Read 2 Қорынттықтарга Chapter 5 Online
Read 2 Қорынттықтарга Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 2 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
2 Қорынттықтарга 5
Тарау 5
1. Мынаны да білеміз: жер бетіндегі «шатырымыз», яғни тәніміз, күйрегенде, адам қолы емес, Құдайдың Өзі жасаған көктегі мәңгілік мекенімізге, яғни жаңа денеге, ие боламыз.
2. Қазірдің өзінде ыңқылдай күрсіне отырып, көктен келетін денелерімізді жамылатын кезді зарыға күтудеміз.
3. Себебі жаңа денені жамылғанда мекенсіз қалмаймыз.
4. Әлі де осы «шатырда» тұрып, ауыртпалық көргенде ыңқылдай күрсініп отырмыз. Алайда ажалдан жанымыз жалаңашталмай-ақ, көктен келген денемізді бірден жамылуды қалаймыз. Сонда өткінші тұрмысымыздың орнын мәңгілік өмір ауыстырады.
5. Бізді осы үшін де жаратқан Құдай Өзінің берген уәделерінің орындалуының кепілі болсын деп, Киелі Рухын сыйлады.
6. Сол себептен әрдайым жігерліміз. Әлі де қазіргі тәнімізде тұрғанда Иеміздің қасындағы мекенімізден алшақ екенімізді білеміз.
7. Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
8. Содан жігерлі болып, осы тәнімізді тастап, Иеміздің қасында орнығуды қалаймыз.
9. Сондықтан әлі де осы тәнімізде болайық немесе одан тыс (Иеміздің қасында) болайық, бәрібір бар ынтамен Оған ұнауға тырысамыз.
10. Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.
11. Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз.
12. Тағы да өзімізді алдарыңда мақтайтын ойымыз жоқ. Қайта, сендердің бізді мақтан тұта алуларыңның себебін айтып тұрмыз. Сонда сендер адамды ішкі дүниесіне емес, сырт көрінісіне ғана қарап мадақтайтын кісілерге жауап бере аласыңдар.
13. Біз «есімізден адасқан» болсақ, Құдайға бағышталғанымыз үшін солай болып көрінгені. Ал іс жүзінде есіміздің дұрыс екендігі сендерге тиімді.
14. Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.
15. Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
16. Ендеше ешкімге адам тұрғысынан қарамаймыз. Бұрын біз Мәсіхке солай қарағанмен, қазір олай етпейміз.
17. Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
18. Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады.
19. Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды.
20. Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз.
21. Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.
About 2 Қорынттықтарга Chapter 5
Read 2 Қорынттықтарга Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 2 Қорынттықтарга
Chapter: 5
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 2 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 2 Қорынттықтарга Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 2 Қорынттықтарга Chapter 5?
2 Қорынттықтарга Chapter 5 is part of the Book of 2 Қорынттықтарга in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 2 Қорынттықтарга Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 2-қорынттықтарга
- 2 Қорынттықтарга Chapter 1
- 2 Қорынттықтарга Chapter 8
- 2 Қорынттықтарга Chapter 2
- 2 Қорынттықтарга Chapter 12
- 2 Қорынттықтарга Chapter 6
- 2 Қорынттықтарга Chapter 10
- 2 Қорынттықтарга Chapter 9
Explore More from Жаңа өсиет
- 2 Қорынттықтарга Chapter 9
- Қолостықтарга Chapter 2
- Жохан Chapter 5
- Еврейлерге Chapter 6
- Марқа Chapter 14
- 2 Қорынттықтарга Chapter 6
- Жохан Chapter 16