1 Қорынттықтарга Chapter 6

For English

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 6 Online

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

1 Қорынттықтарга 6

Тарау 6

1. Араларыңдағы кейбіреу бауырласымен бір даулы мәселе туралы келіспей қалғанда қалайша Құдай алдында ақталмағандардың сотына жүгінуге дәті барады? Неге мәселені Құдай халқының алдына қоймасқа?

2. Болашақта Құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма?

3. Біздердің періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер!

4. Бұлар жайлы дау-жанжал бола қалса, қауым үшін елеусіздердің төрелігіне қалай жүгінесіңдер?

5. Сендерді ұялту үшін осылай деймін. Араларыңда бауырластарына төрелік айтатын бірде-бір парасатты адамның болмағаны ма?

6. Қайта, бір бауырлас екіншісімен дауласып, тіпті сенбейтіндердің сотына жүгінеді екен.

7. Бір-біріңмен таласқандарыңның өзі масқара! Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске?

8. Керісінше, сендер әділетсіздік жасап, өз бауырластарыңды тонайсыңдар!

9. Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер,

10. ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!

11. Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.

12. Кейбіреулерің: «Не істесем де еріктімін», — дейсіңдер. Алайда бәрі бірдей тиімді емес. «Не істесем де еріктімін». Дегенмен өзімді құл ететін еш нәрсенің билігінде болмауым керек.

13. «Тамақ асқазан үшін, ал асқазан тамақ үшін жаратылған». Әлбетте! Құдай бір кезде екеуін де жоятын болады. Алайда адамның денесі нәпсі үшін емес, Иеміз үшін қызмет етуге тиіс, ал денеміздің қамын Иеміз ойлайды.

14. Құдай Иемізді өлімнен қайта тірілтті, Ол біздің денемізді де Өзінің құдіретімен тірілтіп алмақ.

15. Денелеріңнің Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері екенін білмейсіңдер ме? Мәсіхтің бір мүшесін қайсыбір жезөкшенің дене мүшесі етіп қоюға бола ма? Жоқ, мүлдем болмайды!

16. Әлде жезөкшемен жақындасқан кісінің онымен біртұтас болатынын білмейсіңдер ме? Себебі Тауратта «Екеуі біртұтас болады» делінген ғой.

17. Ал Иемізге қосылған кісі Оның Өзімен рухани біртұтас болады.

18. Азғындықтан аулақ болыңдар! «Барлық күнә адам денесінен тысқары», — дейсіңдер. Бірақ адам азғындық арқылы өз денесіне күнә жасайды.

19. Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер,

20. Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!

About 1 Қорынттықтарга Chapter 6

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 6 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 1 Қорынттықтарга
Chapter: 6
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 1 Қорынттықтарга Chapter 6 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 1 Қорынттықтарга Chapter 6?

1 Қорынттықтарга Chapter 6 is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 1 Қорынттықтарга Chapter 6 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 1-қорынттықтарга

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 7
  2. 1 Қорынттықтарга Chapter 15
  3. 1 Қорынттықтарга Chapter 14
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 12
  5. 1 Қорынттықтарга Chapter 4
  6. 1 Қорынттықтарга Chapter 3
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 2

Explore More from Жаңа өсиет

  1. 1 Петірдің Chapter 1
  2. 2 Қорынттықтарга Chapter 11
  3. Қолостықтарга Chapter 2
  4. Лұқа Chapter 12
  5. Жохан Chapter 14
  6. Аян Chapter 1
  7. Римдіктерге Chapter 12

Related Chapters & Readings

  1. Ишая Chapter 38
  2. Забур жырлары Chapter 25
  3. Ишая Chapter 62
  4. Патшалықтар 2-ж Chapter 22
  5. Езекиел Chapter 41
  6. Езра Chapter 9
  7. Жаратылыстың бастауы Chapter 29
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *