1 Қорынттықтарга Chapter 12

For English

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 12 Online

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of 1 Қорынттықтарга and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

1 Қорынттықтарга 12

Тарау 12

1. Енді рухани дарындарға тоқталайын, қымбатты бауырластар, сендердің бұларды дұрыс түсінбегендеріңді қаламаймын.

2. Өздерің білесіңдер: әлі де Құдайға мойынсұнбаған кездеріңде сендерді біреу жетелегендей, үндемейтін «тәңір» бейнелеріне құлшылық етудің әр түрлі жолдарымен азғырылдыңдар.

3. Сондықтан сендерге айтамын: Құдайдың Рухына кенелген ешбір адам «Исаны қарғыс атсын» дей алмайды, әрі Киелі Рухтың жетелеуінсіз ешкім де «Иса — Жаратқан Ие» деп шын жүректен мойындай алмайды.

4. Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ.

5. Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу.

6. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу.

7. Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді.

8. Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі.

9. Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса, сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын береді.

10. Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды.

11. Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.

12. Көптеген мүшелері болса да адамның денесі біреу, әрі мүшелері қаншама көп болғанмен тұтас бір денені құрайды: Мәсіхтің рухани денесімен де дәл солай.

13. Себебі яһуди не басқа ұлттың адамы, құл немесе ерікті болайық, бәріміз бір Киелі Рух арқылы біртұтас рухани денеге енгізілдік. Барлығымыз да сол бір Киелі Рухқа кенелдік.

14. Дене бір ғана емес, көп мүшелерден тұрады.

15. Егер аяқ: «мен қол еместіктен денеге жатпаймын» десе, ол бәрібір оған жатпай ма?

16. Әлде құлақ: «мен көз еместіктен дененің мүшесі емеспін» десе, ол бәрібір сондай емес пе?

17. Егер бүкіл дене көз болса, онда ол қалай ести алар еді? Яки бүкіл дене есту сезімінен тұрса, қалай иіс сезе алар еді?

18. Іс жүзінде Құдай дене мүшелерінің әрқайсысын Өзінің қалауы бойынша орналастырған.

19. Барлығы бір-ақ мүше болса, дене болмас еді.

20. Шынында көп мүшелері бар, бірақ дене біреу.

21. Сондықтан көз қолға: «Маған керегің жоқ» дей алмайды; бастың да аяққа: «Маған қажетсізсің» деуі мүмкін емес.

22. Керісінше, дененің әлсіздеу болып көрінетін мүшелері өте қажет.

23. Азырақ құрметті деп санаған мүшелерімізді көбірек қамқорлап,

24. көріксіз мүшелерімізді ерекше назармен жауып қоямыз. Ал көріктілеріне соның қажеті де жоқ. Осылай Құдай денені құрметі аздау мүшелерін көбірек қамқорлайтындай етіп құрастырды.

25. Ондағы мақсаты: денеде жікке бөліну болмай, бүкіл мүшелері өзара бірдей қамқорлық көрсетсін дегені.

26. Сондықтан бір мүше ауырса, бәрі бірге ауырады, бір мүше дәріптелсе, соған барлығы да қуанады.

27. Сонымен сендер бірігіп Мәсіхтің рухани денесі, ал жеке дара оның бір мүшесісіңдер.

28. Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады.

29. Бәрі бірдей елші, Құдайдың хабарын жеткізуші, тәлім беруші немесе керемет істер жасаушы ма?

30. Барлығының ауруларды сауықтыратын дарыны бар ма? Бәрі де бөтен тілдерде сөйлеп, немесе айтылғандарды түсіндіріп жүр ме? Жоқ.

31. Ал сендер бәрің де ең пайдалы дарындарға ие болуға ұмтылыңдар! Енді мен барлығынан да асып түсетін жолды көрсетемін:

About 1 Қорынттықтарга Chapter 12

Read 1 Қорынттықтарга Chapter 12 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: 1 Қорынттықтарга
Chapter: 12
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading 1 Қорынттықтарга. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading 1 Қорынттықтарга Chapter 12 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is 1 Қорынттықтарга Chapter 12?

1 Қорынттықтарга Chapter 12 is part of the Book of 1 Қорынттықтарга in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete 1 Қорынттықтарга Chapter 12 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from 1-қорынттықтарга

  1. 1 Қорынттықтарга Chapter 7
  2. 1 Қорынттықтарга Chapter 13
  3. 1 Қорынттықтарга Chapter 16
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 6
  5. 1 Қорынттықтарга Chapter 3
  6. 1 Қорынттықтарга Chapter 15
  7. 1 Қорынттықтарга Chapter 4

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Матай Chapter 21
  2. Елшілердің істері Chapter 28
  3. Матай Chapter 23
  4. 1 Қорынттықтарга Chapter 11
  5. 1 Қорынттықтарга Chapter 6
  6. Қолостықтарга Chapter 2
  7. Матай Chapter 18

Related Chapters & Readings

  1. Әйүп Chapter 26
  2. Мысырдан шығу Chapter 23
  3. Езра Chapter 6
  4. Шежірелер 2-ж Chapter 25
  5. Леуіліктер Chapter 23
  6. Шежірелер 2-ж Chapter 33
  7. Шежірелер 1-ж Chapter 14
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *