Read Таңдауы ән Chapter 4 Online
Read Таңдауы ән Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Таңдауы ән in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Таңдауы ән and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Таңдауы ән 4
Тарау 4
1. (Күйеу жігіт:) Неткен сұлу едің, сүйіктім менің! Қандай көріктісің, қымбаттым, өзің! Бет пердеңнің артындағы бота көзің Тартымды-ау көзіндей көгершіннің! Ғилақад тау беткейімен түсіп келген Ешкі отарындай шашың төгілген.
2. Тістерің отарындай саулықтардың, Жаңа қырқып, таза жуып шығарған, Кемістік табылмас араларынан, Бәрі де бір-біріне дәл қиысқан.
3. Ал қызыл жіп секілді еріндерің, Қандай сұлу еді ауызың сенің! Бет пердеңмен жабылған самайларың Қос бөлігі іспетті қызғылт анардың.
4. Мойның сенің сымбатты Дәуіт патшаның Сәулетті салынған мұнарасындай, соның Қабырғалары әсем әшекейленген Дәуіттің мың батырының қалқандарымен.
5. Лалагүлдер арасында жайылып жүрген Егіз елікке қос анарың ұқсас екен.
6. Таң атып, көлеңке қысқара түскенше, Мүр шайыры бар тауға көтерілейінші, Жұпар шайыр төбесінде жүрейінші!
7. Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің, Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің!
8. Ливан тауынан менімен бірге келгін, Амана шыңынан, қалыңдығым менің, Заңғар бастарынан Хермон, Сенірдің, Арыстан тыншып жатқан үңгірлерінен, Барыс білдіртпей жүрген төбелерінен.
9. Жүрегімді тартып алдың, қарындасым, Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым, Бір ғана асыл тасымен алқаңның!
10. Қандай тәтті сенің махаббатың, Уа, қымбаттым, сүйген қалыңдығым! Ол шараптан әлдеқайда артық екен, Хош иісің сенің артық дәмдеуіштен.
11. Қалыңдығым, балдай тәтті еріндерің, Бал мен сүттей тәтті асты тіліңнің! Хош иісі киімдеріңнің сенің Жұпарындай Ливандағы самырсынның.
12. Уа, қымбаттым, сен жабық бақшадайсың, Қалыңдығым, қоршалған бұлақтайсың, Мөрленіп бекітілген қайнардайсың.
13. Жемісі тәтті анар бақшасындай Өз өскіндерің, һәм нард пен қынадай.
14. Нард пен запыран, шайыр мен дәмқабықтың, Хош иісті таңдаулы ағаштардың, Мүр мен алоэдей дәмдеуіштердің Жұпары аңқып тұр бақшаңнан сенің.
15. Бау-бақшадағы қайнарға ұқсайсың, Ливан тауынан ағып жатқан судайсың.
16. Көтерілші, самал желім, солтүстіктен, Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен, Өзімнің бақшама соғып келсеңші, Жұпарларын оның тарата берсеңші! Сүйген жарым өз бақшасына келсін, Тәтті жемістерінен таңдап жесін!
About Таңдауы ән Chapter 4
Read Таңдауы ән Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Таңдауы ән in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Таңдауы ән
Chapter: 4
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Таңдауы ән. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Таңдауы ән Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Таңдауы ән Chapter 4?
Таңдауы ән Chapter 4 is part of the Book of Таңдауы ән in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Таңдауы ән Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from таңдауы-ән
- Таңдауы ән Chapter 8
- Таңдауы ән Chapter 5
- Таңдауы ән Chapter 1
- Таңдауы ән Chapter 3
- Таңдауы ән Chapter 7
- Таңдауы ән Chapter 2
- Таңдауы ән Chapter 6