Уағыздаушы Chapter 4

For English

Read Уағыздаушы Chapter 4 Online

Read Уағыздаушы Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Уағыздаушы and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Уағыздаушы 4

Тарау 4

1. Мен қайтадан көз салып, осы өткінші дүниеде жасалған әр түрлі зорлық-зомбылықты көрдім. Жапа шеккен бейшаралар көз жастарын төгіп жыласа да, оларды жұбататын ешкім жоқ екен! Қанаушылары зор күш-қуатқа ие, ал қаналғандарға жаны ашып, қолдайтын ешкім де жоқ болды!

2. Сондықтан мен өлгендердің жағдайы әлі де өмір сүріп жатқандарға қарағанда жақсырақ екен деп түйдім.

3. Ал мүлдем өмір сүрмегеннің жағдайы екеуінікінен де артық екен, өйткені ол осы дүниеде жасалып жатқан зұлым істерді еш көрген емес.

4. Сонымен қатар мен мына жайтқа көз жеткіздім: пенденің еңбек етіп жетістікке жетуінің барлығы да адамдар арасында көре алмаушылықты тудырады. Бұл да жел соңынан қуғандай бекершілік екен.

5. «Ақымақ екі қолын қусырып, аштан өлер» дейді.

6. Ал тыныштықпен алынған бір уыс дән жел соңынан қуғандай ауыр еңбекпен табылған екі уыстан артық.

7. Мен қайтадан көз салып, осы өткінші дүниедегі тағы мынадай бекершілікті байқадым:

8. Кей адам жалғыз басты, не баласы, не ағайыны жоқ болса да, қолда барын қанағат етпей, байлығын молайту үшін тынбай ауыр еңбек ете береді. Ал кейін ол өзінен: «Мен кім үшін ауыр еңбек етіп, өмірдің қызығынан ада қаламын?» — деп сұрайды. Бұл да бекершілік әрі жанға бататын жайт.

9. «Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады.

10. Біреуі құласа, жолдасы сүйеп, тұрғызады. Алайда құлағанда сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын!

11. Сондай-ақ, егер екеу болып жатса, түнде тоңбайды. Ал жалғыз адам қалай жылынады?

12. Біреу жалғыз адамды жеңсе де, екі адам оған қарсы тұра алады. «Үш қабат жіп оңай үзілмес».

13. Қарт болғанмен ақылсыз, әрі берген кеңесті тыңдамайтын патшадан гөрі, кедей де болса ақылды жас артық.

14. Оның тіпті түрмеден шығып, патшалық билікке ие болуы да, немесе сол патшалықта кедейлікте туған болуы да мүмкін.

15. Осы дүниенің барлық адамдарының патшаның орнын басайын деп жатқан жастың соңынан ілесіп жүргендерін көрдім.

16. Оның билік жүргізген халқы сансыз көп болды. Бірақ та кейінгі ұрпақ оған да риза болмады. Әрине, бұл да жел соңынан қуғандай бекершілік екен.

17. Құдайдың киелі үйіне барғанда абайлап жүр! Жақындап, Құдайдың айтқандарын құлақ түріп тыңдай бер! Бұл өздерінің жамандық істеп жүргендерін ұқпайтын ақымақтардың құрбандық шалғандарынан әлдеқайда жақсы.

About Уағыздаушы Chapter 4

Read Уағыздаушы Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Уағыздаушы in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Уағыздаушы
Chapter: 4
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Уағыздаушы. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Уағыздаушы Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Уағыздаушы Chapter 4?

Уағыздаушы Chapter 4 is part of the Book of Уағыздаушы in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Уағыздаушы Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from уағыздаушы

  1. Уағыздаушы Chapter 12
  2. Уағыздаушы Chapter 6
  3. Уағыздаушы Chapter 7
  4. Уағыздаушы Chapter 2
  5. Уағыздаушы Chapter 1
  6. Уағыздаушы Chapter 9
  7. Уағыздаушы Chapter 11

Related Chapters & Readings

  1. Леуіліктер Chapter 1
  2. Руларды санау Chapter 30
  3. Руларды санау Chapter 24
  4. Еремия Chapter 33
  5. Жаратылыстың бастауы Chapter 41
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 21
  7. Ишая Chapter 23
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *