Ошия Chapter 2

For English

Read Ошия Chapter 2 Online

Read Ошия Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ошия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Ошия and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Ошия 2

Тарау 2

1. Сол кезде аға-інілеріңді «Өз-халқым», апа-қарындастарыңды «Рақым-көрген» деп атайсыңдар.

2. «Шешелеріңнің кінәсін әшкерелеп, оған ескертіңдер! Себебі ол енді Менің әйелім емес, Мен де оның күйеуі емеспін. Ол жеңіл жүрістінің бояуын бетінен сүртіп тастап, кеуделерін ашық көрсететін киімдерін шешіп, әдепті киінсін.

3. Әйтпесе Мен оны анадан жаңа туғандай етіп шешіндіремін де, иен даладай, қураған жердей қылып, шөлден қаталатып өлтіремін.

4. Оның жеңіл жүрістен туған балаларына да рақым көрсетпеймін.

5. Өйткені оларды туған шешелері неке адалдығын бұзып өте ұят қылық жасады. Ол: «Наным мен суымды, жүнім мен зығырымды, зәйтүн майым мен сусынымды беретін — өзімнің ашыналарым. Солардың соңынан жүрейінші!» дейтін еді.

6. Сондықтан Мен оның жүретін соқпақтарын тікенді бұталармен жауып бөгеймін. Жүретін жол таба алмасын деп оған қарсы дуал да тұрғызамын.

7. Ол ашыналарының соңына түсіп қуса да, жете алмайды, оларды іздесе де, таба алмайды. Сонда ол: «Мен бұрынғы Күйеуіме қайта оралайын. Сол кезде маған қазіргіден жақсы болған еді ғой!» деп ұйғарады.

8. Ал оған бидай, жүзім шырыны мен зәйтүн майын беріп, мол саф алтын мен күмісті жаудырған Мен екенімді мойындамады. Қайта, өзі соларды жалған тәңір Бағалға сый-тарту етті.

9. Сол себепті Мен мерзімінде пісетін өнімім мен мезгілінде дайын болатын жүзім шырынымды, әрі оның жалаңаш тәнін жабатын жүнім мен зығырымды сол опасыздан алып қоямын.

10. Сонда оны ашыналарының дәл көз алдында жалаңаштап абыройын төгемін, Менің қолымнан оны ешкім құтқарып ала алмайды.

11. Осылайша халықтың сауық-сайрандарын, жылдық мейрамдарын, айдың бірінші күнгі мейрамдарын және демалыс күндерін, яғни оның жиналып бас қосатын барлық мерекелерін доғарамын.

12. Халықтың: «Мынау менің ашыналарым берген сыйлықтар» дейтін жүзім бұталары мен інжір ағаштарын құртып, қалың тоғайға айналдырамын. Сонда жабайы аңдар олардың жемістерін жеп қояды.

13. Оның Бағалдың мүсіндеріне арнап хош иісті зат түтеткен, сырғалары мен алқаларын тағып жасанып, ашыналарына ерген, ал Өзімді ұмытқан күндеріне бола енді осы халыққа назар аударып, оны жазалаймын». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.

14. «Ал енді Мен оны еліктіріп, айдалаға алып шығып, жүрегіне жылы сөз айтамын.

15. Мен оған жүзімдіктерін қайтарып беремін. «Ахор (яғни Пәле) аңғары» ол үшін «Үмітке апаратын қақпа» іспетті болады. Сол жерде ол жастық шағындағыдай, Мысырдан шыққан кезіндегідей, ән-жыр шырқайтын болады».

16. Жаратқан Ие тағы былай дейді: «Сол күні сен Мені «Бағалым менің» деп емес, «Күйеуім менің» деп атайтын боласың.

17. Мен Бағал есімді жалған тәңірлердің аттарын халықтың аузынан алып тастап, олар соларды енді қайтып естеріне алмайтын болады.

18. Сол күні Мен даладағы жабайы аңдармен, әуедегі құстармен және жерде жорғалайтын хайуандармен халқыма нұқсан келтірмеулері жайлы келісім жасаймын. Мен соғыс, садақ, семсер атаулыны елден аластатып, жоқ қыламын. Сонда халқым ұйқыға алаңсыз жататын болады.

19. (Уа, халқым,) Мен сені Өзіме мәңгілікке атастырамын. Мен әділдік пен әділет, берік сүйіспеншілік пен рақымдылық танытып, сені Өзіме айттырамын.

20. Иә, сені Өзіме сенімділікпен әйелім етемін. Сонда сен Мені, Жаратқан Иені, мойындайтын боласың.

21. Сол күні Мен мінажаттарыңа жауап беремін, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Мен аспанға жауап беремін (де, бұлттар жіберемін), әрі аспан жерге жауап береді (де, жаңбыр жаудырады).

22. Жер бидай, жүзім бұтасы және зәйтүн ағаштарына жауап береді де, шөлдерін қандырады, ал олар «Ізрел!» («Құдай сеуіп отырғызады») деп жауап береді.

23. Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!»

About Ошия Chapter 2

Read Ошия Chapter 2 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Ошия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Ошия
Chapter: 2
Testament: Old Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Ошия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Ошия Chapter 2 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Ошия Chapter 2?

Ошия Chapter 2 is part of the Book of Ошия in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Ошия Chapter 2 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from Ескі өсиет

  1. Ешуа Chapter 2
  2. Ешуа Chapter 1
  3. Ешуа Chapter 12
  4. Ешуа Chapter 4
  5. Ешуа Chapter 8
  6. Ешуа Chapter 7
  7. Ешуа Chapter 3

Explore More from ошия

  1. Ошия Chapter 7
  2. Ошия Chapter 11
  3. Ошия Chapter 12
  4. Ошия Chapter 3
  5. Ошия Chapter 10
  6. Ошия Chapter 4
  7. Ошия Chapter 5

Related Chapters & Readings

  1. Лұқа Chapter 21
  2. Забур жырлары Chapter 140
  3. Жаратылыстың бастауы Chapter 47
  4. Нақыл сөздер Chapter 26
  5. Патшалықтар 3-ж Chapter 20
  6. Забур жырлары Chapter 55
  7. Еремия Chapter 25
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *