Read Еремия Chapter 40 Online
Read Еремия Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Еремия 40
Тарау 40
1. Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады. Бұл, ұландардың әміршісі Набузар-Адан Еремияны Рамада босатқаннан кейін болды. Сол кезде әмірші Еремияны Иерусалим мен Яһуданың Бабылға жер аударылып бара жатқан тұрғындарының арасынан шынжырланған күйі тауып алған болатын.
2. Әмірші Еремияны қасына шақырып алып, оған былай деді: «Сіздің Құдайыңыз Жаратқан Ие осы пәленің мына жерге түсуін алдын ала айтқан еді.
3. Енді Жаратқан Ие уәдесін орындап, осыны істеп отыр. Халқыңыз Жаратқан Иеге қарсы күнә жасап, Оның даусына құлақ аспай жүрді. Сондықтан да осы бақытсыздық бастарыңызға түсті.
4. Ал енді мен қолдарыңыздағы шынжырларыңызды шешіп, босатамын. Егер менімен Бабылға барғыңыз келсе, жүріңіз. Онда менің қолымда тұратын боласыз, мен сізге қамқорлық жасаймын. Ал егер барғыңыз келмесе, осында қала беріңіз. Бүкіл ел, міне, алдыңызда жатыр. Қалаған жеріңізге барып тұрыңыз!»
5. Еремия әлі де басқа жаққа кетпей тұрғанда Набузар-Адан оған: «Бабыл патшасы Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты Яһуданың қалаларын басқарушы әкім етіп тағайындаған. Соның қасына қайтып барыңыз. Онымен бірге халқыңыздың арасында тұра беріңіз. Немесе басқа жаққа баруды жөн көрсеңіз, онда сол жаққа барып тұрыңыз», — деп қосты. Ұландардың әміршісі оған азық-түлік пен сыйлық беріп, қоя берді.
6. Сонда Еремия Миспа қаласындағы Ахиқам ұлы Ғодалияхқа барып, елде қалып қойған халықтың арасында тұрды.
7. Бірнеше яһуди жасақ басшылары мен олардың адамдары ашық далада (бой тасалап) жүрген еді. Олардың бәрі Бабыл патшасының Ахиқам ұлы Ғодалияхты Яһуда елінің Бабылға жер аударылмаған ең кедей ерлі-зайыптылары мен балаларын басқарушы әкім етіп тағайындағанын естіді.
8. Сол жасақ басшылары Нетаниях ұлы Ысмағұл, Қареяхтың ұлдары Жоханан мен Жонатан, Танхумет ұлы Сераях, нетопаттық Офидың ұлдары және бір махалық кісінің ұлы Езаниях болатын. Олар өз адамдарымен бірге Миспадағы Ғодалияхқа келді.
9. Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалиях әкім оларға былай деп ант етіп: «Халдейлерге мойынсұнудан қорықпаңдар! Елде тұрып қалып, Бабыл патшасына қызмет етіңдер, сонда жағдайларың жақсы болады! — деп уәде берді. —
10. Мен өзім Миспада тұрып, осында келетін халдейлердің алдында сендердің мүдделеріңді қорғайтын боламын. Ал сендер қазір иемденіп алған қалаларыңа қоныстанып, жүзім, құрма, інжір жемістерін және зәйтүн майын жинап, қоймаларыңа қойыңдар!» — деп тапсырды.
11. Сол кезде Моаб, Аммон, Едомда және тағы басқа елдерде бірқатар яһудилер бас сауғалап тұрып жатты. Олар Бабыл патшасының Яһуда еліндегі біраз халықты қалдырып кеткенін және Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты олардың үстінен басқарушы әкім етіп тағайындағанын естіді.
12. Содан олар қашып кеткен сол елдерінен Яһуданың Миспа қаласындағы Ғодалияхқа келді. Енді олар да барып, жүзім, құрма, інжір жемістерінің мол өнімін жинап алды.
13. Сол арада Қареях ұлы Жоханан және ашық далада жүрген өзге жасақ басшылары Миспадағы Ғодалияхтың алдына келіп:
14. «Аммондықтардың патшасы Бағалис сізге қастандық жасауға Нетаниях ұлы Ысмағұлды жіберді, соны білсеңіз екен», — деп сақтандырды. Бірақ Ғодалиях оларына сенген жоқ.
15. Кейін Қареях ұлы Жоханан Ғодалияхпен Миспада құпия сөйлесіп, оған мынадай ұсыныс жасады: — Мен барып, ешкімге білдіртпей Нетаниях ұлы Ысмағұлдың көзін құртайын. Оның өзіңізді өлтіруіне неліктен жол береміз? Сонда сіздің арқаңызда жиналып отырған яһудилердің бәрі қайтадан қуғын-сүргінге ұшырап, Яһуданың елде қалып отырған осы бір азғантай халқы да құрып кетпек. —
16. Бірақ Ғодалиях Жохананға: — Олай істеуші болма! Сенің Ысмағұл туралы айтып отырғаның шындық емес! — деп тыйым салды.
About Еремия Chapter 40
Read Еремия Chapter 40 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Еремия
Chapter: 40
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Еремия Chapter 40 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Еремия Chapter 40?
Еремия Chapter 40 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Еремия Chapter 40 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from еремия
- Еремия Chapter 16
- Еремия Chapter 5
- Еремия Chapter 8
- Еремия Chapter 1
- Еремия Chapter 48
- Еремия Chapter 37
- Еремия Chapter 32
Explore More from Ескі өсиет
- Ишая Chapter 17
- Патшалықтар 4-ж Chapter 1
- Патшалықтар 2-ж Chapter 13
- Нақыл сөздер Chapter 12
- Уағыздаушы Chapter 4
- Патшалықтар 1-ж Chapter 7
- Руларды санау Chapter 17