Read 2 Қорынттықтарга Chapter 6 Online
Read 2 Қорынттықтарга Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
2 Қорынттықтарга 6
Тарау 6
1. Құдаймен бірге еңбектенуші біз сендерден мынаны өтініп, ескертеміз: өздерің қабылдаған Құдайдың рақымы өмірлеріңде өнімсіз болмасын.
2. Себебі Ол мынадай сөздерді айтқан: Мен мейірім көрсететін кезімде саған құлақ салдым, халқымды құтқаратын күнім келгенде сені қамқорладым. Тыңдаңдар: Оның мейірім көрсететін кезі осы, құтқаратын күні, міне, бүгін!
3. Қызметіміз ұятқа қалмасын деп, жұрттың Ізгі хабарды қабылдауларында іс-әрекетімізбен ешкімге ешқандай кедергі жасамаймыз.
4. Қайта, барлық істе де Құдайдың қызметшілеріне лайық болуға ұмтылып, зор шыдамдылықпен азаптар, ауыртпалықтар және қиын-қыстау жағдайларды басымыздан өткіземіз.
5. Біз ұрып-соғылып, түрмеге қамалып, қуғындалғанда, сондай-ақ, ауыр еңбек етіп, ұйқысыз түндер мен аш күндерді бастан кешкенде
6. таза жүреміз. Түсінігіміз, төзімділігіміз және ақпейілділігімізбен бойымыздағы Киелі Рух арқылы адал сүйіспеншілік танытамыз;
7. шындықтың хабарын уағыздап, Құдайдың құдіретін көрсетеміз. Осылай Оның қызметшілері екенімізді паш етеміз. Екі қолымызда ұстанған «қаруымыз» — әділдік.
8. Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, бәрібір адалмыз.
9. Танымал болмасақ та, бізді таниды. Өлгендер деп санаса да, міне, тіріміз. Бізді жазаласа да, өлген жоқпыз.
10. Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
11. Қымбатты қорынттықтар, сендермен ашық сөйлестік, жүректеріміз де айқара ашық.
12. Өздеріңе деген пейіліміз кең болғанмен, сендер бізге жүректеріңнен аз-ақ орын бердіңдер.
13. Мен сендермен балаларымен сөйлескен әкедей сөйлесемін: енді өздерің де бізге пейілдеріңді кең жайсаңдаршы!
14. Сенбейтіндермен қоян-қолтық бірге жүріп, жаман ниеттеріне ортақтаспаңдар! Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ?
15. Мәсіх пен белияр (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар?
16. Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін? Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
17. Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын.
18. Мен сендерге Әке боламын, ал сендер рухани ұл-қыздарым боласыңдар дейді Әлемнің Билеушісі — Жаратқан Ие.
About 2 Қорынттықтарга Chapter 6
Read 2 Қорынттықтарга Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 2 Қорынттықтарга
Chapter: 6
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 2 Қорынттықтарга Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 2 Қорынттықтарга Chapter 6?
2 Қорынттықтарга Chapter 6 is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 2 Қорынттықтарга Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 2-қорынттықтарга
- 2 Қорынттықтарга Chapter 1
- 2 Қорынттықтарга Chapter 8
- 2 Қорынттықтарга Chapter 12
- 2 Қорынттықтарга Chapter 2
- 2 Қорынттықтарга Chapter 10
- 2 Қорынттықтарга Chapter 9
- 2 Қорынттықтарга Chapter 3
Explore More from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 15
- Філіпіліктерге Chapter 3
- Римдіктерге Chapter 5
- Лұқа Chapter 6
- Аян Chapter 3
- Матай Chapter 22
- Аян Chapter 1