Еремия Chapter 34

For English

Read Еремия Chapter 34 Online

Read Еремия Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Еремия 34

Тарау 34

1. Бабыл патшасы Набуходоносор өзінің бүкіл әскерімен және қол астындағы барлық патшалықтармен, халықтармен бірге Иерусалимге және оның айналасындағы қалаларға қарсы соғысып жатқан кезде, Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнап былай деді:

2. «Яһуда патшасы Седекияхқа бар да, оған хабарымды жеткіз: Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен осы қаланы Бабыл патшасының қолына тапсырамын, ал ол қаланы өртеп жібереді.

3. Сен оның шеңгелінен қашып құтыла алмай, сөзсіз ұсталып, оның қолына тапсырыласың. Бабыл патшасын өз көзіңмен көріп, ол сенімен бетпе-бет сөйлесетін болады. Содан Бабылға әкетілесің.

4. Бірақ Жаратқан Иенің уәделі сөзін де тыңда, уа, Яһуда патшасы Седекиях! Жаратқан Ие сен туралы мынаны айтады: сен семсердің жүзінен емес,

5. өз ажалыңнан өлесің. Бұрын Яһудада патша болған ата-бабаларың қайтыс болғанда олардың құрметіне (хош иісті заттар түтетіліп) от жағылғанындай, сенің құрметіңе де сондай от жағылып, «Беу, тақсырымыз-ай!» деп жұрт сені жоқтап қайғыратын болады. Мен саған осыны бұйырттым. Жаратқан Ие осыны нық айтады.

6. Еремия пайғамбар осы хабарды Иерусалимде Яһуда патшасы Седекияхқа түгелдей жеткізді.

7. Сол кезде Бабыл патшасының әскері Иерусалимге және Яһуданың әлі алынбаған қалалары Лахыш пен Әзекаға қарсы шабуыл жасап жатқан болатын. Бекіністі қалалардан әлі де жау қолына түспегендері осылар ғана еді.

8. Седекиях патша Иерусалимдегі күллі халықпен келісім жасап, басыбайлы қызметшілердің босатылуын жариялаған болатын. Мұнан кейін Жаратқан Ие Еремияға осы туралы хабарын жіберді.

9. Өйткені сол келісім бойынша, бүкіл халық өздерінің басыбайлы исраилдік қызметшілеріне бас бостандығын беруге тиіс болып, бұдан былай ешкімнің басқа исраилдікті малайлықта ұстауға құқығы болмады.

10. Осы келісімге сөз байласқан барлық басшылар мен бүкіл халық соның ережелеріне мойынсұнып, басыбайлы қызметшілеріне азаттық берді.

11. Алайда олар кейін ойларын өзгертіп, босатып жіберген қызметшілерін кері қайтарып, оларды тағы да басыбайлы малайлары етті.

12. Сонда Жаратқан Ие Еремияға сөзін арнап былай деді:

13. — Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сендердің ата-бабаларыңды Мысыр еліндегі құлдықтан азат етіп алып шыққанымда, олармен мынадай Келісім жасаған болатынмын:

14. «Әрбір жетінші жылы әрқайсың өзін саған басыбайлы қызметшілікке сатқан исраилдік ағайыныңды малайлықтан босатуға тиіссіңдер! Ол саған алты жыл бойы қызмет етіп болған соң, оны қоя бер!» Бірақ сендердің ата-бабаларың Менің сөзіме құлақ та асқан жоқ, мойынсұнған да жоқ.

15. Ал сендер жақында жасаған күнәларыңа өкініп, Маған ұнамды әділ іс істедіңдер: сендердің әрқайсыларың өз араларыңдағы басыбайлы ағайындарыңа бостандық жарияладыңдар. Сендер тіпті Менің атыммен аталатын киелі үйде Өзімнің алдымда сол туралы келісім де жасадыңдар.

16. Бірақ қазір сендер содан тайып, Менің атымды қорладыңдар. Сендер олардың өз қалаулары бойынша азат еткен осы ағайындарыңды қайтарып алып, өздеріңе басыбайлы қызмет істеуге қайтадан мәжбүрледіңдер.

17. Сол себепті Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер Маған мойынсұнбадыңдар, ағайындарыңа іс жүзінде азаттық жариялаған жоқсыңдар. Сондықтан енді Мен сендерге мынадай «азаттық» жариялаймын: Сендер семсер, індет және ашаршылықтан өлуге «азат» боласыңдар! Мен жер бетіндегі патшалықтардың бәрін сендердің тағдырларыңды көргенде жандары түршігіп шошынатын қыламын.

18. Сол адамдарың Менің алдымда келісім жасаған кезде бір бұзауды шалып, екі бөлікке қақ бөліп, осы бөліктердің арасынан өте шыққан еді. Енді Мен осы келісімді бұзып, оның шарттарын орындамаған оларды бөлікке бөлінген бұзау іспетті қыламын.

19. Бұзаудың екі бөлігінің арасынан өткендерді: Яһуда мен Иерусалимнің әміршілерін, сарайдағы уәзірлерді, діни қызметкерлерді және елдің бүкіл халқын

20. жауларының қолына тапсырамын. Олардың мәйіттері жыртқыш құстар мен аңдарға жем болады.

21. Мен Яһуда патшасы Седекиях пен оның әміршілерін олардың жанын алғысы келіп жүрген жауларының қолдарына тапсырамын. Бабыл патшасы әскерімен бірге аз уақытқа қаладан кері шегініп, басқа жаққа кетсе де,

22. енді Мен бұйрық беріп, оларды осы қалаға кері қайтарамын. Олар қалаға тағы да шабуыл жасап, оны басып алады да, өртеп жібереді. Яһуданың басқа қалаларын да қаңыратып бос қалдырамын! — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

About Еремия Chapter 34

Read Еремия Chapter 34 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Еремия
Chapter: 34
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Еремия Chapter 34 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Еремия Chapter 34?

Еремия Chapter 34 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Еремия Chapter 34 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from еремия

  1. Еремия Chapter 16
  2. Еремия Chapter 5
  3. Еремия Chapter 32
  4. Еремия Chapter 30
  5. Еремия Chapter 28
  6. Еремия Chapter 15
  7. Еремия Chapter 8

Explore More from Ескі өсиет

  1. Ошия Chapter 9
  2. Нақыл сөздер Chapter 4
  3. Забур жырлары Chapter 63
  4. Заңды қайталау Chapter 14
  5. Руларды санау Chapter 12
  6. Ишая Chapter 3
  7. Забур жырлары Chapter 150

Related Chapters & Readings

  1. Елшілердің істері Chapter 12
  2. Жоқтау Chapter 1
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 7
  4. Әйүп Chapter 7
  5. Даниял Chapter 4
  6. Забур жырлары Chapter 148
  7. Забур жырлары Chapter 60
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *