Уағыздаушы Chapter 12

For English

Read Уағыздаушы Chapter 12 Online

Read Уағыздаушы Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Уағыздаушы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Уағыздаушы 12

Тарау 12

1. Жастық шағыңда Жаратушыңды есіңде берік ұста! Азапты күндерің жетіп, «олардан рақат таппаймын» дейтін жылдарың жақындамай тұрып, Жаратушыңды қастерлейтін бол!

2. Сол кезде күн мен нұр, ай мен жұлдыздар көмескіленіп, жауыннан кейін де қою бұлттар сейілмей адамның көзі нашар көрер.

3. Сонда адамның «үйді қорғайтын» екі аяғы дірілдеп, мықты иықтары бүгілер. Оның тамақты диірмендей шайнайтын тістері аз болғандықтан жұмыстарын доғарар. Терезеден сыртқа қарайтын жанарлары буалдыр тартар.

4. Екі құлағы үйдің көшеге қараған есіктеріндей тас жабылып, астық тартып отырған қол диірменнің үнін құлағы әрең шалар. Адам таң сәріде шымшық шырылдағанда оянар, ал оның әндерін әзер естір.

5. Сол жаста адамдар құлап қалудан қорқып, жолдағы қауіп-қатерден жүрексінер. Шаштары гүлдеген бадам ағашындай әппақ болар. Салқын күндегі шегірткедей адам сүйретіліп зорға жүрер, әрі құштарлығы да қоздырылмас. Ақыр аяғында адам о дүниедегі мәңгілік мекеніне аттанар, ал көше оны жоқтаушыларға толар.

6. Сондықтан өмірдің күміс жібі әлі де үзілмей, алтын тостағаны сынбай, су құятын құмыра талқандалмай, құдықтағы су тартқыш қирап құлап түспей тұрғанда Жаратушыңды есіңде ұста!

7. Себебі сол уақыт келгенде топырақтан жаратылған денеміз топыраққа қайта айналып, жанымыз өзін сыйлаған Құдайға кері қайтады.

8. «Құр бекершілік! — деп үйрететін Даналықты уағыздаушы — (жеке өздігінен өмірдің) бәрі де бекершілік!»

9. Өзі кемеңгер болып қана қоймай, Даналықты уағыздаушы сонымен бірге халыққа тәлім беріп, көптеген нақыл сөздерді ой елегінен өткізіп бағалап, реттеп жазып қойып отырды.

10. Даналықты уағыздаушы бәрін де орынды сөздермен айтып жеткізуге ұмтылды және оның жазғандары шынайы әрі нағыз ақиқат.

11. Данышпандардың сөздері (мүйізді ірі қараны айдайтын) ұшты таяқ іспетті адамды іс-әрекетке жұмылдырады. Сол жиналған нақылдар қағылған шегедей дәл тиеді. Бұлардың бәрін берген — бір Бағушы.

12. Балам, мұның бәріне қоса тағы бір нәрседен де сақ бол: көптеген кітап жаза берудің шегі жоқ, әрі тым көп оқу денені шаршатады.

13. Ал енді, айтылғандардың барлығының қорытындысын тыңдайық: Құдайды терең қастерлеп, Оның өсиеттерін орында! Себебі бұл — әр адамның парызы.

14. Өйткені Құдай адамның әрбір ісіне, тіпті ешкімге білдірмей жасаған не жақсы, не жаман ісіне де Өзінің сотында әділ бағасын береді.

About Уағыздаушы Chapter 12

Read Уағыздаушы Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Уағыздаушы
Chapter: 12
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Уағыздаушы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Уағыздаушы Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Уағыздаушы Chapter 12?

Уағыздаушы Chapter 12 is part of the Book of Уағыздаушы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Уағыздаушы Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from уағыздаушы

  1. Уағыздаушы Chapter 10
  2. Уағыздаушы Chapter 11
  3. Уағыздаушы Chapter 5
  4. Уағыздаушы Chapter 8
  5. Уағыздаушы Chapter 9
  6. Уағыздаушы Chapter 6
  7. Уағыздаушы Chapter 1

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 12
  2. Забур жырлары Chapter 1
  3. Патшалықтар 2-ж Chapter 1
  4. Забур жырлары Chapter 136
  5. 1 Петірдің Chapter 2
  6. Ишая Chapter 34
  7. Забур жырлары Chapter 71
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *