Мысырдан шығу Chapter 6

For English

Read Мысырдан шығу Chapter 6 Online

Read Мысырдан шығу Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Мысырдан шығу 6

Тарау 6

1. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп білдірді: — Енді сен Менің перғауынға не істейтінімді көретін боласың. Мен оған қарсы құдіретті қолымды созған соң, ол халықты босататын болады. Ол құдіретті қолымның ықпалынан оларды елінен тіпті өзі қуып шығатын болады! —

2. Құдай Мұсаға тағы мынаны да айтты: — Мен Жаратқан Иемін.

3. Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын.

4. Өздері жат жұрттық болып тұрып жатқан Қанахан елін беруге олармен Келісім жасаған едім.

5. Енді мысырлықтар құлдықта ұстап жатқан исраилдіктердің күңіренген күрсінісі құлағыма жетіп, сол Келісімімді еске алдым.

6. Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын.

7. Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар.

8. Мен Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге қолымды көтеріп тұрып ант еткен елге сендерді бастап алып барамын. Сол жерді мұралық иеліктеріңе табыстаймын. Мен Жаратқан Иемін!»

9. Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады.

10. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:

11. — Барып, Мысыр патшасы перғауынға: «Еліңнен исраилдіктерді жібер!» де. —

12. Ал Мұса Жаратқан Иеге: — Менің айтқандарыма тіпті исраилдіктер құлақ салмағанда, перғауын қайдан құлақ салсын? Сөзге шорқақпын ғой, — деп жауап қайырды.

13. Алайда Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға қайтадан тіл қатып, оларды исраилдіктерге және Мысырдың патшасы перғауынға арнаған әмірлерін жеткізуге жіберді. Осылай Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға Исраил халқын Мысырдан алып шығуды тапсырды.

14. Исраилдің басты руларының басшылары мыналар: Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Бұлар Рубеннің үрім-бұтағы.

15. Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Охад, Яхин, Сохар, Саул. Саул қанахандық әйелден туған еді. Бұлар Шимонның үрім-бұтағы.

16. Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.

17. Герсонның үрім-бұтағы: Лібіни, Шимей және олардан тараған ұрпақтары.

18. Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Қахат жүз отыз үш жыл жасады.

19. Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы.

20. Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді. Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.

21. Ысқардың ұрпақтары: Қорах, Непек, Зіхри.

22. Ұзиелдің ұлдары: Мишайл, Елісапан, Сітри.

23. Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді.

24. Қорахтың ұрпақтары: Асир, Елқанах, Әбиясаф. Бұлар — Қорахтың үрім-бұтағы.

25. Һаронның ұлы Елазар Пұтиелдің қыздарының біреуіне үйленді. Одан Пінехес дүниеге келді. Бұлар — Леуінің тараған тармақтары бойынша берілген рубасылары.

26. Осы шежіреде аттары аталған Һарон мен Мұса — Жаратқан Иенің «Исраил халқын Мысырдан лек-легімен алып шығыңдар!» деген тапсырмасын алғандар.

27. Исраилдіктерді әлгі елден бастап алып шығу туралы бұйрықты Мысыр патшасы перғауынға жеткізгендер осы Мұса мен Һарон болатын.

28. Жаратқан Ие Мысырда Мұсаға тіл қатқан кезде

29. оған былай деп бұйырған еді: — Мен Жаратқан Иемін. Менің өзіңе айтқандарымның бәрін Мысыр патшасы перғауынға жеткіз! —

30. Ал Мұса Жаратқан Иеге: — Сөзге шорқақпын ғой, перғауын айтқандарыма қайдан құлақ салсын? — деген болатын.

About Мысырдан шығу Chapter 6

Read Мысырдан шығу Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Мысырдан шығу
Chapter: 6
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Мысырдан шығу Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Мысырдан шығу Chapter 6?

Мысырдан шығу Chapter 6 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 12
  5. Ешуа Chapter 3
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 7

Explore More from мысырдан шығу

  1. Мысырдан шығу Chapter 8
  2. Мысырдан шығу Chapter 4
  3. Мысырдан шығу Chapter 28
  4. Мысырдан шығу Chapter 10
  5. Мысырдан шығу Chapter 16
  6. Мысырдан шығу Chapter 1
  7. Мысырдан шығу Chapter 2

Related Chapters & Readings

  1. Філимонға Chapter 1
  2. Заңды қайталау Chapter 26
  3. Еврейлерге Chapter 8
  4. Софония Chapter 3
  5. Ишая Chapter 54
  6. Марқа Chapter 12
  7. Еврейлерге Chapter 11
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *