Read 1 Тімотеге Chapter 4 Online
Read 1 Тімотеге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Тімотеге in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Тімотеге and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
1 Тімотеге 4
Тарау 4
1. Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады.
2. Осындай ілімдер ар-ұжданнан әбден безген, екі жүзді өтірікшілер арқылы тарайды.
3. Олар: «Үйленуге және белгілі бір тағам түрлерін жеуге болмайды!» — деп үйретеді. Алайда сол тағамдарды Құдай Өзіне сеніп, шындықты білетіндердің шүкірлік ете отырып жеулері үшін жаратты.
4. Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды.
5. Олар Құдайдың сөзін оқып, Оған сиынуымыз арқылы Оған бағышталып адал болады.
6. Осы нұсқауларды бауырластарға білдіріп, сеніміміз туралы сөздерден, ұстанған игілікті ілімнен нәр алсаң, онда Иса Мәсіхтің ізгі қызметшісі боласың.
7. Сол бір кексе әйелдердің бос аңыздарынан бойыңды аулақ ұстап, Құдайға ұнамды жүруге жаттыға бер.
8. Денені шынықтырудың біраз пайдасы бар, ал Құдайға ұнамды жүру барлық жағынан да пайдалы: Құдайдың уәдесі бойынша ол осы және болашақ өмірде де игілікті.
9. Бұл — дәл айтылған шынайы сөз; оны түгелдей қабылдау қажет.
10. Біз барлық адамдардың құтқарылуын қалайтын әрі Ізгі хабарға сенушілердің бәрін құтқаратын мәңгі тірі Құдайға сенімімізді арттық. Сол себептен жан сала еңбек етіп қорлыққа төзудеміз.
11. Осыларды нық уағыздап үйрет.
12. Ешкімнің де өзіңді жас деп менсінбей қарауына жол берме. Қайта, сенушілерге сөйлеген сөзің, мінез-құлқың, сүйіспеншілігің, сенімің және пәктігіңмен үлгі бол.
13. Мен барғанша Киелі жазбаларды оқып беріп, насихаттап сенімдерін нығайтып, тәлім берумен айналыса бер.
14. Қауым жетекшілері сенің үстіңе қолдарын қойып бата берген кезде Құдайдың Рухы білдірген хабарымен саған сыйлаған рухани дарынын елемей жүрме!
15. Осыларды орындап, өзіңді соған арна; бәрі де бұдан сенің алға басуыңды көре алсын.
16. Өзіңе де, үйретіп отырған іліміңе де мұқият ықылас аудар. Осыларды ұдайы атқара бер, сонда өзіңді және тыңдаушыларыңды күнәнің ықпалынан аман сақтайтын боласың.
About 1 Тімотеге Chapter 4
Read 1 Тімотеге Chapter 4 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Тімотеге in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 1 Тімотеге
Chapter: 4
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Тімотеге. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 1 Тімотеге Chapter 4 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 1 Тімотеге Chapter 4?
1 Тімотеге Chapter 4 is part of the Book of 1 Тімотеге in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 1 Тімотеге Chapter 4 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 1-тімотеге
- 1 Тімотеге Chapter 6
- 1 Тімотеге Chapter 2
- 1 Тімотеге Chapter 1
- 1 Тімотеге Chapter 3
- 1 Тімотеге Chapter 5
Explore More from Жаңа өсиет
- 1 Салониқалықтарга Chapter 5
- Марқа Chapter 9
- 1 Қорынттықтарга Chapter 7
- Аян Chapter 16
- Лұқа Chapter 24
- Марқа Chapter 10
- Еврейлерге Chapter 12