Еремия Chapter 12

For English

Read Еремия Chapter 12 Online

Read Еремия Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Еремия 12

Тарау 12

1. — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді?

2. Сен көшет іспетті елге отырғызған олар тамыр жайып, өсіп-өнуде. Олар ауыздарымен атыңды атай береді, бірақ жан дүниелері Сенен тым алыс.

3. Ал Сен, уа, Жаратқан Ие, мені жақыннан танып білесің. Маған көз салып, ішкі дүниемді зерттейсің. Сол адамдарды сойылатын қой сияқты әкетіп, шалынатын мал іспетті бір жаққа қоя бер!

4. Бұл ел қашанға дейін мұңайып, даладағы шөп қашанға дейін солып қалмақ? Ел тұрғындарының жасаған зұлым істеріне бола (Сен жаңбыр жауғызбай) мал мен құс атаулы құрып кетті. Ал сол адамдар: «Істеріміздің соңын Жаратқан Ие көрмейді!» дейді.

5. — Сен жаяулармен жарысып, олар сені шаршатқан болса, аттармен қалай жарыспақсың?! Жазық жердің өзінде сүрінсең, Иордан бойындағы сыңсыған ну тоғайда сенімен не болмақ?!

6. Тіпті өз ағайындарың, әкеңнің әулеті саған сатқындық жасап, артыңнан қатты балағаттап жүр. Олар саған жылы сөз айтса да, сен оларға еш сенбе!

7. Мен киелі үйімді тастап, меншікті халқымды жалғыз қалдырамын. Жаныма сүйікті оны жауларының қолына бере саламын.

8. Меншікті халқым Өзіме ну тоғайдағы арыстандай болып, ақыра айбат көрсетуде. Мен оны осы қылығы үшін жек көріп кеттім! (— дейді Жаратқан Ие. —)

9. Таңдаулы халқым Мен үшін құзғындай жиренішті. Оған жан-жақтан өзге жыртқыш құстар бас салуда. Кәне, даланың жыртқыш аңдарын да жинап әкеліңдер! Олар меншікті халқымды жалмап қойсын.

10. Көптеген бақташылар (отарларын жайып жіберіп) Менің жүзімдігімді қиратып, егістігімді таптап тастады. Олар шұрайлы даламды қаңыраған құла түзге айналдырып жіберді.

11. Ол елсіз далаға айналып, бәрінен жұрдай қалған күйі Менің алдымда мұңайып жатыр. Бүкіл жер қаңыраған бос далаға айналды, өйткені оған көңіл бөлетін ешкім жоқ.

12. Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды.

13. Халқым бидай егіп, ошаған орады. Аянбай еңбек етіп, онысынан пайда көрмейді. Жаратқан Иенің қаһары оларға қарсы лаулағандықтан, алған өнімдерінен масқара болады.

14. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен халқым Исраилге берген меншігімді олардан тартып алуға қолдарын созған зұлым көршілерге келсек, Мен оларды өз жерлерінен жұлып алып, Яһуданы да олардың араларынан жұлып алып шығамын.

15. Бірақ оларды жұлып алып тастаған соң Мен оларға мейірімімді түсіріп, әр халықты өз елі мен мұралық жеріне қайтарып алып келемін.

16. Олар бұрын халқымды Бағалдың атымен ант беріп, оған мойынсұнуға үйреткен еді. Егер олар бұдан былай «Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен» деп ант беретін болып, халқымның ізгі өмір салтын үйренетін болса, онда олар Менің халқымның бір бөлігіне айналып, олардың арасында тамыр жаятын болады.

17. Бірақ егер сол халықтардың біреуі Мені тыңдаудан бас тартса, Мен оны түп-тамырымен жұлып, жоямын! — деп ескертеді Жаратқан Ие.

About Еремия Chapter 12

Read Еремия Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Еремия
Chapter: 12
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Еремия Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Еремия Chapter 12?

Еремия Chapter 12 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Еремия Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from еремия

  1. Еремия Chapter 16
  2. Еремия Chapter 15
  3. Еремия Chapter 35
  4. Еремия Chapter 32
  5. Еремия Chapter 30
  6. Еремия Chapter 8
  7. Еремия Chapter 1

Explore More from Ескі өсиет

  1. Әйүп Chapter 18
  2. Билер Chapter 6
  3. Уағыздаушы Chapter 8
  4. Забур жырлары Chapter 75
  5. Нақыл сөздер Chapter 7
  6. Патшалықтар 3-ж Chapter 1
  7. Ишая Chapter 21

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 8
  2. Забур жырлары Chapter 33
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 14
  4. Жүніс Chapter 2
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 50
  6. Езекиел Chapter 46
  7. Лұқа Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *