Read Мысырдан шығу Chapter 11 Online
Read Мысырдан шығу Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Мысырдан шығу and the Holy Bible online.
Choose a Chapter
Мысырдан шығу 11
Тарау 11
1. Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: — Мен перғауынды және Мысыр елін тағы бір апатқа душар етемін. Одан соң ол бұл жерден кетулеріңе рұқсат беріп қана қоймай, тіпті біріңді қалдырмай елінен шығуға мәжбүрлейтін болады.
2. Исраилдіктерге былай де: «Сол кезде барлық еркектерің мен әйелдерің (мысырлық) көршілерінен күміс, алтын бұйымдар сұрап алсын».
3. Осы уақыт жеткенде Жаратқан Ие мысырлықтарды Исраилдің үрім-бұтағына игі ниетпен қаратты. Мұсаның абыройы да Мысыр жерінде перғауынның нөкерлері мен халықтың алдында зор болды.
4. (Перғауынның қасынан кетпей тұрып) Мұса оған тағы былай деген болатын: — Жаратқан Ие мынаны айтады: «Түн ортасында Мен Мысырды аралап өтемін.
5. Сонда Мысыр жеріндегі әрбір тұңғыш бала, тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, қол диірменді айналдырып отырған күңнің тұңғышына дейін, сондай-ақ мал атаулының алғашқы төлдері де өлетін болады.
6. Бүкіл Мысыр елі бұған дейін болмаған, енді қайтып болмайтын зар еңіреген жоқтауға толады.
7. Ал исраилдіктерге келсек, олардың адамдары түгіл, малдарына қарсы иттер де үрмейтін болады. Содан сендер Жаратқан Иенің Исраил мен Мысыр халықтарына қалай түрліше қарайтынын білетін боласыңдар».
8. Сол кезде мына тұрған нөкерлеріңіздің бәрі алдыма келіп, бастарын иіп былай деп жалынбақ: «Өзіңіз және басқарып жүрген халқыңыз елімізден шыға көріңіздер!» Мен содан кейін шығатын боламын. Ашуланған Мұса осыны айтып, перғауынның қасынан шығып кетті.
9. Жаратқан Ие Мұсаға бұрын мынаны да айтып қойған болатын: — Менің Мысыр елінде көптеген кереметтер жасауым (әрі Өзімнің кім екенімді білдіруім) үшін перғауын айтқандарыңа құлақ аспайтын болады.
10. Мұса мен Һарон перғауынның алдында осы кереметтерді көрсетті. Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын елінен жібермей қойды.
About Мысырдан шығу Chapter 11
Read Мысырдан шығу Chapter 11 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Мысырдан шығу in the Old Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.
Book Information
Book: Мысырдан шығу
Chapter: 11
Testament: Old Testament
How to Read this Chapter
Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Мысырдан шығу. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.
More Resources
Continue Reading the Bible
Continue reading Мысырдан шығу Chapter 11 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.
Frequently Asked Questions
What is Мысырдан шығу Chapter 11?
Мысырдан шығу Chapter 11 is part of the Book of Мысырдан шығу in the Holy Bible.
Can I read this chapter online?
Yes. You can read the complete Мысырдан шығу Chapter 11 online for free with easy chapter navigation.
More Chapters from Ескі өсиет
Explore More from мысырдан шығу
- Мысырдан шығу Chapter 19
- Мысырдан шығу Chapter 38
- Мысырдан шығу Chapter 1
- Мысырдан шығу Chapter 21
- Мысырдан шығу Chapter 39
- Мысырдан шығу Chapter 10
- Мысырдан шығу Chapter 16