж 5

Тарау 5

1. Ливан еліндегі Тир патшасы Хирам Сүлейменнің әкесінің орнына патша болып тағайындалғаны туралы естігенде, оны құттықтауға елшілерін жіберді. Өйткені Хирам өмір бойы Дәуіттің досы болып келген еді.

2. Содан Сүлеймен Хирамға сәлемін жолдап былай деді:

3. «Өзіңіз білетініңіздей, әкем Дәуіт өзінің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үйді сала алмай кетті, себебі оған қарсы жан-жақтан соғыс жүргізіліп отырды. Жаратқан Ие жауларын табанының астына салып бергенге дейін киелі үйді тұрғызу мүмкін болмады.

4. Ал енді, Құдайым Жаратқан Ие маған жан-жағымнан тыныштық сыйлап, жаудан да, апат атаулыдан да аманбыз.

5. Жаратқан Ие әкем Дәуітке былай деп уәде еткен: «Сенің орныңа ұлыңды патшалық тағыңа отырғызамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». Соған сәйкес менің Құдайым Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үй тұрғызатын ниетім бар.

6. Сондықтан да маған арнап Ливан тауларынан самырсын ағаштарын құлатып беру жайлы бұйрық берсеңіз екен. Сіздің қызметшілеріңізбен бірге жұмыс істеуге өз адамдарымды да жіберемін. Қызметшілеріңіздің жұмысы үшін қандай ақы сұрасаңыз да төлеуге дайынмын. Өз арамызда Сидондағыдай ағаш құлатудың шеберлері жоқ, мұны өзіңіз де білесіз».

7. Хирам патша Сүлейменнің жолдаған сәлемін естігенде қатты қуанып: «Осы ұлы халықтың үстінен патша болуға Дәуітке дана ұл сыйлаған Жаратқан Ие мадақталсын!» — деді.

8. Содан Хирам Сүлейменге мынадай жауабын жіберді: «Маған жолдаған сәлеміңізді алдым. Сізді самырсын және қарағай ағаштарымен қамтамасыз ету үшін қалағаныңыздың бәрін де орындаймын.

9. Қызметшілерім оларды Ливан тауларынан Жерорта теңізінің жағалауына алып барады. Оларды бір-біріне байластырып сал жасап, өзіңіз айтатын жерге теңіз арқылы жеткізіп беремін. Әрі қарай алып кете алуыңыз үшін салдарды сол жерде ажыратып бөлектетемін. Сіз де менің өтінішімді орындап сарайымды азық-түлікпен қамтамасыз етсеңіз екен».

10. Осылай Хирам Сүлейменге бар қалағанынша самырсын мен қарағай бөренелерін жіберіп отырды.

11. Ал Сүлеймен Хирамның сарайына арнап жыл сайын жиырма мың қаптан бидай әрі жиырма мың күбіден ең таза зәйтүн майын жіберіп отырды.

12. Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей Сүлейменге асқан даналық сыйлаған болатын. Сүлеймен мен Хирамның арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, екеуі өзара келісім жасасты.

13. Сүлеймен бүкіл Исраил елінен жұмыскерлер жинап, олардың жалпы саны отыз мың адам болды.

14. Ол он мың адамды кезекпен бір айға жіберіп отырды, осылайша олар бір ай Ливанда жұмыс істеп, екі ай үйлерінде жүрді. Бұл жұмысты басқару Адонирамға жүктелді.

15. Сүлейменнің тағы жетпіс мың адамы жүк тасушы және сексен мың адамы тауда тас қашаушы болды.

16. Солардың үстінен қарап жұмыстарын бағыттауға Сүлеймен үш мың үш жүз адамды басқарушы етіп тағайындады.

17. Жұмыскерлер патшаның әмірі бойынша ғибадатхананың негізін қалау үшін тас қазып, қашайтын орыннан үлкен, сапалы тастар қашап, тасып әкелді.

18. Сонымен қатар Сүлеймен мен Хирамның жұмысшылары Гебалдың адамдарымен бірге киелі үйдің құрылысына арналған бөренелерді кесіп, тастарды қашап дайындады.

About Патшалықтар 3-ж Chapter 5

Read Патшалықтар 3-ж Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Патшалықтар 3-ж
Chapter: 5
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Патшалықтар 3-ж. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Патшалықтар 3-ж Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Патшалықтар 3-ж Chapter 5?

Патшалықтар 3-ж Chapter 5 is part of the Book of Патшалықтар 3-ж in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Патшалықтар 3-ж Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from патшалықтар-3-ж

  1. Патшалықтар 3-ж Chapter 1
  2. Патшалықтар 3-ж Chapter 20
  3. Патшалықтар 3-ж Chapter 21
  4. Патшалықтар 3-ж Chapter 2
  5. Патшалықтар 3-ж Chapter 4
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 18
  7. Патшалықтар 3-ж Chapter 7

Related Chapters & Readings

  1. Жохан Chapter 13
  2. Билер Chapter 8
  3. Еремия Chapter 23
  4. Патшалықтар 1-ж Chapter 27
  5. Забур жырлары Chapter 48
  6. Забур жырлары Chapter 142
  7. Руларды санау Chapter 35
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *