Уағыздаушы Chapter 8

For English

Read Уағыздаушы Chapter 8 Online

Read Уағыздаушы Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Уағыздаушы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Уағыздаушы 8

Тарау 8

1. Кім данышпан? Кім мәселелердің мән-мағынасын ұға білер еді? «Даналық адамның өңін нұрландырар, оның сұсты жүзін жұмсартар» делінген.

2. Менің тағы айтарым мынау: Құдай алдында берген антыңа бола патшаның айтқандарын сақтауың қажет.

3. Патшаның қасынан кетуге асықпа. Әділетсіз істі құптама! Өйткені патша қалағанының бәрін істей алар.

4. «Патшаның сөзі күшті». Ендеше оған: «Неге солай істейсіз?!» деуге кімнің дәті барады?

5. «Құдайдың өсиетін сақтаған жан әділетсіз істі құптамас». «Дана жан дұрыс уақыт пен тәртіпті білер».

6. Адамға өмірінің қиыншылықтары ауыр тисе де, «әрбір істің өз уақыты мен тәртібі бар».

7. Ал пенде кейін не болатынын білмейді, әрі болашақтың қалай болатынын оған кім айта алар еді?

8. Ешбір адамның желді ұстап тоқтата алмайтыны сияқты, ешкім де ажалға билік жүргізе алмайды. Соғыс кезінде әскерден босату дегеннің жоқ екеніндей, зұлымдық та өзіне бағынғандарды босата қоймайды.

9. Осы дүниеде болып жатқан әр түрлі істерді санаммен ұғынуға тырысқанда, мен адамдардың басқаларға билік жүргізіп, зор зиян келтіретін жайттарын көрдім.

10. Мұнан кейін мынаған көз салдым: Киелі орынға келіп-кетіп, қалада мақтау алып жүретін кейбір зұлымдар өлгенде құрметпен қабірге қойылды. Бұл да ақылға сыймайтын жайт.

11. Өйткені «қылмыстың үкімі тез орындалмаса, адамның жан дүниесі зұлымдыққа батар».

12. Зұлым адам тіпті жүздеген қылмыс жасап, ұзақ өмір сүре берсе де, мен мынаны білемін: Құдайды терең қастерлеп, Оның көз алдында адал жүргендер игілікке кенелетін болады.

13. Ал зұлымның жағдайы жақсы бола бермес. Оның ғұмыры кешкі көлеңкедей ұзара бермей, қысқа болар. Себебі ол Құдайды терең қастерлеген жоқ.

14. Дүниеде тағы мынадай бір ақылға қонбайтын жайт та бар: зұлымдарға тиісті жазаны кейде әділ адамдар тартады, ал әділдерге тиісті сый-құрметке зұлымдар ие болады. «Бұл шынымен ақылға сыймайды» деймін.

15. Сондықтан мен адамға өмірдің қызығын көріп қалуға кеңес беремін, өйткені осы өткінші дүниеде пендеге ішіп-жеп, қуанышқа бөленуден артық ештеңе жоқ. Сөйтіп ол Құдайдың өзіне осы дүниеде өлшеп берген күндерінде ауыр еңбек еткенде қанағат табатын болады.

16. Осылай мен даналықты және адамның осы дүниеде атқаратын міндетін түсінуге жан салған едім, ал «пенде күні-түні ұйқы көрмей әрекет етеді».

17. Сонда мен Құдайдың істерінің бәріне назар салып, мынадай қорытындыға келдім: Осы өткінші дүниеде болып жатқан жайттарды пенде толықтай ұғына алмас. Адам оны зерттеп білуге қаншама тырысса да, осы мақсатқа ешқашан жете алмайды. Кейбір ақылды адам «мен оны түгелдей білемін» деген пікір білдірсе де, шын мәнінде ол солай емес.

About Уағыздаушы Chapter 8

Read Уағыздаушы Chapter 8 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Уағыздаушы
Chapter: 8
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Уағыздаушы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Уағыздаушы Chapter 8 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Уағыздаушы Chapter 8?

Уағыздаушы Chapter 8 is part of the Book of Уағыздаушы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Уағыздаушы Chapter 8 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 19
  6. Ешуа Chapter 12
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from уағыздаушы

  1. Уағыздаушы Chapter 12
  2. Уағыздаушы Chapter 11
  3. Уағыздаушы Chapter 6
  4. Уағыздаушы Chapter 3
  5. Уағыздаушы Chapter 7
  6. Уағыздаушы Chapter 9
  7. Уағыздаушы Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Забур жырлары Chapter 14
  2. Леуіліктер Chapter 3
  3. Езекиел Chapter 9
  4. Таңдауы ән Chapter 2
  5. Патшалықтар 2-ж Chapter 7
  6. 2 Тімотеге Chapter 3
  7. Езекиел Chapter 48
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *