Мысырдан шығу Chapter 1

For English

Read Мысырдан шығу Chapter 1 Online

Read Мысырдан шығу Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Мысырдан шығу 1

Тарау 1

1. Исраил деп те аталған Жақып Мысыр жеріне ұлдарын өз үй іштерімен қоса көшіріп әкелген еді. Олар мыналар:

2. Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда,

3. Исашар, Забулон, Бунямин,

4. Дан, Нафталим, Ғад, Ашир.

5. Жақыптан тараған ұрпақтардың саны сол кезде жетпіс болатын. Ал ұлдарының бірі — Жүсіп Мысыр еліне бұрынырақ келген еді.

6. Уақыт жетіп, Жүсіп пен бауырлары және олардың тұсында өмір сүргендердің барлығы да бұ дүниеден өтті.

7. Ал Исраилдің үрім-бұтағы өсіп-өніп, сансыз көбейіп, күшейіп алғандары соншалық, жер солармен толып кетті.

8. Сол кезде Мысырда жаңа бір патша билік құрды. Ол (осы ел үшін зор жақсылық жасаған) Жүсіп туралы білмейтін.

9. Патша өз халқына: — Қараңдаршы, Исраилдің үрім-бұтағы тым көбейіп, күшейіп кетті.

10. Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан әрі көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер, — деп ойындағысын айтты.

11. Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес қалаларын салды.

12. Бірақ Исраил халқы неғұрлым көп қысым көрген сайын, соғұрлым өсіп-өніп, кеңінен жайыла түсті. Мысырлықтар олардан қатты қауіптеніп,

13. халықты аяусыз құлдыққа салды.

14. Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты.

15. Бұларға қоса Мысыр патшасы әйелдер босандырушы исраилдік Шипыра мен Пуаны шақырып алып, оларға:

16. — Исраилдік әйелдерді босандырған кезде нәрестенің жынысына назар аударыңдар: дүниеге ұл келсе, өлтіріңдер, ал қыз туса, тірі қалдырыңдар! — деп бұйырды.

17. Бірақ әйел босандырушылар Құдайды терең қастерлегендіктен Мысыр патшасының айтқанын орындамай, туған ер балаларды тірі қалдыра берді.

18. Мысыр патшасы мұны білгенде екеуін шақырып алып: — Сендер неге бұлай істеп жүрсіңдер? Неліктен ер балаларды өлтірмейсіңдер? — деп ұрысты.

19. Олар: — Исраилдік әйелдер мысырлықтарға ұқсамай, өте күшті болып жатыр: олар босандырушы келмей тұрып-ақ босанып қояды, — деген жауап қайтарды.

20. Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды.

22. Сонда перғауын өзінің бүкіл халқына: «Исраилдіктердің дүниеге келген әрбір ер баласын Ніл өзеніне лақтырып, ал қыздарын тірі қалдырыңдар!» — деген жарлық шығарды.

About Мысырдан шығу Chapter 1

Read Мысырдан шығу Chapter 1 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Мысырдан шығу
Chapter: 1
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Мысырдан шығу Chapter 1 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Мысырдан шығу Chapter 1?

Мысырдан шығу Chapter 1 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 1 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 4
  4. Ешуа Chapter 3
  5. Ешуа Chapter 12
  6. Ешуа Chapter 8
  7. Ешуа Chapter 6

Explore More from мысырдан шығу

  1. Мысырдан шығу Chapter 19
  2. Мысырдан шығу Chapter 30
  3. Мысырдан шығу Chapter 23
  4. Мысырдан шығу Chapter 32
  5. Мысырдан шығу Chapter 9
  6. Мысырдан шығу Chapter 31
  7. Мысырдан шығу Chapter 8

Related Chapters & Readings

  1. Патшалықтар 2-ж Chapter 20
  2. Патшалықтар 4-ж Chapter 11
  3. 1 Қорынттықтарга Chapter 2
  4. Жохан Chapter 10
  5. Марқа Chapter 8
  6. Матай Chapter 2
  7. Руларды санау Chapter 26
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *