Read Еремия Chapter 15 Online
Read Еремия Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Еремия and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Еремия 15
Тарау 15
1. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: — Тіпті Мұса мен Самуил осында Менің алдымда тұрып, олар үшін өтініш жасаса да, бәрібір бұл халыққа жаным ашымас еді. Халықты Менің көз алдымнан қуып жіберіңдер, кетсін!
2. Ал егер: «Қайда баруымыз керек?» деп сұраса, сен оларға былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Әркім өзіне бұйырылғанына барсын: індеттен өлуге бұйырылғаны індетке, семсерге бұйырылғаны семсерге, аштыққа бұйырылғаны аштыққа, жер аударылуға бұйырылғаны жер аударылуға кетсін!
3. Мен оларды төрт түрлі өліммен жазалаймын: өлтіру үшін семсер, жұлмалап боршалау үшін иттер, жалмап жоқ қылу үшін аспанның жыртқыш құстарын және жердің аңдарын жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын.
4. Яһуданың патшасы Езекиях ұлы Манасаның Иерусалимде істеген зұлым істері үшін Мен оларды жер бетіндегі барлық патшалықтардың алдында қорқынышты көрініс етемін.
5. «Сонда сені кім мүсіркейді, ей, Иерусалим? Қайғыңа кім ортақ болады? Халіңді сұрап саған кіріп-шығатын біреу бола ма?
6. Сен өзің Мені менсінбей, бас тарттың, — дейді Жаратқан Ие. — Менен кері бұрылып кете бересіңдер. Сол үшін Мен саған қарай қолымды созып көзіңді құртамын. Енді саған рақым көрсете алмаймын».
7. Мен халқымды оның қала қақпаларындағы қырмандарында бидайды желпуші диқандай күрекпен желге ұшырамын. Халқым теріс жолдарынан кері қайтпағандықтан, оны ұл-қыздарынан айырып, қырып-жоямын.
8. Олардың жесірлері Менің көз алдымда теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарынан да көп болады. Тал түсте кенеттен халықтың жас жігіттерінің шешелеріне қырып-жоюшы жауды жіберіп, бойларын қорқыныш пен үрейге билетемін.
9. Сонда жеті баланың анасы әлсіреп, соңғы демін шығарады. Оның күні күндізгі уақытта-ақ батып кетеді. Ол балаларынан айырылып, масқара болды. Ал халықтың тірі қалғандарын жауларының семсерімен өлтіртемін, — деп ескертеді Жаратқан Ие.
10. — Қайран шешем-ай, неге маған жарық көрсеттің? Бүкіл елмен айтысып-таласып жүрген адаммын ғой! Ешкімнен аласым, ешкімге бересім жоқ, әйтсе де бәрі мені жек көріп қарғайды, — дедім.
11. Жаратқан Ие жауап беріп былай деді: — Мен сені ізгі ниетпен нығайтамын. Елдің басына апат пен ауыртпалық түскен кезде тіпті дұшпандарыңа да сенен көмек сұратып жалындырамын.
12. Адам жай қолымен-ақ темірді, тіпті солтүстіктен келтірілген темірді немесе қоланы сындыра ала ма?
13. Уа, халқым, Мен сенің қазына-дәулетіңді жауға тегіннен-тегін олжа етіп бере саламын. Себебі сен бүкіл елің бойынша күнә жасай бердің.
14. Өзің бұрын танып білмеген елден жауыңды алып келемін. Өйткені қаһарымнан от тұтанып, ол сендерге қарсы лаулап жатыр.
15. — Уа, Жаратқан Ие, Сен бәрін де білесің! Мені есіңде ұстап, назарыңнан тыс қалдырмашы. Қудалаушыларыма лайықты жазаларын тартқыза гөр! Сен аса шыдамдысың, опат болуыма жол бере көрме! Осы масқараға Өзіңе бола төзіп жүргенімді жақсы білесің ғой.
16. Сөздерің маған жеткен кезде, олардан рухани нәр алып жан дүниеме азық еттім. Сенің сөздерің маған қуаныш әкеліп, жүрегім ләззат тапты. Себебі мен Сенің есіміңмен аталғанмын, уа, Әлемнің Әміршісі Құдай Ие.
17. Әжуалаушы адамдармен бірге отырып, сауық-сайран құрған емеспін. Қайта, Сен маған қолыңды қойып тағайындап, ерекше тапсырма бердің. Содан мен жалғыз отырып, (олардың күнәларына бола) ашу-ызаға кенелдім.
18. Көретін азабым неліктен басылмайды? Маған түскен жара еш жазылмай ауыра береді. Сен мен үшін кенет пайда болып, кейін тартылып қалатын тұрақсыз бұлақ сияқты боласың ба? — дедім.
19. Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты: — Егер айтқандарыңа өкініп, Маған қайтып келсең ғана, сені Өзіме қызметшім етіп қайтадан қабылдаймын. Пайдасыз емес, асыл сөз сөйлесең ғана, Менің хабаршым боласың. Сен халыққа емес, халық саған бет бұрсын!
20. Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін.
21. Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын.
About Еремия Chapter 15
Read Еремия Chapter 15 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Еремия in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Еремия
Chapter: 15
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Еремия. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Еремия Chapter 15 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Еремия Chapter 15?
Еремия Chapter 15 is part of the Book of Еремия in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Еремия Chapter 15 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from еремия
- Еремия Chapter 16
- Еремия Chapter 15
- Еремия Chapter 35
- Еремия Chapter 32
- Еремия Chapter 30
- Еремия Chapter 8
- Еремия Chapter 1
Explore More from Ескі өсиет
- Патшалықтар 4-ж Chapter 18
- Забур жырлары Chapter 62
- Нақыл сөздер Chapter 21
- Ишая Chapter 53
- Әйүп Chapter 13
- Забур жырлары Chapter 42
- Леуіліктер Chapter 9