Мысырдан шығу Chapter 20

For English

Read Мысырдан шығу Chapter 20 Online

Read Мысырдан шығу Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Мысырдан шығу 20

Тарау 20

1. Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:

2. «Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.

3. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!

4. Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!

5. Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,

6. ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.

7. Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.

8. Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!

9. Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,

10. ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!

11. Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.

12. Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.

13. Кісі өлтірме!

14. Неке адалдығын бұзба!

15. Ұрлық жасама!

16. Ешкімді бекерге айыптама!

17. Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»

18. Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып,

19. Мұсадан: — Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді.

20. Мұса халыққа: — Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді.

21. Содан халық алыста қалып, ал Мұса Құдай тұрған қою қараңғылыққа қарай беттеді.

22. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: — Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Көктен сендерге тіл қатқанымды өздерің көріп-естідіңдер.

23. Алтын-күмістен тәңір бейнелерін жасап алып, Менімен қатар қоймаңдар!

24. Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын.

25. Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың.

26. Сондай-ақ жалаңаш тәнің көрінбес үшін құрбандық орныма баспалдақпен көтерілме.

About Мысырдан шығу Chapter 20

Read Мысырдан шығу Chapter 20 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Мысырдан шығу
Chapter: 20
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Мысырдан шығу Chapter 20 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Мысырдан шығу Chapter 20?

Мысырдан шығу Chapter 20 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 20 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from мысырдан шығу

  1. Мысырдан шығу Chapter 31
  2. Мысырдан шығу Chapter 26
  3. Мысырдан шығу Chapter 11
  4. Мысырдан шығу Chapter 3
  5. Мысырдан шығу Chapter 22
  6. Мысырдан шығу Chapter 8
  7. Мысырдан шығу Chapter 23

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 4-ж Chapter 10
  2. Езекиел Chapter 17
  3. Патшалықтар 1-ж Chapter 18
  4. Әйүп Chapter 31
  5. Елшілердің істері Chapter 20
  6. Забур жырлары Chapter 60
  7. Забур жырлары Chapter 75
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *