Аян Chapter 5

For English

Read Аян Chapter 5 Online

Read Аян Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Browse every verse with easy chapter navigation, continue to the next chapter, or explore the complete Book of Аян and the Holy Bible online.

Choose a Chapter

Аян 5

Тарау 5

1. Содан кейін тақ үстінде Отырғанның оң қолынан бір шиыршық кітапты көрдім. Шиыршық кітаптың екі жағына да жазу жазылып, ол жеті мөрмен бекітілген болатын.

2. Сол кезде бір құдіретті періштені де көрдім. Ол қатты дауыспен: «Кім мөрлерді бұзып, кітапты ашуға лайық?» — деп жариялады.

3. Алайда көктен де, жерден де, жер астынан да кітапты ашып, оның ішіне қарау билігі бар ешкім табылмады.

4. Кітапты ашып, оның ішіне қарауға лайықты ешкімнің табылмағандығына қатты қайғырып жыладым.

5. Сонда ақсақалдардың біреуі маған: — Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.

6. Мен қарасам, тақтың ортасында, айнала тұрған төрт нөкер мен ақсақалдар қоршаған «Тоқтыны» көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай болып көрінді. Оның жеті мүйізі мен жеті көзі бар екен, бұлар бүкіл әлемге жіберілген Құдайдың жеті Рухын білдіреді.

7. Тоқты барып, тақта Отырғанның оң қолынан кітапты қабылдады.

8. Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді.

9. Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді: — Сен лайықсың кітапты қолыңа алуға Және мөрлерін бұзып, оны ашуға! Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың,

10. Әрі Құдайымызға арнап соларды Жасадың діни қызметкерлер патшалығы; Олар жер бетін билейтін болады.

11. Мен тағы да қарап, тақты, төрт нөкерді және ақсақалдарды қоршап тұрған мыңдаған, миллиондаған періштелерді көріп, үндерін естідім.

12. Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді: «Құрбандыққа шалынған Тоқты Билік пен байлықты, Даналық пен құдіретті, Құрмет, ұлылық пен дәріпті Қабылдауға әбден лайықты!»

13. Көк пен жердегі, жер асты мен теңіздегі, яғни бүкіл әлемдегі, әрбір тіршілік иесінің былай деп ән салған даусын естідім: «Тақта Отырған және Тоқты Дәріптелу мен құрметке, Ұлылық пен құдіретке Мәңгі бақи лайықты!»

14. Төрт нөкер: «Аумин», — деп жауап берді. Ал жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, (мәңгі тірі Жаратқан Ие мен Тоқтыға) тағзым етті.

About Аян Chapter 5

Read Аян Chapter 5 online from the Holy Bible. This chapter is part of the Book of Аян in the New Testament. Continue reading with the chapter navigation above or explore the complete book.

Book Information

Book: Аян
Chapter: 5
Testament: New Testament

How to Read this Chapter

Use the Previous and Next Chapter buttons to continue reading Аян. You can also adjust the font size for comfortable reading and browse other books of the Bible using the navigation links.

https://www.youtube.com/watch?v=rzsT_Q3KLzE

More Resources

Continue Reading the Bible

Continue reading Аян Chapter 5 and explore every book, chapter and verse of the Holy Bible. Use the navigation links above and below to move through the Scriptures with ease.

Frequently Asked Questions

What is Аян Chapter 5?

Аян Chapter 5 is part of the Book of Аян in the Holy Bible.

Can I read this chapter online?

Yes. You can read the complete Аян Chapter 5 online for free with easy chapter navigation.

More Chapters from аян

  1. Аян Chapter 1
  2. Аян Chapter 4
  3. Аян Chapter 11
  4. Аян Chapter 6
  5. Аян Chapter 2
  6. Аян Chapter 12
  7. Аян Chapter 9

Explore More from Жаңа өсиет

  1. Еврейлерге Chapter 4
  2. Аян Chapter 2
  3. Марқа Chapter 13
  4. 1 Петірдің Chapter 2
  5. Матай Chapter 2
  6. Елшілердің істері Chapter 3
  7. Лұқа Chapter 23

Related Chapters & Readings

  1. Руларды санау Chapter 11
  2. Матай Chapter 3
  3. Әйүп Chapter 30
  4. Заңды қайталау Chapter 9
  5. Әйүп Chapter 9
  6. Еремия Chapter 22
  7. Әйүп Chapter 41
Share Your Love

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *