Read 1 Қорынттықтарга Chapter 3 Online
Read 1 Қорынттықтарга Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
1 Қорынттықтарга 3
Тарау 3
1. Бауырластарым, осы себептен өздеріңе Киелі Рухқа мойынсұнушылар ретінде айта алмай, ескі күнәкар болмыстарына сүйенетіндер — Мәсіхтің сеніміндегі «сәбилер» ретінде айтуға мәжбүр болдым.
2. Сәбиді сүтпен қоректендіретіндей, сендерге Ізгі хабардың ең негізгі ілімдерін үйретуіме тура келді. Өйткені «қою тамақты» жей алмадыңдар, қазірдің өзінде де жей алмайсыңдар.
3. Себебі әлі де ескі күнәкар болмыстарыңа сүйенесіңдер: араларыңда қызғаныш пен таластың болуы сендердің ескі болмыстарыңа сүйеніп, өз еріктеріңмен жүретіндіктеріңнің дәлелі емес пе?
4. Біреуің: «мен Пауылдың адамымын», басқа біреуің: «ал мен Аполлостікімін», — дегенде, бұларың күнәкар дүниенің адамдарындай болғандарың ғой!
5. Аполлос негізінде кім? Пауыл да кім? Екеуіміз небәрі сендерді сенім жолына түсірген Құдайдың қызметшілеріміз, әрқайсымыздың Иеміз белгілеген міндетіміз бар.
6. Мен жүректеріңе сенімнің «тұқымын ектім», ал Аполлос көбірек тәлім беріп «суғарды». Бірақ оны өсірген біз емес, Құдай.
7. Сондықтан сенімдеріңді «еккен» де емес, «суғарған» да емес, оны өсіріп отырған Құдай мадақталсын!
8. Егуші мен суғарушы екеуіміздің мақсатымыз бірдей, әрқайсымыз да еткен еңбегімізге қарай Тәңір Иемізден лайықты сыйымызды алатын боламыз.
9. Сонымен біз Құдаймен бірге еңбектенушіміз, ал сендер Оның «егістігісіңдер». Сондай-ақ, сендер Құдайдың «құрылысысыңдар».
10. Оның рақыммен өзіме сыйлаған елшілік қызметім бойынша мен үйдің іргетасын салатын данышпан «шебер құрылысшы» іспетті, қауымның негізін қаладым. Ал қазір басқа біреулер соның үстіне қаластыруда. Бірақ әрқайсысы әрі қарай қалай салу керек екенін мұқият қарауы керек.
11. Себебі Құдай өз қауымының бірден-бір «негізі» ретінде Иса Мәсіхті белгілеп қойған, сондықтан ешқандай басқа негізді салуға болмайды.
12. Ал осы «негіздің» үстіне қауымды әрі қарай дамыту үшін адамдар алуан түрлі әдістер қолдануда: бұлар алтын, күміс, асыл тастар секілді төзімді немесе ағаш, шөп, сабан сияқты осал болулары мүмкін.
13. Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығаратын күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді.
14. Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады.
15. Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылса да, жаны оттан өткендей азар дегенде құтылады.
16. Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме?
17. «Өзінің киелі үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «киелі үйі» — Оның қасиетті меншігі. Ал осы «киелі үй» — сендерсіңдер!
18. Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреуің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып Мәсіхтің ілімін ұстансын; сонда ол Құдайдың даналығына ие бола алады!
19. Өйткені осы күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол — Құдай алдында ақымақтық. Киелі жазбада «Тәңір Ие данышпан делінгендерді қулықтарынан ұстап алады», — деп жазылған ғой.
20. Жаратқан Ие данышпан делінгендердің «ойларының бекерлігін біледі де!» — деп те жазылған.
21. Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
22. Пауыл, Аполлос немесе Петір болайық, сонымен қатар бүкіл дүние, өмір не өлім, қазіргі мен болашақ нәрселер түгелдей қауымның пайдасы үшін болуға тиісті.
23. Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.
About 1 Қорынттықтарга Chapter 3
Read 1 Қорынттықтарга Chapter 3 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: 1 Қорынттықтарга
Chapter: 3
Testament: New Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading 1 Қорынттықтарга Chapter 3 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is 1 Қорынттықтарга Chapter 3?
1 Қорынттықтарга Chapter 3 is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete 1 Қорынттықтарга Chapter 3 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from 1-қорынттықтарга
- 1 Қорынттықтарга Chapter 7
- 1 Қорынттықтарга Chapter 15
- 1 Қорынттықтарга Chapter 12
- 1 Қорынттықтарга Chapter 2
- 1 Қорынттықтарга Chapter 16
- 1 Қорынттықтарга Chapter 14
- 1 Қорынттықтарга Chapter 13
Explore More from Жаңа өсиет
- Жохан Chapter 4
- Еврейлерге Chapter 10
- Лұқа Chapter 15
- Елшілердің істері Chapter 11
- 1 Салониқалықтарга Chapter 2
- Еврейлерге Chapter 1
- 1 Салониқалықтарга Chapter 5